Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 8185 40 пікір 8 Қараша, 2017 сағат 15:46

Қазақтың жерін басып жүрген әр адам қазақ тілін білуі керек

 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских латын әліпбиі өз тілін білмейтін қазақтарға ана тілін үйренуге керемет мүмкіндік  беретінін айтып сөз алды деп хабарлайды Абай-ақпарат

“Елбасымыздың сәуір айында шыққан кезекті бағдарламасында халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртатындай үлкен бағдар берілді. Соның бірі – латын әліпбиіне көшу. Біз латын әліпбиіне көшпейміз – ораламыз. Себебі, өздеріңіз білетіндей, 1929 жылдан бастап, 1940 жылға дейін біз латын әліпбиін пайдаланып келдік. Алайда белгілі бір саяси себептермен біз басқа жазуға көшуге мәжбүр болдық”, – дейді Геннадий Шиповских.

Мұнымен қатар, ол 90-жылдары әліпбидің ауысуына  ешкімнің көп бас қатырмағанын айтып өтті. Себебі, ол кезде қазақстандықтардың алдында әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді шешіп алудың қажеттігі күн тәртібінде тұр еді.

“Араға 25 жыл салғанымызды ескеріп, әліпбиді ауыстыратын уақыт келді дегенге кәміл сенемін. Әр адам Қазақстанда қазақтың жерін басып жүргеннен кейін қазақ тілін білуі керек. Ешбір тілді шеттетпейміз. Қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлей алмайтындар да баршылық. Меніңше, латын әліпбиі өз тілін білмейтін қазақтарға қазақ тілін меңгеруде керемет мүмкіндік береді”, – деді депутат.

Abai.kz

40 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1981