Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4536 1 пікір 11 Қазан, 2017 сағат 08:49

"Өзіміз де екінші Сириямыз"

Жығылып жатып, сүрінгенге күлетін біздей халық, біздегідей билік әлемде бар ма екен? "Сирия қанға бөкті", "Ирак тақтан құлап", "Ауған аттан ауды", бізде тыныштық, шүкір, тәубе! Үнемі еститініміз осы. Тәубе һәм шүкір!

"Оларда соғыс, ал бізде тыныштық" деп мәз болады кей жандар былғары креслода керіліп. Бірақ біздің сол Таяу Шығыстағы сойқаннан қай жеріміз артық?! Логикалық сұрақ. Қай жеріміз? Меніңше еш жеріміз. Оларда соғыста бомба жарылса, бізде бейбіт күнде жарылып жатыр. Айдың-күннің аманында өз жерімізді өзгеге атқылатып, төбемізден у төгілтіп мәзбіз. Ресей қалаған аймағынан "әп бәлем" деп бір кнопканы басып, Қазақстандағы кез келген полигондағы нысанын жоқ қылады. Құдды бір тир алаңы сияқтымыз.

Енді міне Торғайдың төбесіне у төкпекші. Ертең о дүниеде Амангелдінің бетіне қалай қараймыз. Қасиетті Торғайды қорлатқан қазақты кешегі қазақ кешіре ме? Қайдам... Бірнеше сынақ алаңы ашық тұрғанда қазақ та, Алаш та азат емес. КСРО қазақтың жерін қалай сынаса, тәуелсіздікте де солай сыналып жатыр. Сондықтан Сирия соғысын тоқтатам деп емес, Қазақ даласын сынақтан азат етем деп жанталасуға тиіспіз.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір