Жұма, 13 Ақпан 2026
Жаңалықтар 212 0 пікір 13 Ақпан, 2026 сағат 18:30

Халық шешімі – ел болашағы: Қазақстанда референдум өткізудің маңызы

Сурет: egemen.kz сайтынан алынды.

Алда өтетін референдум – елдің саяси және қоғамдық даму бағытына әсер ететін маңызды демократиялық құрал.

Мұндай жалпыхалықтық дауыс беру арқылы азаматтар мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық шешімдерге тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Референдумның басты маңызы – халықтың пікірін тікелей білдіруі. Сарапшылардың пікірінше, мұндай саяси тетік билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Дауыс беру күні әр азаматтың белсенді қатысуы ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Сурет: Спикердің мұрағатынан алынды.

Осыған байланысты саясаттанушы Жақсыбек Жиенәлиевтен пікір алдық.

– Референдум – бір реттік науқан емес, қоғам мен мемлекеттің өзара сенімін нығайтатын басты құрал. Ол билік пен қоғам арасындағы келісімнің институционалдық кепілі деуге болады. Референдум арқылы азаматтар ел дамуының тең авторы ретінде өз ұстанымын білдіруге және стратегиялық шешімдерге ықпал етуге мүмкіндік алады, - дейді ол.

Abai.kz

0 пікір