Атырау облысында "Туған жер" бағдарламасы шеңберінде 86 жоба жүзеге асырылды
Бұл туралы Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптама кеңесінің бірінші отырысында белгілі болды.
Соның ішінде "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға баса назар аударылған. Күні бүгінде жоспарланып, бекітілген 86 жобаның 21-і жүзеге асырылыпты. Ал қалған 65-ін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
"Туған жер" бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінген екен. 2021 жылға дейінгі қаржыландырудың жалпы сомасы 1,7 миллиард теңгеге дейін көтерілетіні де белгілі болды.
Сараптама Кеңесінің басты міндеті – бағдарламаға енетін жобаларды қарау, бекіту. Кеңес құрамына аймақтағы белгілі ғалымдар, өлкетанушылар, тарихшылар мен қоғам қайраткерлері кірген.
86 жоба алға қарай жаңа идеялармен, қызықты ұсыныстармен толығады.
Бүгінге дейін жобалық кеңседе түрлі деңгейдегі әкімдік, басқарма, мекемелер ұсынған 162 жоба қаралды.
Өткен мәжілісте 43 маңызды жоба ортаға салынды. Олардың арасында «Ақмешіт» қорымын жаңғырту, Атырау қаласында «Қазақ елі» орталығын салу жобалары бар. Бастамаларды жергілікті бюджетпен қатар демеушілер де қаржыландырады.
-Мемлекет басшысы аталған бағдарлама аясында қазақстандық қоғамды жаңғыртуға қатысты кезеңдік қадамдарды ұсынды. Біз халықтың барлық топтарын қамтуға тиіспіз, жұмысқа қоғамдық ұйымдар да тартылады, облыстың әр тұрғыны бағдарламаның бір мүшесі бола алады. Сол кезде ғана осы бағыттағы жұмыстарымызда жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз - деді мәжілісті қортындылаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, бұл жобалардың дені Мемлекеттік "Туған жер" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Аталған бағдарлама бойынша Қазақстанның әр облыстарында атқарыпылып жатқан жүмыстар туралыл біраздан бері жазып келеміз. Әсіресе туған жерді көркейту, ескі ғимараттарды жаңарту аймақтағы халыққа әлеуметтік нысандар салу, аймақтық инфрақұрылымдарды жаңғырту мемлекеттік бағдарламаның негізгі қамтитын мәселесі екенін ескерсек, "Туған жерге" ту тігіп, елдегі жұртқа игі бастамаларын жасап жүрген жекелеген азаматтардың да үлесін айта кетуіміз керек.
Ерғали Берікұлы
Abai.kz