Жұма, 26 Сәуір 2024
Билік 4492 0 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 12:54

«Үркер» ұлттық премиясының әр жеңімпазына 1 миллион теңге беріледі

Құрметті достар!
Менің «Казконтент» АҚ жұмысқа кіріскеніме бір апта өтті. Жұмыстардың нәтижесін уақыт көрсете жатар. Әзірге орындалу керек жобалар мен идеялар өте көп. Оның көпшілігі ұлттық сапалы ұлттық контент. Әсіресе қазақ тілді конттент құруға бағытталған. Біздің қазақ тілді оқырмандарымыз көптеген қызықты оқиғалардан тасада қалып қоятын секілді. Өз атымызға лайық жұмыс істеп, осындай олқылықтарды түзейтін боламыз.

Алда 28 маусым күні баспа, радио және интернет-журналистика салсы бойынша «Үркер» ұлттық премиясы өтетіні туралы естіген боларсыздар?!

Шараның ауқымы кең болғалы тұр, оған күмәндарыңыз болмасын. 15 жеңімпаздың әрбірі 1 млн (!!!) теңгеден алғалы отыр. Меніңше - лайықты мотивация!

Қазір нағыз құжат тапсыратын уақыт. Дәп қазір el.kz сайтына кіріп, танысып, өтінім берсеңіздер болады. Сондықтан достар, бөлісіп, аталған жүлде жайлы айта жүріңіздер.

Біз ұлттық үлгідегі контент үшін!

Евгений Кочетов

Abai.kz

0 пікір