Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Білгенге маржан 2056 22 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 10:24

Мырзатай Жолдасбеков. Шапан сыры

Ата мұрасының қайсыбірінің қадіріне жете бағалау үшін қадір-қасиетін жете білу парыз. Ендеше қарапайым ғана шапанның сыр-сымбатына қанығып көрелік.

«Шапан - қазақтың ең көп тараған, аса қастерлі, кәделі сырт киімінің ертеден келе жатқан түрі. Әдетте, оның тысы мен ас­тарының ортасына қойдың жүнін салып, сыртын шұға, барқыт, кей жерлерде мақпал сияқты әдемі әрі мықты матамен қаптап, сырып тігетін болған.  Ертеде сал-серілер мен ауқатты адамдарға шапанды жібек пен бархыт сияқты бағалы матадан тіккен. Тіпті тігіншінің ше­берлігіне қарай, шапанның жа­ғасы мен өңіріне, жең ұштарына әде­мі ою-өрнек салып, кестелеген. Шапанға салынар ою-өрнек те шебердің ұлттық өнерді бойына қаншалықты сіңіргеніне көп байланысты. Оны айтып отырғаным, бертін келе шапанға текемет, басқа да тұрмыстық заттарға салынатын оюларды салу жиі кездесіп, шапанның қадір-қасиетін түсіру байқалады.

Әдетте шапан тізеден төмен түсіп, қол ұшын жауып тұруы қажет. Ертеде шапанды бағалағаны соншалық, оның формасына қарап, шапан иесінің әлеуметтік жағдайын аңғаруға болатын. Тізе берсек, шапанның түрлері көп. Мысалы, жергілікті тұрғындар шапанды ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те бөліп жатады. Сондай-ақ, оны географиялық аймаққа қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атайтын болған. Шапанның тағы бір тарихы ежелгі «Жеті жарғы» заңында ұлттық салт-дәстүрді бұз­ған адамдарға көп жағдайда ат не­месе шапан айып тарттырған. Хал­қымыздың сөз қолданысындағы «ат-шапан айып тарту» деген сөз, мі­не, осыдан қалған.

Қазір біз шапанды шетелден келген қонақтарымызға не құдаларымызға кәде-сый ретінде пайдаланатын болдық. Негізінде шапанды шеберлер, белгілі дизайнерлеріміз талғампаздықпен, бағалы маталардан, мысалы, шұғадан, көстем-шалбар тігетін матадан, бархыттан фасонын қазіргі заманға сай тіксе, кез-келген ер-азаматтарымыздың сән-салтанатын келтіретіні сөзсіз. Тіпті ұлттық брендке айналып, шетелдіктер сатып алып жатса, қандай көрім болар еді. Шапан толықша келген, иықты ер-азаматтардың ажарын ашып тұрады. Тіпті қысқы, күзгі шапан түрлері бар екенін ұмытпау керек. Сәнгерлер қашанда ерте кездегі киімдерді зерттей келе, өз идеяларын қосып, жаңа сән үлгісін шығарады емес пе. Сондықтан біздің отандық сәнгерлеріміз ойлануы қажет.

Ия, қарап отырсақ, бір ғана шапанның астарында қаншама тарих, салт-дәстүр жатыр. Барды бағалау, қадірлеу қажеттігі де осында. Қазақтың бағы замандардан бері үзілмей келе жатқан ата салты, дәстүрі бойынша шеттен келген қадірлі қонақтардың да иығына шапан жауып жатса әбден жарасады.

27 шілде, 2017 жыл

Abai.kz

 

