Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 12722 22 пікір 11 Қазан, 2017 сағат 14:14

Шетелдік БАҚ: Путиннің жақтастары өзара дауласып жатыр

Кешелі-бері қазақ қоғамы, қазақ қоғамы дейміз-ау, шетелдік БАҚ қырғыздың төртінші президенті Алмасбек Атамбаевтың айтқандарын талқылап әлек. Біз шолу жасадық.

Атамбаев не деді?

Әуелі, социал-демократ Алмас байке Қырғызстанның  ішкі  саясатына  араласуға әрекет етпек болған қазақ билігіне  өкпесі  қара  қазандай  екенін байқатты. Алты жыл қырғызды басқарып біте-қабыл болған Ол президенттік креслосын тапсырарда бұлқан-талқан болып, біртүрлі мәлімдеме жасады.

«Если  наши соседи  не очухаются, не  опомнятся, я буду говорить  по-другому. Каждый  народ  должен  выбирать  своего  правителя, и он  заслуживает  того, кого  выберет. ВВП  города  Алматы  в 5 раз больше, чем  ВВП всего  Киргизстана. А ВВП  Казахстана  больше ВВП  Киргизстана  в 20 раз. И  валовый   продукт  Казахстана  в  доходах в  10  раз  больше  Киргизстана. Почему  тогда  пенсии  Казахстана  больше  (киргизских)  всего  в 1,5  раза, а не  10  раз, а  тарифы выше  в 5 раз? Почему?  Потому что  разворовывают   богатства  в  Казахстане.

Атамбаев  подает  казахам «плохой» пример. Потому  что, народ хочет  справедливой   власти. Правильно  Назарбаев  на встрече с Бабановым  говорил  о  молодом  президенте. Но, самый  старший  кандидат  (в президенты  Киргизии ) на 20 лет  моложе  Назарбаева. А я—на 16 лет. И  кому  нужен  молодой  президент, нам или  Казахстану?  Я  все равно  проведу  честные  выборы» -, деді.

Құрманбек  Бакиевтің билігін құлатқан соң, қырғыз жұртын Роза Отынбаева, Өмірбек Текебаев әм Алмасбек Атамбаев бастаған топ басқарды. Бұлар уақытша үкімет жасақтап, бір жарым жыл ішінде қырғыздың жап-жаңа мизамын (Конституция) жазып шықты. Сөйтті де, тізгінді Алмасбек Атамбаев ұстады.

Сөйткен Атамбаев Астанамен де, Мәскеумен де әмпей-жәмпей саясат ұстанып, Астанадағы ағасын арқасынан қағып, аларын-алып жүрді. «Ойбай, Нұреке, сіз келсеңіз жетісіп қаламыз. Тіпті, Ыстық көл де нұрланып сала береді» деп әсіре мақтап, миллиондаған қаржыны гуманитарлық көмек деген қоржынға сыйдырып алғанын айтамыз...

Қонақ келсе, қант сұрай келетін туыс қазақты тілдеді. Өзі ағалап-жағалап жүретін президентті «кәрі-сүйек» деп сөкті.

Айыр қалпақ ағайын ашық демократиялық саясатты ұстанатын, тақты мұрагерге немесе ізбасарға бермейтінін, сайлаудың әділ өтетінін айтып, ағынан жарылған Атамбаев кенеттен демарш жасады. Демаршы – өңірде дестабилизацияға әкеліп соқтыра жаздады.

Президент – провокатор. Бұл Президенттің өзі айтатын сөз емес

Саясаткерлер Оның бұл сөзін сайлау алды саяси науқан деп бағалап, провокацияға мән бермеуге шақырды. Президент – провокатор. Бұл Қазақстанның ресми өкілдерінің Алмас байкеге берген бағасы.

«Асып-тасып сөйледі, қызыл эмоцияға берілді» десек те, Алмасбек Атамбаевтың сөзі көптің көңілін аударды. Бұл Президент айтатын сөз емес еді. Қырғыздағы әне-міне өтетін сайлау алдында электоратты өз адамына аударып қалуы үшін айтылған провокациялық осы бір әңгімені, ақыры айту керек болса, қырғыздың қынадай қаптаған депутаттары айтпапты ма... Саяси қателік.

Оу, Алатаудың арғы бетін жайлап жатқан қырғыздың Ақаев, Бакиев дейтін басшылары да кетті ғой. Әндіжанның биімен, құдалықтың буымен туыстасып жатқан жоқпыз ба?..дестік, біз.

Атамбаев пен Путинің достығы. Мәскеу де қырғыз сайлауына араласуда

Алмасбек Атамбаевтың ақ көбік ауыз боп айтқаны шетелдік БАҚ-тың контентіне айналды. Тенденция – Атамбаев пен Назарбаевтың арасы суыды.

Мысалы «BBC-дің» орыс тіліндегі сайты «Астанадағы бір кездесу үшін, Қазақстан мен Қырғызстан арасы суыды» деп жазады.

