Жұма, 29 Наурыз 2024
«Соқыр» Фемида 9189 23 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 14:18

Сағадиев Елбасының тапсырмасына қарсы ма?

Біздегі басы даудан арылмайтын екі министр болса, соның бірі - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Ол аталған ведмостваға басшы болып тағайындалғалы бері қоғамның қарсылығына ұшыраумен келеді. Оның себебі: министрдің ұлт болашағына жауапкершілігінің төмендігінен болса керек-ті. Бірақ, біздің минсистрді қоғамның пікірі қызықтырмайды да. Біздің пікірімізге қызықпайтын министр енді Елбасының сөзіне де қарсы келе бастаған сияқты.

Астанада жақында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өткені естеріңізде болар. Құрылтайда Елбасы шеттегі қазаққа деген ықылас-пейілін білдіріп, Қазақ Елінен білім алғысы келетін жастарға мүмкіндік жасауды айта келіп: «Сонымен қатар, жастарға қолдау көрсету қажет. Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға бөлінген квотаны 2 есе көбейтуді тапсырамын. Үкімет шетелдегі қандастарымыздың ана тілінде білім алу мүмкіндіктерін қарастыруы керек» деп үкіметке нақты тапсырма берген еді. Үкімет болса, Елбасы тапсырмасын құрылтай өткен залда қалдырып кеткен сияқты. Егер, Елбасының тапсырмасын орындаған болса, біздің жоғарғы оқу орындарымыз магистратура мен докторантураға үміткер қандастарымызды «Шетел азаматтарына грант жоқ» деп қайтармас еді.

Екі-үш күннен бері жоғарғы оқу орындары магистратура бөлімінде білім алғысы келген талапкерлерді «шетелден келген қандастарымызға грант жоқ» деп құжаттары қабылдамай, тек бірден ақылы бөлімге құжаттарын өткізуге кеңес беріп жатқанын естідік. Сондай талапкерлердің бірі Лаулат Жеңісбек атты қандасымыз: «Қытайдың Бижиңдегі Ауыл Шаруашылық университетінен бакалавр бітіріп келіп, Астанадағы Сәкен Сейфулин атындағы агротехникалық университетінен мамандығым бойынша жалғасты оқиын деп едім. Басында университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарымызды қабылдамай, шетел азаматтары тек ақылы бөлімге құжат өткізе алатын туралы  өткен жылғы қаулы бар екенін, қазір құжат қабылдай алмайтындығын, министрлік жаңа қаулы берсе ғана қабылдай алатынын айттып күте тұруды айтқан еді. Бірақ, әлі жаңа қаулы қабылданбапты. Ауыл шаруашылық университеті құжатымызды қабылдаған жоқ» деп хабарласып, Сәкен Сейфулин атындағы агротехникалық университетінің қабылдау комиссясының мүшесі Жазира Мейрамханова деген кісінің нөмірін берді. Аталған комиссия мүшесіне телефон шалып сұрап едім, Жазира Мейрамханова ханым «Шетел азаматтарына грант жоқ, құжаттарын қабылдай алмаймыз. Нақты себебін Білім және ғылым министрлігінен сұраңыз» деп қысқа қайырды.

Бұл мәселе төңірегінде Алматыдағы университеттерге де кіріп шыққан болатынбыз. Бірнеше қандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің де «Магистратура мен докторантурада оралмандарға білім гранты» жоқ деп жатыр деп хабарласушылар болған еді. Талапкерлер хабарласқаннан кейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заңгері Бахытжан Сапаров мырзадан барып мән-жайды ұғысқан едік. Бақытжан Сапаров: «Біздің қолымызда  Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысы бар. Бұл қаулығы ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 404 қаулысы арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мұнда: «Магистратурада, докторантурада және резидентурада шетелдіктерді оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады» деген ереже бар. Бірақ, биылға дейін бұған қарамай грант беріп келдік. Биыл осы ережеге сүйеніп, шетел азматтарына грант жоқ дегенбіз. Бүгін талапкерлердің өтініштеріне байланысты университет басшылары ақылдасып, шеттен келген ағайындардың құжаттарын қабылдайтын болып шештік. Бірақ, білім және ғылым министрлігі мен үкіметке осы ережеге қосымша енгізуге, шетел азаматтары деген жерге қандастарымыздан басқа дегенді енгізуге бәріңіз күш салсаңыздар болар еді. Бұл ережені біз жасап алғандай, біз жаман атты болады екенбіз» деп ойын ашық айтты.

Үкіметтің бір қаулысы, екі университетте екі түрлі қабылдау.  Шын айтқанда Қазақ Ұлттық университеті ағайындық танытып отыр. Олар да қашанғы ағайындық таныта бермек. Ал Астанадағы агротехникалық университетінен білім алғысы келген жастарымыз осы бір қаулының кеселінен далада қалып отыр. Егер білім және ғылым министрі Сағадиев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына қарсы шыққысы келмесе, үкіметтің осы қаулысына өзгерту енгізсін. Магистратура мен докторантурада білім алғысы келетін шетел азаматы болып табылатын қандастарымызға кедергі жасамауы керек.

Қазіргі кезде шетелдегі қандастарымыздың жағдайы белгілі. Әсіресе, қытайдағы қазақтардың қытай үкіметінен көріп жатқан қысымы күннен күнге артуда. Ол жақтағы ағайынға қолымыздан басқа көмек келмесе де, осынддағы келгендерінің кеудесінен кері итеруге қақымыз жоқ. Министр Сағадиев арман  қуып келген қазақ баласын кері қайтарамай, кертартпа қаулыны тезірек түзесін деп талап етеміз.

Бұның бәрін тек Білім және Ғылым министрі Сағадиевтың ғана әдірісіне арнамаймын. Үкіметке Бақытжан Сағынтаев келгенде де қазақ қоғамы қуанған еді. Ендеше, Сағадиев саған айтам, Сағынтаев сен тыңда. Президенттің тапсырмас мен қазақтың үмітін жерге таптамаңыздар.

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551