Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Құйылсын көшің 4671 7 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:22

CІМ орынбасары қысым көрген қазақтардың мәселесімен Қытайға бармақ

Біздің портал кеше ғана "Белгілі ғалым Қытай түрмесінде қамауда отыр", "Әбдірахманов мырза, Анаргүлге араша түсіңіздер!" атты екі мақала жариялаған еді. Бүгін сол жақтағы бүкіл қазаққа белгілі Қытай қысымына түскен екі азамат турасында материал дайындап қойған едік. Қазақстандағы таныстары ол екі азаматтың он шақты күн ғана қамауда болып, тек қызметінен төмендетілгенін және басы аман, бауыры бүтін екенін айтқандықтан, қандас бауырлардың тағдырын Құдайға тапсырғанды жөн деп шештік. Қош, бұған дейін де біздің портал арқылы Қытай саясатының тепкісін көрген қандастар жайлы жүздеген мақала оқырманға жол тартты. Соны біздің билік құлаққа іле бастаған сыңайлы.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Қытайда қысым көріп жатқан этникалық қазақтарға қатысты мәселеге түсініктеме берді. Сондай-ақ, ол Қытайға барып, елшілік арқылы қандастардың мәселесін талқыға салатынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, қиындыққа ұшырап отырған этникалық қазақтар Қазақстанға келіп, оралман мәртебесін алған. Бірақ Қытайда тұрақты тіркеуден шықпай, сол елдің жеңілдіктерін алып келген.

"Олар тұрақты тіркеуден шықпағанына байланысты қамалып отыр. Себебі олар тұрақты тіркеуден шықпағандықтан қосымша әлеуметтік төлемдерді алып отырған. Сол себепті жергілікті билік бұған тыйым салып отыр. Сондықтан біз жеңілдіктер жасағанда оны жан-жақты қарап, Қытайдың талаптарына қайшы келмейтіндей жасауымыз керек. Бұл мәселе бойынша Қытай үкіметімен келіссөз өткізіп жатырмыз. Мен ертең өзім Үрімжіге шығамын. Сол жақтағы қазақ диаспорасының мәселелерін талқылауға барамын",- деді Мұхтар Тілеуберді.

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысымға ұшырағаны туралы ақпараттар 2017 жылдың сәуір айынан тарай бастаған. Шыңжаңда ұсталғандар арасында Қытайдан тарихи Отанына оралып, Қазақстан азаматтығына ие болғандар да бар.

Бұған дейін Қытайдан келген оралмандар Алматыда туыстарын Қытайда заңсыз ұстап отырғанына наразылық танытып, әкімдіктен бейбіт шеруге рұқсат сұраған.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3515