Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017
46 - сөз 2094 2 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 08:04

Үйін жинатып, кредит алдырып, малай қылған!

Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жетібаева өзінің қызметкерлеріне үйін жинатып, тамағын істетіп, кірін жуғызып, малай қылып ұстаған.

Басқа қызметкерлеріне кредит алдырып, кейбіреуінің айлығын заңсыз алып отырған. Қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасап үнемі психологиялық қысым көрсетіп отырған. Өзінің қызмет бабын асыра пайланып, қызметкерлеріне: "Сен малсың, құлсың " деген сөздермен үнемі ар-намыстарын таптап келген.

Қазіргі кезде Жетібаеваның үстінен арыз түскен. Қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр. Түркістан қаласының прокуратурасының араласуымен бұл іс те оңды нəтижесін береді деген үміттемін!

Құрметті аналар, əйелдер, өздеріңізді бұлай қорлатып қоймаңыздар! Тиісті органдарға дəл уақытында арызданып үйреніңіздер!

Айгүл Орынбек

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір