Жұма, 29 Наурыз 2024
Білгенге маржан 6995 2 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 12:14

Тұтынушылар... не тұтынып жүр? Қалай тұтынып жүр?

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, тұтынушы құқықтарын және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) тапсырысы бойынша, тұтынушы құқықтарын қорғау саласының ахуалын білу мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізді деп хабарлайды Абай-ақпарат ақпарат агенттігі.

Комитет жүргізген сауалнамаға Қазақстанның 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан 2500 респондент қатысқан.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұтас алғанда Қазақстан бойынша тұтынушылардың негізгі құқық бұзушалықтары қызмет көрсету саласында болған – 73%. Мұндай жағдай көбіне Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады - 85%. Ал ең аз Астана қаласында байқалған – 70%.

Сонымен қатар, сапасыз дүниелер көбіне өнеркәсіптік тауарларда емес, сауда тауарларында ұшырасады - 78%. Қазақстан бойынша сапасыз тауарларды тұтыну жағдайлары көбіне Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында – 84%, ең аз Жамбыл облысында байқалады – 67%.

Жиі құқық бұзушылықтар баға мен чектегі соманың сәйкес келмеуі – 34%, сатып алушыларға қосымша тауарларды тықпалау – 29%, персоналдың дөрекілігі – 25% және тауар немесе қызмет сапасының айтылған дейгейге сай келмеуі – 24% болып келеді.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жалпы Қазақстанда тұтынушылардың құқықтары жиі бұзылатын салалар: бөлшектік сауда саласында – 14%, қоғамдық тамақтану саласында – 12% құрады, ал қоғамдық көлік, ПМК және нарықта саудаласу  салаларына 9%-ан келеді.

Өңірлер қатарында тұтынушылардың құқықтары жиірек Атырау облысында – 33% және Ақмола облысында – 31% бұзылды.

Жалпы алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеу тиімділігінің деңгейін бағалаған кезде 58% респондент мемлекетке деген сенімінің артқанын атап өткен.

Тұтынушылардың сатып алар алдында тауарлардың жарамдылық мерзімін ғана тексеріп, сатып алатын тауарында әлеуетті зиян қоспалардың болуына аз мән береді, ал сату орындарында ілінген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпаратты адамдардың көпшілігі оқымайтындығын айта кету қажет. Бұдан көрсетілетін қызметтердің сапасымен орташа қанағаттану, тауар сатушыларының және қызмет көрсетушілердің әрекеттеріне көңіл толмау, тұтынушылардың құқығын қорғауға қолданылатын мемлекеттік шаралардың әлсіздігі, тұтынушылардың тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңнамадан ақпараттылық деңгейінің жоғары болмауы және сотта өз құқығын қорғауға ынтасының болмауы деген тұжырымдар шығады.

Сұралғандардың көбі олардың тұтынушылық құқығы бұзылуы кезінде өз құқықтарын қорғамаған және ешбір жерге бармаған. Өз құқықтарын сотта қорғауға ниет білдіру тауар құнына байланысты, егер ол көп шаманы құраса, сауалнамаға қатысқандардың көбі сотқа баруға дайын, кері жағдайда олар бұнымен айналыспайды.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жүргізіп отырған саясатының, ұстанған бағытының дұрыстығын анық көрсетті.

Абай-ақпарат 

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616