Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017
Көкжиек 1091 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 11:33

Қазақстан-Иран: мәдениет пен өнер саласында бірігіп жұмыс істей алады

 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Иран Мәдениет және исламдық бағдар министрі Реза Салехи Амиридің   Тегеранда кездесу3 барысында Иран тарапы Қазақстанмен музыка, өнер, театр және көркем галерея аясында бірігіп жұмыс атқара алатынын мәлім етті. Өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Иранның Қазақстан үшін тарихы мен мәдениетінің маңызды екенін жеткізді.  Министрлердің кездесуі туралы  жергілікті ParsToday агенттігі хабарлады.

Иран министрінің айтуынша, ирандық кино әлем бойынша жоғарғы деңгейде және Қазақстанмен бірігіп кино түсіруге, кино саласында білім жүйесін дамытуға атсалысады.

Сондай-ақ, Қазақстанның Иран үшін орны айрықша екенін айта кетіп, Иран президенті Хасан Роуханидің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ерекше құрметтейтінін де жеткізді. Қазақстанмен қай салада болмасын, серіктестік құруға дайын екендерін айтты.

«Иран мен Қазақстан серіктес болу үшін ешқандай кедергі жоқ. Екі жақ та музыка, өнер, театр және көркем галерея аясында бірігіп жұмыс атқара алады», – деді Иран Мәдениет және ислам бағдар министрі.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да Иранның тарихи туризмі Қазақстан үшін аса маңызды екеніне тоқталып, туризм орталықтары: Исфахан мен Шираз қалаларын тамашалау қазақстандықтарды сөзсіз қызықтырады деді..

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3196
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 8023