Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4007 3 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 04:10

Үш мәңгі

Қытай өзгерді. Коммунистік партия диктатурасынан гөрі авторитарлық президент билігін жөн көрді. Жексенбі күні Си Цзиньпин "мәңгі басшы" болып бекітілді. Енді наурыздың 18-інде Ресей бейресми "мәңгі президентін" қайта "сайлап" алмақшы. Сөйтіп, "Мәңгі елдің" қос көршісі "Мәңгі авторитаризм" режимдерін заңдастырып жатыр. "Мәңгі" деп айтқан сайын Тарих Ата мырс ете қалатын болар. Бірақ ғұмыры шектеулі, ары кетсе бір ғасырдай уақыт ішінде, осы шақта арқандаулы күйі айналып жүрген көптеген замандастарымның күлуге зауқы жоқ.

P.S. Еуразия Одағы мен Шанхай ұйымын қойып, "Үш Мәңгі" деген жаңа саяси бірлестік құрып алуды ұсынам

Ғалым Боқаштың Фейсбуктегі парақшасынан

Abai.kz

3 пікір