Жұма, 26 Сәуір 2024
Абай.tv 5160 0 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 09:29

ЖАҒА ҰСТАТАР ЖАҒДАЙ. Мәйіт жанында суға шомылған

Мәйіт жанында суға шомылған! Астана іргесіндегі Қоянды аулында 10 жасар қыз суға кетіп өлді. Оқиға куәгерлері көмекке ұмтылғанымен, жеткіншектің тек өлі денесін жағаға шығара алған. Ал бұл кезде басқалары баланың мәйітін тастай салып, алаңсыз суға шомыла беріпті. Бұл туралы "КТК", "31" арналары хабарлады. 

Бұл кісі шошырлық көріністерді сол маңда жүргендер түсірген. Марқұм қыздың денесін демалушылар матаға орап, топырақ үстіне тастай салыпты. Адамдар бала-шағасымен мәйіттің жанында мәз-мәйрам боп суға шомылып жатыр. Не жағажай әкімшілігі, не үлкендер жағы бас болып денені таса жерге апаруды да ойланбаған. Қайта қызықтап ұялы телефонға түсіріп жүр. Ал куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің мәйітін  алып кетуге жедел жәрдем 1 сағаттан соң бір-ақ, жеткен. Негізі марқұм жеткіншек, жағажайға әкесімен келіпті. Кейін ол баласын жалғыз қалдырып кетіп қалған. Оралғанында, қызының өлі денесін ғана құшақтап қалды.

 

Abai.kz

0 пікір