Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Айқай 7340 6 пікір 16 Тамыз, 2017 сағат 10:00

Мешіттегі митинг. "Нұрсұлтан-Қазақстан"

Жақында әлеуметтік желіде тағы бір даулы бейне жазба жария болды. Онда белгісіз біреу (жігіт)  жұма намазы аяқталған соң жұртты жинап, Елбасы саясатына қолдау білдіруге шақырған бейресми акция ұйымдастырған. Дәлірек айтсақ, екі қолын ербеңдете сермеп, "Нұрсұлтан - Қазақстан" деп ұрандады.

Еліміздің Заңына сәйкес акция, митинг, пикеттерді өткізудің өзіндік тәртібі бар. Бұл демократиялылықтың белгісі. Яғни, жергілікті әкімшіліктің рұқсатымен бейбіт митинг өткізуге әбден болады.

Ел ішінде де, ақ жағалы билік өкілдерінің  ұғым-түсінігінде де "митинг" деген сөз, анти-биліктік акция ретінде аңғарылады. Анығында олай емес.

Мысалы, мешіттегі митингтің мақсаты анық. Ол - Елбасы  саясатын қолдау екен. Тек түсініксізі - неге дәл қазір? Қоғам "Эйр-Астана" дауымен дүрлігіп жатқанда, мешітте митинг өткізу - қоғам назарын аударудың тәйлі тәсілі ме?

Дегенмен, акцияны ұйымдастырушы жігіттің іс-қимылы әм сөз саптауы еріксіз күмәнді ойларға жетелейді! Радикалды топтардың топайының нышаны емес пе бұл?

"Айтайын дегенім, біздің Елбасына қазір жан-жақтан ғайбаттар айтылып жатыр. Украина бар, ана жақ бар, мына жақ бар. Сол үшін бізге іріткі сала алмау керек. Тек қана Елбасын қолдасақ, біздің саясатымыз тура жүреді. Сондықтан, сіздерден сұрайтыным, қазір мен "Нұрсұлтан" дегенде барлығымыз ұжым болып, қолымызды көтеріп, "Қазақстан" деп ұрандайық!", - дейді әлгі митингті ұйымдастырушы.

Бұған қоса, араб әліпбиіндегі сөздерді жиі қолданады.

Оқиға Шымкентте орын алған екен. Оңтүстік Қазақстан облысының бас имамы Ахметбек Керімбек мырза болған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, БАҚ-қа жариялапты да.

- Жұма намаздан соң ол жігіт менің көмекшіме келіп, Құраннан хадис оқу үшін рұқсат сұрады. Сөйтіп, мені алдап, ақырында шу шығарды. Мұндай жайт бізде бұрын болмаған. Мешіт - саяси арена емес қой. Мұндай жиылыстар жасауға арналған орын емес. Мешіттің өз ережелері бар. Ол жігіт ережені білмегенін айтты. Біз де түсіндіру жұмыстарын жасадық. Түсінген сыңайлы. Кешірім сұрады.  Ал енді, не үшін, не мақсатпен ондай  әрекет жасағанын біз түсіне алмадық, - дейді Ахметжан Керімбек.

Жә, әйтеуір билікті қолдаудың біртүрлі акциясы аяқталды. Мешіттегі митингтің кейіпкерлері де құқық қорғау ұйымдарының тексерісінен өтуі тиіс! Радикализммен күресті - асқынғанда емес, алдын ала емдеу керектігін құзыргы органдар түсінер уақыт жетті емес пе?!

Нұрзат Тоқжан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969