Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 5589 2 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:55

Үш мерген

Әбіл Нүсіпбаев, - қазақ, өзінің 3 немісті жайратқанын айтып отыр. Ол елуден аса неміс пәшестің көзін жойып, өзі 1942 жылы қаза тапқан.

Төлеуғали Әбдібеков, - қазақ, 397 пәшесті жайратып, өзі 1944 жылы ерлікпен қаза тапқан.

Анорбай Ержанов, - өзбек, 60 пәшесті өлтіріп, өзі 1942 жылы қаза тапқан.

... . ...

1944 жылдың 22 ақпанында Әбдібеков пен неміс мергенінің арасында мысық-тышқан құсап аңдысқан тарихи жекпе-жек болған.

Төлеуғали ағамыз суық тиіп ауырғанына қарамастан, ақ қар, көк мұзды жастанып жатып, неміс мергенін ұзақ бақылаған. Әлде жөтелді ме екен, мүмкін ауыр сырқаттан қиналып дөңбекшіді ме, әйтеуір, неміс мергені байқап қап, бірінші боп оқ атады да, Әбдібековты мойнынан жаралайды.

Төлеуғали батыр ауыр жараланса да, неміс мергенінің жатқан орнын анықтап, бір оқпен мұрттай ұшырады.

Артынша, қансырап жатып, өзі де көз жұмған...

Бұл оның дұшпанмен болған соңғы жекпе-жегі еді...

Қанат Ескендір

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір