Бейсенбі, 19 Желтоқсан 2024
Әдебиет 7136 7 пікір 22 Қараша, 2017 сағат 11:40

І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы әділ өтуі керек

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әдебиет порталында» онлайн түрде І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Әдебиет порталына сілтеме жасап.

Аталмыш конкурстың мақсаты –  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау.

Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:

– проза жанры бойынша: роман, повесть – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– проза: әңгіме, эссе – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– поэзия: поэма – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– поэзия: топтама өлеңдер – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– драматургия – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– әдеби сын – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– поэзия (балаларға арналған өлеңдер) – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

– проза (балаларға арналған прозалық шығармалар) – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге.

Байқауға шығармалар 5-желтоқсанға дейін қабылданады.

Айта кетейік, конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталында» толықтай жазылған.

Қазір конкурстың әділ өткізу туралы түрлі пікірлер айтылуда. Олардың дені әдеби аламанның бармақ басты, көз қысты болмауын қалайтындарын айтады.

Нұрбек Түсіпхан, әдебиеттанушы:

- "РУХ" әдеби байқауы туралы. Әдебиетпорталы қазір жаңа шығармаларға толы. Күніне бірнешеуін жариялап жатыр. Бәрін оқып үлгеру де жұмысбасты адамға қиын екені түсінікті. Енді осы бір байқаудың әділ өткенін қалаймын. Өзге байқаулармен салыстырғанда 24 миллион теңге аз емес, әрине. Оның шашауын шығармай, қатысушыларды ренжітпей бөліп беру оңайға түспейді. Сондықтан, қазылар алқасы әр шығармаға арнайы рецензия жазып, әсіресе жүлдеге ілінгендерге толық талдау жасаса. Мүмкін болса әрбір қазы жеке-жеке жазса. Бәйге қорытындысы шыққанда осы пікірлерін топтама етіп осы порталға жарияласа. Әрине, бұдан соң түрлі пікірлердің көбейетіні рас. Бірақ,жүлденің шынымен жақсы жазылған шығармаға берілгеніне көз жеткізу үшін осындай ашықтық керек сияқты. Бәйгеге қатыспағандар да оқысын. Салыстырсын.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1889