«19-қыркүейте Қазақстан Президенті қырғыз президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті. Ал қырғыздың Сыртқы істер министрлігі бұл үшін Қазақстанға наразылық білдіріп, сайлауға ықпал ету әрекеті деп бағалады. Бабановтың Қазақстанға жасаған сапары, оның сайлаудағы басты қарсыласы, қазіргі Президент Алмасбек Атамбаевтың ізбасары Сауранбай Жиенбековпен арадағы дауды ушықтырды» деп жазады.

«BBC» бейтарап позицияны ұстанатын лоялды ақпараттық агенттік дегенімізбен, оның орыс тіліндегі қызметкерлері фактіні нақтылап алмапты. Президент Назарбаев пен кандидат Бабанов Астанада емес, Алматыда кездесті. Бұл екеуі Алматыда кездесіп жатқанда Алмасбек Атамбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Сочиде сөйлесіп отырғаны тағы бар.

Орталық Азия мәселелері бойынша сарапшы Аркадий Дубнов қырғыздағы сайлауға Мәскеудің бей-жай қарамайтыны айтқан.

«Россия не может быть не заинтересована в выборах в Киргизии хотя бы потому, что ей нужно иметь в Бишкеке власть, лояльную по отношению к Москве». Иә, Кремльге керегі сөзін өткізе алатын, ОА саяси процесстерді бақылау жасай алатын оңшыл президент. Путинге қолайлысы – Сауранбай болуы бек мүмкін деген болжам да айтылды.

Қолайлы демекші, Атамбаев пен Путин соңғы бір жылдың ішінде бірнеше мәрте жүздесті.  Тіпті, Ала-арчадағы ақ сарайда кездескен Атамбаев пен Путин ресми протоколды бұзып, құшақтасып жүрды. Е, бәсе, Ресейдің гимні ойнаған сәтте Атамбаевтың қолын жүрегіне жүгіртіп жібергені тағы бар. Бұл жестикуляция алты жылдың ішінде Мәскеу мен Бішкектің арасы қаншалықты жақындасып үлгергенін аңғартады.

Ашуға алдырған әділетті жауап

«Азаттық радиосының» қырғыз тіліндегі қызметі де қазақ-қырғыз қатынасына сынадай қағылған Атамбаевтың сөзін талқылапты.

Сөйтіп, қырғыз саясатшысы Равшан Жиенбековтің «Атамбаевтың айтқаны әділетті. Ашуға алдырған әділетті жауап» деген пікірін берді.

«Қазақ туғандар біздің ішкі мәселелерімізге килігіп, сайлау кезінде тура емес нәрселерге жол беріп келеді. Қырғыз президенті эмоционалды адам. Бірақ ол азырақ шектен шығып кетті. Мұны дипломатияның тілімен жеткізсе де болар еді. Назарбаевтың Алматыны мысал еткені үшін қырғыздың жаңа саяси жетекшілері кемсініп жатыр. Бұл ойдың ішінде «сендер кімсіңдер, керек болса Алматыға теңесе алмайтын мемлекетсіңдер» деген басыну бар. Алматы мен мен Қырғызстаның бюджетін салыстыруға келмейді. Өйткені ол мұнай, газ, бағалы метелл есебінен толықтырылып отыр. Бұл олардың билігінің игілігі емес. Алматыны қарқынды дамып келе жатқан Таллин, Вильнюс сияқты қалалармен салыстырса бір жөн», - дейді (Назарбаевдин Алматы шаарын мисал келтирип салыштыруусунун ичинде кыргыз мамлекетин жана саясий жетекчиликти кемсинтүү жатат. Бул ойдун ичинде "силер ким болуп калыпсыңар, керек болсо Алматы шаарына дагы тең келбеген мамлекетсиңер" деген басынтуу жатат. Бирок Алматынын бюджетин Кыргызстандын бюджети менен салыштырып болбойт. Анткени ал газ, мунай, металл сыяктуу баалуу жаратылыш ресурстарынын эсебинен толот. Бул алардын бийлигинин ийгилиги эмес. Алматы шаарын эч кандай жаратылыш байлыгы жок, бирок натыйжалуу өнүгүп жаткан Таллин жана Вильнюс сыяктуу шаарлар менен салыштырса бир жөн).

Ағылшын тілінде «Presstv.com» сайты «Қырғызстан ішкі саясатқа араласқаны үшін Қазақстанды айыптайды» атты мақала жария болды. Онда Президент Назарбаев пен кандидат Бабановтың кездесу сөз болған.

«Қазақстан (Қырғызстанмен салыстырғанда-ред.) Орталық Азиядағы ірілеу әм бай мемлекет. Ол да Ресеймен жақсы қарым-қатынаста. Алайда, Астана мен Бішкектің арасындағы саясат салқын. Оған себеп трансшекаралық сауда-саттық пен су ресрустарын пайдалану секілді мәселелер» (Kazakhstan, a bigger and wealthier Central Asian nation, is also a Russian ally, but relations between Bishkek and Astana have been rocky due to tensions over cross-border trade and the sharing of water resources), - деп жазады.

«Jamestown.org» қазақ-қырғыз арасында дау тудырған кездесу жайлы саяси шолуын жария етті. «Қырғыз сайлау алды шахмат тақтасындағы Назарбаев гамбиты» атты мақалада Бабанов СДП өкілі, Атамбаев мұрагері Сауранбай Жиенбековке қарсы тұрар қауқары бар бірден-бір кандидат – Бабанов екендігін жазады.

«Назарбаевпен кездескеннен кейін Бабанов нөпір сының астында қалды. Әсіресе сыншылар оны ел мүлкін шетелдік олигархтарға сатпақ болды деп айыптайды. Десе де, оның жақтаушылар көп» (After his talks with Nazarbayev, Babanov came under fierce attacks from various media outlets in Kyrgyzstan that lean toward the sitting president, Almazbek Atambayev (For.kg, September 20). Critics specifically accused him of scheming to sell out the country’s wealth to foreign oligarchs. Nevertheless, he is still widely recognized by many observers in Kyrgyzstan as the only opponent capable of defeating Sooronbay Zheyenbekov, the ruling Social Democratic Party of Kyrgyzstan (SDPK) nominee, who has been groomed by Atambayev), - дейді.

Ал «Мicetimes.asia» порталы «Путиннің достары арасында дау шықты. Назарбаев пен Атамбаев арасы суыды» атты мақала жариялады.

«Қырғыздың қазіргі басшысы Алмасбек Атамбаев Сочиде өтетін ТМД елдері басшыларының кеңесіне барудан бас тартты. Бармауының себебін «елдегі саяс науқан кезіндегі бейберекетсіздіктер» деп түсіндірген. Дегенмен, Атамбаевтың Сочиге барудн бас тартуы – Нұрсұлтан Назарбаевпен көріскісі келмеуі де негізгі себептердің бірі» (The current leader Almazbek Atambayev has cancelled his trip to Sochi for a meeting of the Council of heads of CIS States in connection with information about upcoming in the Republic of the riots, reports TASS. Also the reason may be the reluctance of the state to meet with Nursultan Nazarbayev, with whom he had a correspondence conflict), деп жазады басылым.

Түріктің «Mynet Haber» сайты да қазақ-қырғыз қарым-қатынасы туралы мақала жариялап, екі елдің арасындағы даудың білтесін тұтатушы Өмірбек Бабанов депті.

Жә, Атамбаевтың ақырғы сөзі осы мазмұндағы мақалаланың арқауы болды. Дейтұрғанмен «Назарбаев пен Атамбаев арасындағы дау» деген контенттің ең креативтісін – «Вечерний Бишкек» жазды.

«1 миллион қазақстандық Атамбаевты президент болуға шақырды» деген мақалада жоғарыда айтылған саяси тартыс туралы ақпараттар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерді топтапты.

Түйін: Міне, өткен аптадағы Атамбаевтың қызды-қыздымен айтқанының ақыры осы болды. Сөздің түйінін түйе отырып, қырғыз тіліндегі мына бір учкул сөздүү айтқанды жөн көрдік.

«Бир туугандарыбызды, түгөйүбүздү, атабызды сүйгөнүбүз менен, жан кыйнылганда ар дайым оозубузга биринчи энебиз келет». Авторы кім екенін білмедік. Дегенмен, бір туған қырғыздың осы сөзін қазақшаға қотормасақ та түсінікті болар.

«Хан Кене мен Наурызбай батырдың қолына қарсы шапқан қырғыз манаптарының ішінде айыр қалпақты милықтата киіп алған орыс-казак жасақтары болды дейтін дерек бар. Сөйтіп ақырында ақ патша қырғызды қазаққа айдап салып дегеніне жеткен көрінеді. Әйтсе де, бірақ, қазақ пен қырғыздың іргесі бөлінген жоқ. Шоқан қырғыз тарихына шолу жасады. Енесай мен Алатоодың арасында көшкен қырғыз көшін "эпопеялық көш" деп атады." Манас жырын" қағазға түсіріп, ғылыми айналымға енгізді. "Ыстықкөл очерктерін" жазды. Мұхтар Әуезов Мәскеуде "Манас жырын" "буржуазияның жыры" деп бет қаратпаған Совет цензурасынан қорғап қалды. Жас әм талантты жазушы Шыңғыс Айтыматовты биікке көтерді. Сол Шықаң "нағашы жұртыма барып келейін" деп Алатаудың теріскей бетіне аттанғанда қазақ жазушылары алты қанат ақ боз үйін тігіп алдынан шығатын. Қала берді, қазақты қырғыздай жақсы көретін, қырғызды қазақтай бауыр тұтатын ел кемде кем. Міне, осындай арқа-жарқа елдің арасына Атамбаев сияқты оңғақ саясаткерлердің сөзі сына болып қағылмауы керек деп ойлаймын. Атамбаевтар келеді кетеді. "Сенің де кигенің ақ қалпақ, менің де кигенім ақ қалпақ, бетіміз біздің жап-жалпақ" деп қазақ-қырғыз аман-есен жүре берсін!». Бұл жазушы Дәурен Қуаттың жазғаны. Біздің де айтпағымыз осы.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5244