Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5692 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 12:58

ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІК “30 ЕЛ ҚАТАРЫНА” ЕНДІ

Электрондық үкіметті дамыту рейтингі бойынша еліміз үздік атанды деп хабарлайды Baq.kz жаңалықтары 24.kz  арнасына сілтеме жасап.

БҰҰ жүргізген сараптама нәтижесінде Қазақстан 193 елдің ішінде 28 орынға жайғасқан. Өткен жылдармен салыстырғанда 10 позицияға көтеріліпті. Бүгінде электронды үкімет арқылы елімізде 570 қызмет түрі көрсетіледі. Егер өткен жылы портал арқылы 38 млн. қызмет көрсетілген болса, ағымдағы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 23 млн-ға жуықтады. Күн сайын үкімет порталына орташа есеппен 43 мың қолданушы кіреді. Яғни үйде немесе қызмет орынында отырып-ақ, түрлі анықтамалар мен құжаттарды аз ғана уақыт ішінде ала аласыз. Бұдан бөлек, биылдан бастап кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімдері ашылды. Орталық мамандары келушілерге порталмен қолдану әдістерін егжей-тегжейлі үйретеді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052