Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 7787 10 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 07:08

Қытайға депортациялануы мүмкін 250 этникалық қазақ үшін араша сұраймыз

Қазақстан Республикасының президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа

ҚР ішкі істер минстірі Қ.Қасымовқа

ҚР сыртқы істер минстірі Қ.Абдрахмановқа

ҚР ұлттық қауыпсіздік көмитетінің торағасы К. Мәсімовке

Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы

төреғасының бірінші орынбасары З.Тұрысбековке

ҚР бұқаралық ақпарат құралдарының назарына!

 

 Ашық хат

Сіздерден, Қытайға депортациялануы мүмкін делінген 250 этникалық қазақ үшін араша сұраймыз!

20-шы шілдедегі телеарналардың ақпараты негізінде, Жамбыл облыстық көші-қон полициясы қызметкерлерінің былықпалығы кесірінен заңды түрде керекті құжаттарын рәсімдеп, осы мекемеден алған ықтярхат құжатын, жарамсыз деп танылуына байланысты, 250 қандастарымыз елден кетуге мәжбүр болып отыр.

Егер бұл қандастарымыз Қытайға депортацияланған жағдайда олардың бірден түрмеге қамалатыны айдан-анық, себебі, дәл қазір Қытай құзырлы органдары жай халықты, «Қазақстанға шыққаны үшін» сұраққа алып, алдын қамап жатқаны , тіпті Қазақстанда тұрып жатқан немесе оқып жатқан қазақтарды Қытайға кері шақырып, сұраққа тартып, Қазақстанға жібермей отырғанын шындық.

Сондықтан сізден, осы қандастарымыздың Жамбыл облыстық көші-қон қызметкерлерінің кесірінен жазықсыз Қытайға департациялануын тоқтатуыңызды өтінеміз.

Өтініш білдірушілер Қазақстан азаматтары:

Қыдыәлі Оразұлы 

Бейсен Ахметұлы

Серікәлі Нұрболат

Нұрболат Асхатбек

Ермек Сағынбек

Ардақ Тұрысбай

Қайрат Байтолла. т.б

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963