Сенбі, 18 Мамыр 2024
Алаң 7369 6 пікір 17 Тамыз, 2017 сағат 11:50

Ерлан Саиров: Министрлер қазақша сөйлесін!

Сонымен, қазақ тілі мәселесі тағы өзекті болды. Қоғам мемлекеттік тілдің толыққанды іс-жүзіне асуын тағы талап етті. Бұл қоғамның басым көпшілігінің таңдауы. Рухани - əлеуметтік тенденция.

Өкінішке орай, құзырлы органдар мен бизнес қауымдастығы тағы "қалыс қалды". Бұл мемлекеттік органдардың сыңаржақ саясат жүргізіп отырғандығын көрсетеді. Өкінішті. Сонда отырған азаматтар, өздері Қазақстан мемлекетінің заңына "қалыс қарайтындығын " аңғартады. Өз "рухани үйірінен" жиреніп кеткен сыңайлы.

Ал енді, ана тілімізге келетін болсақ, "балық басынан шіриді", Өкімет пен Парламент қазақ тілінде сөйлеуі қажет. Шыны керек, Мәсімовтің Өкіметінің кезінде, Өкімет қазақ тілінде көбірек сөйледі. Жəй болса да, ана тілімізге жағымды декларация болды. Жаңа Өкімет, ана тілімізді "қосымша" деп есептейді. Өгей бала, "тоқалдан туған" тəрізді. Ойыншық, қажет кезінде ойнайды, "шаршаған кезде" лақтырып тастайды. Министрлер "талақ" деп қуып жібереді. Ана тілімізге шынайы құрмет болуы үшін, "төрелер", яғни министрлер қазақша сөйлеуі шарт.

Ерлан Саиров

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651