Бейсенбі, 17 Тамыз 2017
Мәңгілік ел 555 19 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:30

Латын әріпін енгізу – ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытады

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ тілін латын әрпіне көшіру – бұл ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам», - деген еді. Қазіргі кезде латын графикасына көшуге қатысты жұмыстарға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты басшылық етеді. Лингвист, компьютерлік бағдарлама дайындайтын мамандар, филолог ғалымдар мен сарапшылардан құралған арнайы комиссия жасақталды. Латын жазуына көшуге байланысты баспасөз бетінде жарияланған, тиісті орындарға келіп түскен түрлі жобалар сараптамадан өткізілуде.

Бұл туралы «QazTalks» ашық әңгіме алаңында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мәлімдеді.

− Биыл Астанада өткен әлемнің 35 мемлекетінен 380 делегат, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларынан, еліміздің өңірлерінен 300-ден астам өкіл қатысқан Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайында да жаһандану заманында қандастарымыз Атажұртынан тамыры үзіліп қалмасы үшін латын жазуына көшу мәселесіне байыппен қарап, тездету керектігін атап көрсетті. Елбасымыз қазақтар бұрынғы КСРО ауқымында, ТМД аумағында кириллица, Қытайдағы қандастарымыз төте жазу, батыс елдеріндегі бауырларымыз латын әрпін қолданып келе жатқанын, сөйлескенде тіліміз бір болғанымен, оқығанда тіліміз үш түрлі екенін, бір-бірімізді түсіне алмай, жазуын ұқпай жүргенімізді ескерте отырып, бұл жер жүзіне тарыдай шашылған қазақтың кейінгі ұрпағын бір-бірінен алыстататынын, жазуымызды ғылым мен техникаға үйлестіру үшін де латын графикасының оңтайлы болатынын айтты деді,- Ерден Қажыбек.

Латын жазуына көшудің бірнеше объективті себептерін спикер түсіндірді:

1. Қазақ халқының ұлттық бірегейлігі қалыптасады

2. Әлемдік ақпарат кеңістігіне енуге мүмкіндік береді

3. Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік береді ,- деді.

Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дамыған елдердің дені латын әріпін қолданып келеді.

