Сәрсенбі, 25 Ақпан 2026
Жаңалықтар 107 0 пікір 25 Ақпан, 2026 сағат 14:04

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер берілді

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуежайда оны жүздеген жанкүйері күтіп алды. Сол жерде алтын жүлде иегеріне үш бөлмелі пәтердің сертификаты тапсырылды.

Сондай-ақ сертификаттар мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға, спортшының жеке бапкері Алексей Урмановқа және ұлттық құраманың бас бапкері Әсем Қасановаға берілді.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, тәуелсіз Қазақстан тарихында қысқы спорт түрлерінен шыққан екінші Олимпиада чемпионы атанды.

Abai.kz

0 пікір