22 пікір
ХХХ 2017-08-01 22:03:05
Шапанда нең бар, алжыған шал-ау! ЕНУ-да ректор болып жүргенде обалдарына қалған студенткалар туралы неге жазбайсың? Арсыз!!!
Сұлтан, Аман Шота 2017-07-30 19:07:08
Шыңғыс Ханның Қазақ бұтағының тағдыры, өзінің қазақ деген халқы сияқты қай кезде болса да оңай болмағаны анық. Егер қазақ халқын мызғымас Шың (пирамида) деп санасақ, сол Шыңның үш қабырғасы (жүзі) қазақтың Үш Жүзі. Ұлы хандардың ұлысы – Шыңғыс ханның қазақ бұтағы, төрелер, үш жүзге ортақ! Осыған орай айтпағымыз... Құрметті ағайындар, қазақ халқы ешқашанда үш жүзге бөлінбеген, үш жүз қазақтың аумақтық құрамы. Ал, «бөлінеді» деген пәлекет кейіндері қосақталған пікір, одан аулақ болайық?... Кейбіреулеріңіз осыны мақсатты түрда "ғылыми" көзқарас ретінде дамытпақ болады. "әрине жасырын" Қазақтың құрамында үлкенді-кішілі 95-105 руы бар, деп жүрміз, оданда көп болуы мүмкін. Әр руға тиесілі таңба - мөрімен нақтыланған. Осы рулық таңбалардыда, руларға үлестірген Шыңғысхан ғой. Кейбір таңба-мөрлері бірдей болып кездеседі. Рулар тізбегін генетика ғылымында аталық тізбек дейді, кейбіріміз «аталық із» деп жүрміз. Сол аталық тізбек біздерше «рулық» тізбек үлкен бір қасиетті, батыр, көріпкел, дана т.б. ерекше қасиеттерге ие, артында көптеген ұрпақ қалдырған ата-бабаларымыздан басталатынын бәрімізге белгілі. Кейбір руларларымыз жоғарыда айтылған қасиеттерге ие, әуелі, қыз балалардан, аналарымыздан басталады. Мысалы, қазақтың әр руында (күшік, таз, құдай берді т.б.) деген кездейсоқ аталған рулар бар емеспе? Бұл қағиданы тұқым қуалау заңдарын зерттейтін генетика ғылымы да дәлелдейді, оған қалың қазақтың айтарлықтай дау туындауы мүмкін емес.
Алаш баласы 2017-07-30 12:26:43
Мырзкеннин шапан жайлы айтатын жони бар. Абылай ханнын алтын зерли камка тонын Жанаркадан, каз дауысты Казыбек бидин шапанын Егиндибулактан алдыртып, бабаларга ас берип улыктап, улттык музейге койдырды. Астанада бас музейде тур. Орынсыз гайбат соз айтуды догару керек шыгар...
Ттт 2017-07-29 21:29:54
Мысалы, жергілікті тұрғындар шапанды ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те бөліп жатады. ...... Шапанды сылтауратып, тағы да жүзге бөлу.Ай, шаршамайды екен.Жүзді айқындайтын ешқандай шапанның түрі жоқ.Шындап келгенде шапан қазақтардың күнделіеті киімі емес, той томалақта бір біріне силайтын сувенир сияқты.Алып болғасын келесі біреудің иығына жамылуды күтіп жататын бір атрибут.
Есенғали, Антакиядан 2017-07-29 19:05:48
Көжеліден болсаң көжеңді былғап отыра берсейші, Мырзатай піріңе табынып, менімен не жұмысың бар, сәуселім ? ! Туланың арағын маған құйып беріп, украинның салосын кесіп беріп отырғандай оттайсың ғой. Есіңде болсын, сәуселім, мен сенің піріңдей жағымпаз-жантық болған емеспін.
Есенғали, Антакиядан дегенге Көжелі 2017-07-29 18:25:41
Сен де үйреніп қалған бейпіл аузыңмен қисық сөздерді, боқтауды, беталды оттауды ұялмай-ақ, мен де шалмын-ау деп қысылмай-ақ Әмудің ағынындай ағызасың ғой. Мырзатай болса - не жазса да жақсы нәрсені жазады, дөрекілігі жоқ. Сына, мәдениетің жетсе. Әй, бірақ Туланың арағымен ауызданған, өкірәйннің салосымен майланған ауыздан қай бір дені дұрыс сөз шығар дейсің. Өз кадрымызды өзіміз білеміз ғой.
honah 2017-07-29 14:00:44
seksendegi karyamen jahalashan maldar!
Есенғали, Антакиядан 2017-07-29 13:39:20
көне шапан : "Енди тукке турмайтын койлек, дамбал, шапан такырыбына шыккан". **************************************************************************************** Адам деген сексеннің сеңгіріне шыққанда жатпайма бәйбішесінің жанында тыныш қана ? Одан біреу шапан сұраппа ? ! Әй, жазып үйренген қол шыдата ма, алақаны қышығанда қалай қолына қалам алғанын да білмей қалатын шығар ? !
коне шапан 2017-07-29 11:56:30
