Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Дін мен тін 5162 27 пікір 30 Мамыр, 2018 сағат 09:11

Дін саясиланып барады

Бүгінгі таңдағы  адамзат қоғамындағы болып жатқан замануи үрдістер, кейде бізді құндылықтарымызды қайта бағамдап, болашаққа басқа бағдар жасауға үйретіп жататыны сөзсіз.

Тарих сан тарауға бөлініп жатады, бір орында тұрған ешнарсе жоқ, бүгінгі тарихымызда замануи деген сөздің  өзі күніне өзгеріске ұшырайтын шамаға жетті. Біздің дәуіріміз, адамзат қоғамның даму тарихындағы үлкен пластты алып отырған ерекше жаңа ақпараттық дәуір. Кезінде Ясперс атап көрсеткен «уақыт өсі» ұғымы замануи үрдістерді айқындап, адамзат қоғамнының постиндустриальды даму дәуірі мен жаһанданудың даңғыл жолына түсіп жатқанын берген болатын.

Жаһандану үрдісі бүгіндері әлемдегі негізгі қозғаушы күш пен жаңа тенденциялар мен ақпаратттық желісін тамырдай жайған, жаңа технологиялардың даму үрдісін қалыптастырушы фактор. Алайда, жаһанданудың пайда болуымен пайда болған кей сұрақтарға адамзат мүддесі үшін ыңғайлы емес жағдайлардың туындап жатқанын ескерсек, айдың арғы беті бар екенде еске түсіреміз. Сондай жаңа мәселелердің бірі діннің саясиланып, террорлық, экстремистік құралға айналуы болып отыр. Саяси, экономикалық, діни және де ұлт пен мәдениетаралық қатынастардағы туындап жатқан жаңа мәселелер бұрынғы осы салалар бойынша құнды саналған ойлар мен шешу механизмдерін қайта қарап, жаңа қорытынды жасауға итермелейтіні анықталды. Құндылықтарды қайта өлшеу керек екендігін бұрын соңды болмаған жаңа мәселелердің пайда болуымен байланыстырамыз. Осы жаңа мәселелер болып отырған терроризм мен экстремизм әлемдегі көптеген мемлекеттер мен қоғамдардың өз құндылықтарын қайта қарау мен қайта құруға әкеліп жатыр.

Бізде тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік аренада болып жатырған үдерістердің белсенді қатысушы бола отыра, мұндай мәселелерден тыс бола алмаймыз. Оған куә соңғы жылдары елімізде болаған террорлық актілер мен діни ахуалдың тәуелсіздік жылдарындағы күрт өзгеруі. Және де геосаяси орналасуымыз бойныша да Орта Азиядағы ең маңызды саяси күш ретінде де, біздің кемемізді қандай да болмасын тақырыптарды құрал ретінде пайдаланған күштер тербетуге тырысары да сөзсіз. Мұны біз дін арқылы елімізге іріткі мен қоғам санасына у себіп жүрген әртүрлі діни-саяси топтардың қозғалыстарынан байқаймыз. Мысалы сол ДАИШ-тың да жастарымызды интернет арқылы болсын, ішкі рекрут жұмыстары арқылы болсын өз қатарларына қосып алып жатырғандығы.

Мінекей, осындай құдай мен адамның арасын саудалап жүргендердің, арамза саяси жұмыстарына қарсыласу үшін бізге мықты иммунитет керек. Ал ол иммунитет біздің тарихымыз бен салт санамыз болып табылады, яғни жер бетіндегі ұлт ретінде ерекшеленетін белгілеріміз. Екіншіден өте жақсы ұйымдастырлыған мемлекеттік жұмыстар мен әділ де, әділетті құқықтық құралдар.

Осы мәселе төңірегіндегіе еліміздегі құқықтық құралдарға байланысты айтар болсақ, ресми билік діни экстремизм және терроризмге қарсы елдегі билік органдарын тегіс жұмылдыра отырып, мемлекеттік деңгейде күрес жүргізіп келеді. Заңдық негіздерге назар салсақ, 1999 жылдың 13 Шілдесінде «Терроризмге қарсы іс-қимыл» туралы заң қабылданды. 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс-қимыл» туралы заң қабылданды. Бұдан бөлек, 2013 жылдың 24 қыркүйегінде №648 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, сол бағытта қырауар жұмыстар жүргізілді.   Және де «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы» және де осы заң аясындағы жүргізілген жұмыстарды ескерсек, атқарылған жұмыстарда аз емес. Алайда терроризм мен экстремизм онымен күрескен сайын жаңа методтарды ойлап табуда, мысалға алатын болсақ бұрын террорлық актіні жарылыстар арқылы ұйымдастырған топтар, бүгінде жүк мәшинелері мен көліктерді құралға айналдырып отыр. Бұл дегеніңіз оларда қалыптасып жатырған жағдайларға бейімделіп, жаңа кейіп пен формалар ізденісінде дегенді білдірсе керекті.

