Сәрсенбі, 20 Қыркүйек 2017
Жаңалықтар 1228 0 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 11:28

Қазақстан халқы ассамблеясының инвестиция тартудағы әлеуеті жоғары

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық саясатқа ерекше көңіл бөледі, себебі инвестиция – бұл  шетел инвесторларын қызықтыратын кез келген елдің сапалы дамуын көрсететін мемлекеттің қозғаушы күші.

Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында 25 тамызда Петропавл қаласында «Green Park» таңдаулы бақ-мейманханасында инвесторларды тарту бойынша Өңірлік кеңестің ІІІ отырысы өтті. Мұндай іс-шараны өткізу солтүстік қазақстандықтар мен қатынасушы инвесторлар үшін дәстүрге айналды. Жыл сайын түрлі елдер өкілдері өзеріне инновациялық-экономикалық саланы дамытудың басым бағыттарын анықтай отыра, облысымызға келіп қайтады.

Сөйтіп, бүгін 7 елден келген 200 астам адам инвесторлар форумына қатысты. Бағдарлама толықтығымен және бірегейлігімен таң қалдырды, ал ресімделуі мен Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты іс-шараның бірегей бөлігіне айналды.

Инвесторлар форумы аудандар және қала өкілдері дайындаған Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпорындарының азық-түлігі мен бұйымдары көрмесінен бастау алды. Көрме жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын, азық түлікті, жылу алмасу және энергетикалық құрал макетін, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз минералды кешенді тығайтқыштарды және басқаларын қамтыды.

Кейін форумның негізгі бөлігі – «Орталық және өңірлік деңгейде инвестициялық саясатты іске асыру» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды тарту бойынша Өңірлік кеңестің отырысы болды, оның аясында облыс әкімі   Құмар Ақсақалов, шетел мемлекеттерінің өкілдері сөз сөйледі. Отырыста өңірдегі инвестициялық ахуал жайында облыс әкімінің орынбасары  Дәурен Жандарбек айтып, Қазақстанды дамытудың заманауи кезеңіндегі инвестициялық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атады.

Шекаралас және аймақаралық ынтымақтастықты дамыту жөнінде Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының сауда өкілі Александр Яковлев,  Омбы облысы Экономика министрінің орынбасары Денис Кушнер, ҚР Парламенті Сенаты IV, V шақырылымының депутаты, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Башмаков баяндады.

Сонымен қатар «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» стратегиясы жобаларын және «Бір белдеу – бір жол» үкіметаралық бағдарламасын іске асыру аясында кәсіпорындардың қызметі жөнінде «Тайынша Май» ЖШС бас директоры Фан Лунфэй, «ShiYanDeRuiGongVfoCo. Ltd» компаниясының бас директоры Ван Тианде айтып өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы аймағындағы шетел инвесторларының табысты үлгісі жайында «Султан - ЭММК» АҚ бас директоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Картал Идрис сөз етті.

Ынтымақтастық туралы меморандумдарға ресми қол қойғаннан кейін ұйымдастырушылар қатысушылар мен қонақтарға үш жинақтамалы сессия дайындады: «Стратегиялық шетел инвесторларын тартудағы Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі», «Агроинвестиция – аграрлық секторды дамыту әлеуеті», «Жаңғыртылған энергия көздері – болашақты дамытудың перспективалары».

Қазақстан халқы ассамблеясының қатысуымен жинақтамалы сессияға ерекше рөл берілді, этномәдени бірлестіктердің, Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері өкілдерімен тығыз ынтымақтастық байланыста бола тұра Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттер арасында экономикалық өзара қатынастарды жақсартуда жәрдемдесу, екі тараптың өкілдерімен келісім сөздер жүргізу барысында сенімді таратушы болу мүмкіндігіне ие.

Жинақтамалы сессияның отырысына үкіметтегі атқарушы органдардың, қатынасушы және әлеуетті инвесторлардың өкілдері, талдаушылар, консалтингтік компания, қаржы институттарының қызметкерлері, Ресей Федерациясының шекаралас облыстары өкілдері, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері,  республикалық және жергілікті БАҚ қатысты.

Отырыс әлеуетті инвесторларды тартудағы,  Қазақстан халқы ассамблеясының, Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік секторының өкілдерімен безнес ортадағы өзара іс-әрекеттестігіндегі өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.

Стратегиялық шетел инвесторларын тартудағы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі туралы облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов баяндады.

Бірнеше жылдар бойы Қазақстан халқы ассамблеясы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ынтымақтастық тату қатынастарды орнату, сақтау және нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Осылай Қорған облысынан Зауралье қазақтарының өңірлік ұлттық-мәдени автономиясы басқармасының төрағасы Әсет Биисов, Омбы облысынан «Мөлдір» Сібір ұлттық қазақ мәдени орталығының басшысы Алтынай Жүнісова, Түмен облысынан басқарма басшысының орынбасары, инвестициялық саясат және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бөлімінің бастығы Игорь Борисов  сөз сөйледі.

Сонымен бірге серіктестік қатынастар Ресей Федерациясының Татарстан Республикасымен орнатылған. Ол жайында Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасы уәкілетті өкілдіктің кеңесшісі ДаниярТынымбаев айтып қөтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары жүргізетін инвестицияларды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді қолдайды. Айта кетсек, жинақтамалы сессияға қатысып отырған этномәдени орталықтардың өкілдері осы бағытта жүргізілген жұмыс жайында сөз етті. «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Евгений Хан, «Арго» грузин орталығының төрағасы Омари Харбедия Солтүстік Қазақстан өңірінің аймағында өз кәсіпорындарының қызметін іске асыру барысындағы жағымды мысалдарды келтірді.

Іс-шараның соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фанис Литфуллин сөйлеп, сессияның қорытындысын шығарды.

Сөйтіп, ұйымдастырылған жинақтамалы сессия кәсіпкерлер және әлеуетті инвесторлар үшін бір-бірінің қызықты ұсыныстары мен мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеуге ықпал ететін диалог алаңына айналды, сондай-ақ өнеркәсіптің перспективалық салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қосымша түрткі болды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 5712
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 11940