Мырзатай мемлекеттик кызметтерде сен тимесен мен тимейм болп пенсияга шыкты. Енди тукке турмайтын койлек дамбал,шапан такырыбына шыккан. Денгейи сол сен тимесен мен тимейм калпында калды. Ауыл мугалиминин денгейи.
жəй Қазақ 2017-07-29 11:09:46
Енді шапанды жазып, Ел алдында жер болған абройын көтермек. Алтын Жұлдыздан əлі үмітті бар екен. Осындай рушыл, сасықтар Қазақтың басын біріктірмей жүрген. Ел емес өзін ғана ойлаған, Жалағыштан Қазаққа не жақсылық.
Есенғали, Антакиядан 2017-07-29 05:52:05
Мордиям қазаққа ұқсамаса да сен сияқты 100 ыржықтың орнына жүремін, сәуселім ! Менің қайда жүргенімді қайтесің, ыржалаңдап жүре берсейші жындыхананың санитарлары ұстап алғанша.
Есенғалиға Ыржық 2017-07-28 23:33:22
Ей, сенің мордияң қазаққа ұқсамаса сен мұнда неге жүрсің, шын әкеңді тауып алып, өз төркініңді таппайсыңба ? Намыс қайда ?!
Сәкен Елеуұлы. 2017-07-28 22:36:13
Райымжан мырза, мына №1-дің Абылай хан шапанын реставрациялату, үш әйелдің ақысын жеу "хикаятын" толығырақ айтқайсыз, егер білсеңіз. Бәріміз естиік те!..
Есенғали, Антакиядан 2017-07-28 19:47:07
Ырзатай, мен шапан киейін десем, мордиям қазаққа ұқсамайды. "Мынау неғылған қазақ ?" деген сөзге қаламын ба деп шапан кимеймін, ал мұсылманша ақ тақия киемін. Тақтакөпірдегі көшіп жүрген шапандар қарақалпақ шапаны шығар ?
Есенғали , Антакияданға Ырзатай 2017-07-28 19:19:00
Иә, көптен бері жоқ едің, қайтадан шығуыңмен. Мырзекеңде не шаруаң бар, ол кісі белгілі адам ғой. Шапан деген таңсық емес, осы біздің Тақтакәпірдің өзінде бір жетпіс шапан әр тойдан әр тойға көшіп жүреді. Өзіне өзі ырза ырзатайлар соны дәреже көреді. Біреуі нақ өзің боларсың керілуіңе қарағанда.
Әбу 2017-07-28 16:49:19
Жұрттан №1 жағымпаз атағын алған осы Мырзатай Жолдасбековтің бір де бір сөзіне сенбеймін. Осыдан бірер апта бұрын сайттарда оның Естеліктер кітабында Өзбекәлі Жәнібековтің мұны аспандатып мақтағаны туралы жазылғанның бекер екені, Өзекеңнің өз қоластында болған мұны ұнатпағаны, жауапты тапсырма бермеуіне нендей себебі болғанын "Тарих тағлымы" кітабында жазғаны айтылды ғой. Өзекеңнің М.Ж. туралы жазбағаны сөзсіз! Өзекең - Тау да, М.Жолдасбеков төбешік! Бұ мырза "е, кім біліп жатыр!" деп тарта береді-ау деймін.
Есенғали, Антакиядан 2017-07-28 14:53:19
Мырзатай
Есенғали, Антакиядан 2017-07-28 14:40:40
Шапаншыл Мызатай шалды қай кезде де шапанын тастамайтын өзакалар мен шақшабастардың арасына қосып жіберу керек ! Қазақстанда той-садақада болсын, көшеде болсын, қазақтың ұлттық шапанын киіп жүрген қырмасақал, кемпірбеттерді көрсем көзім шықсын. Тойда "ақсақал" деп қырмасақал шалға шапан кигізсе, жарым сағаттан соң шапанын шешіп тастап, "ақпанбеттен" 200 грамды қағып тастап, немерісімен жасты қыздармен "танцевать" етіп жүргенін көріп, "осы тойға неге келдім" деген сұрақты өзіңе қоюға мәжбүр боласың.
Серік 2017-07-28 13:58:27
Шал шалдан шапанға шауыпты. Шатасты-ау шамасы...
Райымжан 2017-07-28 12:37:51
Мырзатай! Шапаншыл болсаң анау жылы Абылайханның шапаны деген шапанды рестоврация жасатып, үш әйелді екі ай отырғызып, соңында еңбек ақысын төлемей, өзің жеп кеткеніңді неге айтпайсың? Басқа басқа сен оттамашы осы!!! Түріңді көрсем құсқым келеді.
Мәссаған.Әншілер қай жылы тәуелсіздік алғанымызды білмейді. 2017-07-28 11:36:57
http://jasqazaq.kz/2017/03/14/nshiler-aj-zhyly-t-uelsizdik-al-anymyzdy-bilmejdi-eken-video/
Төре 2017-07-28 10:41:40
Мырзатай Жолдасбековке "ес" кіре бастаған ба? Әйтпесе Президентті "мақтаудан" басқа ой-сана қалмағанба? депген пікір елде қалыптасып қалды. Енді одан құтылу үшін Мырзатайға қайта туу керек шығар. Ол мүмкін емес

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2884
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7457