Сәрсенбі, 26 Сәуір 2017
18 Қазан, 2016 сағат 13:20 Өз сөзім... 715 0 пікір

ҚАЖЫЛЫҚ САПАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Мұсылманның бес парызының бірі қажылық сапарды бұдан былай мемлекет қадағалап отыруы мүмкін. Кешелі бері бірқатар БАҚ бетінде, соның ішінде 31-арнада осы жайт әңгіме болып жатыр. 

 "Терроризм мен экстремизм туралы" заңға осындай өзгертулер енгізу ұсынылып отыр. Өйткені, 5-ші парызды өтеуге барып, артынан теріс ағымдардың жетегіне еріп кету жағдайлары көп екен. Жаңа заңды талқылау және дінтанушылардың соңғы терактілерден кейінгі тұжырымдары сарапшыларды осындай байламға келтіріп отыр дейді аталған арнаның тілшісі. Қажылық сапар туралы мамандар былай десіп ажтыр:  

ҒАЛЫМ ШОЙКИН, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істери комитетінің төрағасы:

- Біздің азаматтарымыз қажылыққа барғанда, умраға барғанда әртүрлі діни ағымдардың арбауына түсіп жатады. Сондықтан заңдарымызда бұл тетікті де біз белгілеуіміз қажет. Бұл діни рәсім ретінде болған соң, ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан ұйымдастырылуы қажет деп санаймыз.

Осылайша, сырттағы ағымдардың ықпалын азайту көзделген. Алайда, ең алдымен ел ішіндегі ахуалды реттеу маңызды болып отыр. Осы орайда айдың басында бас прокурор бастаған ағарту тобы Ақтөбеге арнайы барып, лаңкестіктің түп себебін анықтауға кіріскен. Тероризм жасады деп айыпталып, түрмеде отырғандармен тілдескен теологтар, бастапқы тұжырымдарымен бөлісті деп хабарлайды 31-арна тілшісі.

 ҚУАТ РАЕВ, Бас мүфтидің кеңесшісі:

- Шындығын айтқанда лаңкестік жасағандардың 70-80 пайызы райынан қайтып, шынайы өкініп, жылап отыр. Өздерінің адасқандығын біліп отыр. Өйткені көбінің білімі, тарихтан сауаты кем. Сұрай келгенде, қайсыбірі Абылай ханның, Шоқан Уәлихановтың, жалпы қазақтың көрнекі ғалымдары мен батырларының кімдер екендігін білмейтін болып шықты.

Бір айта кетерлігі, жаздағы лаңкестікке қатысқандардың дені сол күнге дейін теріс ағымда жүргендер екен. Яғни, бұл  әп-сәтте радикалдық әрекетке баруға шешім қабылдады деген сөз. Осыны ескерген дінтанушылар, қаладағы өзге жамағатпен де жұмыс жүргізген. Алайда, арнайы ағарту тобы келді дегенді естіген дәстүрлі емес ағымдағылар мешіттерге келуді сиретіпті. Оның үстіне, қоғамның өзі оларды оқшаулап, тәрбиелеуге итермелеп жатқан көрінеді.

АЛТЫНБЕК ҰТЫСХАНҰЛЫ, ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі:

- Тіпті ол жат ағымда жүрген отбасының көрші-қолаңдарының өзі олардан үркіп, "қай күні жарып жібереді екен" деп, "қай күні зиян келтіреді екен" деген үрейде болғаннан кейін ол адамның өзіне күнделікті ауыр тиеді. Сондықтан осы ойдан қайтуды қойып, "тіпті намазды оқымаймыз" деп жатқан жат ағымдар да бар.

Бұл - 1 аймақтағы ғана жағдай. Ағарту тобы, терроризм мен экстремизм үшін сотталғандардың дені орыс тілінде сөйлейтін азаматтар дейді. Яғни, уағыздарын интернет арқылы тыңдайтындар. Сондықтан, қажет жағдайда орыс тілінде де уағыз айтуды жолға қою ұсынылып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық

Олар қалай байыды?

Руслан Ахмағанбетов 2331
«Соқыр» Фемида

Сағадиевтің сөзі  құрғақ уәде болып қалғаны ма?

Дәлел Жанатұлы 3161