Қазақстан біртұтас, саяси жүйесі қалыпты ел ретінде мұндай күнделікті кейіпін өзгертіп жатырған қауіп-қатерлердің алдын алу мақстатында өз іс-шара жоспарларында ұйымдастыратыны да анық. Оған дәлел «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы». Аталған құжат еліміздегі және әлемдегі діни ахуалды ескере отыра дайындалған өте маңызды құжат болып табылады. Тұжырдама негізінде, ағымдағы діни ахуал талданып, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму үрдістері пайымдалып, және оның негізгі қағидаттары мен тәсілдері анықталып, осы құжат негізінде бірқатар заңдық нормаларға өзгерістер мен толықтырулар дайындау көзделген. Яғни, елімізде дінді деструктивті құрал ретінде қолданудың алдын алу, зайырлы қоғам негізіндерін қалыптастыру арқылы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бірден бір алғышарт болып табылатын құқықтық құжат болып отыр.

Қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермейтін жаңа құқықтық норманың қажеттілігі мен актуалдылығы осындай мемлекет тарапынан қимыл қоғалысты туындатып жатыр. Тұжырмдамада елдегі діни ахуалға айқын баға беріліп, алғаш рет дін саласын құқықтық реттеу барысында жаңа бағыт-бағдарларға басымдылық жасалып, жаңа жұмыс жоспарын дайындалып отыр. Мысалы халықтың көпшілігі әлі күнге дейін «зайырлылықтың» өзін дұрыс түсіне бермейтіндігі айтылып, оның ешқандайда атеизм емес екендігі жөніндегі ресми анықтамалықтар.

Діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді іске асыруда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары тиімділігінің жеткіліксіздігі анықталып, осы тұжырымдама негізінде дайындалғалы жатырған бірнеше заңдарға өзгерістерге байланысты «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына да толықтыру жасалу қарастырылған. Бұл дегеніңіз үлкен кешенді істердің негізі, фундаменті осы тұжырымдамадан бастау алады деген сөз. Ведомоствоаралық өзара іс-қимыл барысындағы, дін саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жоспары үшін өзара іс-қимылды, ведомоствоаралық коммуникацияларды дамыту да жоспарланған. Бұл көптеген процессуалды мәселерді шешеді және де құқықтық құралдардың белсенді жұмысы көрінеді дегенді білдіреді, яғни жедел өзара іс-қимылдар арқылы пайда болып жатырған қауіп –қатерлерге дер уақытында жауап беруге тиімділікті арттырады.

 Тұжырмада кешенді шешімдер жасауға бағытталғанын ескеретін болсақ, қоғамдағы бірқатар бағыттарға мысалы ақпарат және коммуникация, білім мен денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,мемлекеттік қызмет, жергілікті өзін –өзі басқару сынды салалардағы экстремизмге жол бермеу жоспарлары арқылы елдегі діни ахуалдың оң бағамдарға сауалатыны көңілге үміт отын ұялатады.

Тұжырымдаманың индикаторлары бойынша:

  1. Ел халықының дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдау деңгейі 2018 жылы – 89%, 2020 жылы - 91%
  2. Халықтың мемлекеттің зайырлы даму қағидаттарын қолдауының өсуі деңгейі 2018 жылы - 61%, 2020 жылы - 63%.
  3. Халықтың діни экстремизм мен оның деструктивті идеологиясына қарсы іс-қимыл туралы хабардар болуының өсу деңгейі 2018 жылы - 76%, 2020 жылы 78% құрайды деп көзделген.

Осы нәтежиелерге қол жеткізетін болсақ, елімізде деструктивті және де діни  радикалды қозғалыстардың тіршілік ареалы тарылатыны анық. Тұжырымдама қысқа уақыт аралығындағы стратегиялық жоспар болғанымен халыққа берері көп. Оңтайлы жүргізілген ақпараттық жұмыстардың нәтежиесінде халықтың діни сауаты артып, өзіндік әрбір азаматтың экстремизм мен радикализмге қарсы индивидуалды иммуниеті пайда болады. Ал өз кезегінде еліміздің азаматтарын әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілетті ұлт өкілдеріне айналдырары сөзсіз.

Снадин Асылбек, дінтанушы,, тәуелсіз сарапшы 

Abai.kz

 

 

27 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1954