Путин сарсаңға түсті: 200 млрд еуроны кім жұмсамақ?
БЕЛЬГИЯ НЕГЕ КОРЫҚТЫ ҺӘМ ПУТИННІҢ АҚШАСЫН КІМ АЛМАҚ?
Еуропада жылдар бойы қозғаусыз жатқан Ресей Орталық банкінің орасан зор қаржысы төңірегінде үлкен геосаяси детектив өрбіп жатыр!
Еуропалық Одақ елдерінде Кремльдің 210 миллиард еуродан астам активі бұғатталған. Бұл қаражаттың басым бөлігі Бельгиядағы Euroclear депозитарийінде сақтаулы. Алайда, осы уақытқа дейін бұл ақшаны Украинаға беру мәселесіне келгенде, Бельгия билігі ашықтан-ашық тайсақтап келді.
Неге? Себебі – Кремльдің құпия қоқан-лоқысы! Бельгия Премьер-министрі Барт Де Вевер мен Euroclear басшылығы Ресей барлау қызметі тарапынан доңайбат пен қауіп-қатер сөздерін алғанын жасырмайды. «Бұл ақшаға тиіссеңдер, салдары мәңгілікке созылады» деген сес көрсететін хабарламалардан кейін Брюссель тәуекелге барудан жүрексінді.
Бірақ геосаяси ойынның ережесі өзгерді! Енді сахнаға Германияның бұрынғы Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп-Карренбауэр, Францияның бұрынғы Еуропа істері жөніндегі министрі Натали Луазо және АҚШ-тың санкциялар жөніндегі экс-кеңесшісі Далип Сингх шықты. Бұл ауыр салмақты саясаткерлер тобы батыл жоспар ұсынды:
Қорқынышты сейілту: Ресей активтерін сақтау құқығын Бельгиядан жеке Еуропалық Одақтың жаңа арнайы қаржы депозитарийіне өткізу. Соңында Кремльдің қысымы бір елге емес, бүкіл ЕО-ға бағытталады, ал бұл Ресей үшін әлдеқайда қиын. Уақыт тығыз: Украинаға берілетін ЕО-ның 90 миллиардтық несиесі бітіп бара жатыр. Алдағы қысқа дейін және Франциядағы сайлау мен АҚШ-тағы саяси өзгерістерге дейін Kиевке тұрақты қаржылық резерв қалыптастыру қажет. Козырьды тартып алу: Егер ЕО бұл ақшаны өзі бақылауға алса, бұл қаражат Вашингтон мен Москваның арасындағы астыртын «келісімдердің» құралына айналмайды.
Бұл – тек ақша туралы мәселе емес, бұл – Еуропаның саяси ерік-жігері мен Кремльдің «қорқыныш тактикасына» қарсы ашық майданы!
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz