Жұма, 26 Сәуір 2024
4358 2 пікір 20 Шілде, 2017 сағат 08:21

Ауған қыздары АҚШ-та робот жасау жарысында марапатталды

Бастапқыда АҚШ-қа виза бермеген Ауғанстанның алты қызы кейіннен Вашингтонда робот жасау халықаралық жарысында (FIRST Global Challenge) күміс медаль иеленді.

Ауғанстан командасына қиын жағдайға қарамастан алдына қойған мақсатқа жете білді деген құрметпен "ерлік" күміс медалімен марапаттады. Алтын медалді Оңтүстік Суданнан келген қыздар алса, қола медаль Оман оқушыларына берілді.

Шілде айының басында америка билігі мұсылман елдерінің оқушыларын елге кіргізуге қарсы болған. Дональд Трамптың мұсылман елдеріне виза беруді қатаңдату саясатына қатысты Ауғанстаннан келушілерге виза алу мәселесі қиынға соқты. Бірақ президент ұстанымын жұмсартып, ауған оқушыларын АҚШ-қа жіберді.

Нәтижелі жетістіктері үшін негізгі алтын жүлдені Еуропаның командасы алса, күміс жүлде Польша оқушыларына бұйырды. Үшінші орынды Армения оқушылары иеленді.

Жарысқа әлемнің 150 елінен оқушылар қатысты.

Abai.kz

2 пікір