Бейсенбі, 12 Ақпан 2026
Анық-қанығы 137 0 пікір 12 Ақпан, 2026 сағат 11:50

Қош бол, қос палаталы Парламент!

Суреттер: liter.kz, sputnik.kz сайттарынан алынды.

Жаңа Конституция жобасы бойынша – Парламенттің (Сенат пмен Мәжіліс) өкілеттігі 1 шілдеде аяқталуы тиіс.

Ол үшін әуелі Жаңа Конституция референдумда қолдау табуы тиіс. Ал Мемлекет басшысы кеше жалпыхалықтық референдумды 2026 жылдың 15 наурызы күнге белгілеп, Жарлық шығарған болатын.

Бүгін Конституциялық комиссия Жаңа Конституцияның қорытынды жобасын жариялады.

Құжат 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Аталған Конституцияның «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын XI бөлімінің 95 бабында қазіргі Парламенттің өкілеттігін тоқтату туралы жазылған.

Онда Конституция күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтай сайлауын жариялауға тиіс екені және ол 2 ай ішінде өткізілетіні жазылған.

Ал бірінші шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылған күннен бастап 2 ай ішінде ҚР Президенті Құрылтайдың келісімімен Вице-Президентті, Конституциялық Сот Төрағасы мен судьяларды, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелерін, Жоғарғы Сот Төрағасы, Ұлттық Банк Төрағасы, Бас Прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындайды.

Abai.kz

0 пікір