Abai.kz

19 пікір
Гүлназ 2017-08-09 04:01:58
Ә Ө Q Ü Û Í Î Ñ Ĝ Ĥ CH SH осылай етуге болады ғой. Ә әрпін қалдыруға болады Азербайжандарда Ә әрпі бар. Ө әрпін де қалдырайық. Біреулер ң әрпін жасау үшін ng (нг) қолданайық дейді жарамсызғой. Мысалы күңі күнгі қалай дұрыстап оқисын. Сосын біреулер у (u) әрпін v (в) етейік дейді түсініксізғой. Ғғ әрпін Ff(ағылшынша ф) етейік дейді.Ғарыш деп оқимызба әлде фарш деп па?ş ç c әрпін қолдану керек жоқ деп ойлаймын sh(ш) ch(ч)барғой. Ал асхана деп жазу үшін askhana немесе as'hana деп жазуға болады немесе басқалай. Ү әрпін ue(уе) етуге жарамайды әуелгі деген сөзді қалай оқимыз ?Апостраф ыңғайлылау екен. мысалы көзгөрген=ko‘zko‘rgen. Кейбір профессорлар ә әрпін д етейік ө әрпін ц етейік деп жүрғой. Адамды мүлде шатастырады. Ф,Ч,Х,В әрпің қалдыру керек болады халықаралық терминдерге фамилия жазуға атын жазуға. Латынға қарсылар, орысқа құлдар,орыстілділер,өз қамы үшін(журнал таралымы азайып кетема деп қорқатындар) болашақ ұрпақтың тәуелсіз болуына қарсы болатындар
latiniana 2017-08-08 12:38:07
Бұл филолог мамандар барды ұқсата алмай отырғой. М.: түсіндірме сөздіктің, синонимдер сөздігінің онлайн версиясы қайда? Керек кезінде шарқ ұрып іздеп таба алмайсың. Сосын, ертең латынға көшсең, бүрсігүні бәрібір орыс тіліне тәуелді болып сығырайып отырасың. Сонда, орыс тіліне алып латынша (қай латын?) жазғаныңнан не шықты? Үш тұғырыңның бірі ағылшын екен. Ал сөздік қайда, аудармашылар қайда? Бұл мәселе неге ғылыми жолға қойылып жоо-да оқытылмайды? Біздің журналистер, жасыратыны жоқ, хабардың 95-тен кем емес процентін орыс тілді БАҚ-тан алады ғой. Бұндай жағдайда инф. тәуелсіздікті қалай сөз етесің? Нақты іс жоқ, 5-6 әріпке бола шу-шұрқан болып жүр бұлар, тіл тұралап жатыр...
Erko 2017-08-07 21:04:21
Латын әліпбиіне өтудің қазақ тілінің дамуына қосар үлесі өте зор екендігіне мен сенімдімін. Филолог мамандар тәуелсіздік алған күннен бастап, бұл мәселені қақсап келе жатыр. Түсіне білген адамға бұның астарында терең мағына жатыр.
Мен ғой 2017-08-07 18:44:22
Келіспеймін. Қазақ тілді кеңістікті басқа ірі тілдердің кеңістіктерімен жалғағанда ғана қазақ тілі оңалды.
лаура 2017-08-07 18:35:17
Сондай ақ түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді.
еңлік 2017-08-07 18:34:59
Шынымен өз ісінің майталман мамандары жиналған екен, керемет, пікірлері де ақылға қонымды.
сәкен 2017-08-07 18:34:27
Осымен екінші рет өткізіліп отырған бұл жобаның беталысы да жаман емес. Өзекті мәселелерді орынды қозғай білуде.
Жарас 2017-08-07 18:34:14
«QazTalks - ашық әңгіме алаңы». Әлем бойынша әйгілі талқылау алаңынан айналған бұл жоба енді қазақ жерінде, өзекті мәселелер айтылып, сарапталатын ошаққа айналғандай.
мерей 2017-08-07 18:34:00
Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғалы бері күнтәртіптен түспей клее жатқан тақырып, өз басым қолдаймын.
бекболат танбаев 2017-08-07 17:35:12
битеди сутеди деп кашангы журе бересiндер латын калыпын шыгарын тауелсiз боламыз, керилдан ресидин колшокпарынан корыкпаи батыл кiс,каксаибермеи сонда тауелсiз казакы елге аиналу
Сәбит 2017-08-07 15:28:48
"Сен тимесең, мен тиме" күйімен отыра берсек, отырып қаламыз дамымай, заман ағымына әлесіп жаңалықтан, өзгерістен еш қорықпауымыз керек.
Олжас 2017-08-07 15:27:50
Ә,ө,ұ,ү,і, қ,ң секілді әріптерімізді қалай жазу керек, соны нақтылап алсақ болғаны деп ойлаймын. Тез үйреніп кетеміз.
Батыр 2017-08-07 15:26:24
Түркі халықтары көршілес отырған өтті ғой латын хәрпіне, солар жылаған жоқ бар мұрамыз босқа қалып қойды деп. Сол жағынан тәжірибе жинақтасақ, тиімді екені түсінікті.
Абсамет 2017-08-07 15:25:12
Өз басым бұл әліпбиді тиімді деп есептеймін. Қарапайым түрі, кириллицаға ауыстырмай латынша жаза беру, ұялы телефонды қолданған кезде оңайлық тудырады.
Арай 2017-08-07 15:24:13
Ерден Задаұлының айтқандарымен келісемін, жаны бар бәрінің де. Қолдаймын.
Гаухар 2017-08-07 15:14:29
Халық осы бастаманы қолдап отыр, сондықтан латын қаріпіне өту процессін бастау керек.
Марал 2017-08-07 15:07:55
Латын транскрипциясына өту процессі заман талабы деуге де болады.
Кайрат 2017-08-07 15:02:43
Технологияның дамыған заманынада латын қаріпіне өту табылғане ой.
Ильяс 2017-08-07 14:03:17
Переход на латиницу послужит толчком развития нашего языка по всем направлениям.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2884
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7457