Сәрсенбі, 22 Мамыр 2024
Қаржы 6972 0 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 12:50

ЕЛУ БАЙ. ОЛАР КІМДЕР?

Forbes.kz сайты Қазақстандағы аса бай 50 бизнесменнің шеруін жариялады.

Шеру басында 2 400 000 000 доллары бар 58 жастағы Болат Өтемұратов көш бастап тұр. Болат Өтемұратов  «Верный Капитал» компаниясының басшысышы Болат Өтемұратов Вена мен Мәскеудегі Ritz-Carlton отелінің иесі.  Ол сондай-ақ ақпараттық-сараптамалық  Informburo.kz интернет-порталы мен «31 арнаның» де қожайыны болып табылады. Бизнесмен сондай-ақ  ITF Халықаралық теннис федерациясы директорлар кеңесіне мүше, Қазақстандағы теннис федерациясын басқарады, «Асыл-Мирас» атты қайырымдылық қоры бар.

Елу байдың екіншісі – 2 100 000 000 доллар жинаған Тимур Кулибаев дейтін кісі. Тимур Кулибаев зайыбы Динара Кулибаева екеуі «АЛМЭКС» АҚ Холдниг тобы арқылы Халық банкті басқарады. Оның құзырына сондай-ақ «Фирма «АЛМЭКС Плюс» ЖШС-нің,  «Кипрос» ЖШС-нің, «Mercury Properties» ЖШС-нің, «Аксайгазсервис» АҚ-ның, «Viled Group» ЖШС-нің ,  «Viled Fashion» ( Saks Fifth Avenue сауда желісі) ЖШС-нің қазақстандық активтері бар.  «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқарады. Елу байдың көшін бастап тұрған Темкең қазір 50 жаста.

Үшінші бай -  әйгілі Владимир Ким. 55 жастағы Владимир Ким 1 700 000 000 АҚШ долларына ие. «Қазақмыс Корпарациясы» ЖШС-нің 70 пайыз үлесі Кимнің қолында.  Былтыр Кимнің қаржысы 1 800 000 000 доллар болған еді.

Төрдегі байлардың төртіншісі – Дінмұхамет  Ыдырысов деген азамат. 51 жаста. Ыдырысовтың байлығын аталған сайт 479 000 000 доллар деп көрсетіпті. Ыдырысов «Алма-ТВ» ЖШС-нің 100 пайыз, , «Казазот» ЖШС-нің 30 пайыз, , 9,68 % АО «Bank RBK»-нің 9,68 пайыз, , «Страховая компания Amanat» АҚ-ның 100 пайыз, , «Актюбинский завод нефтяного оборудования» АҚ-ның 29,9  пайыз акциясына ие. «Дом мамы» қайырымдылық жобасына қатысушылардың бірі.

Бесінші бай – 37 жастағы Кеңес Рақышев. Казкоммерцбанктің 71,31 пайыз акциясына тікелей және жанама бақылау жасайтын іскер жігіттің қалтасындағы қаржы көлемі 718 000 000 доллар көрінеді.  «7 канал» дейтін телеарнаның қожайыны болып табылатын Рақышевтің  «Magnum Cash & Carry», SAT & Company, «Страховая компания Standard»,  Central Asia Metals Plc Net Element ,  SAT & Company и Net Element атты бизнестік құрылымдарға қатысы бар. ҚР дзюдо Федерациясының президенті.  «Дом мамы» жобасына  да тұрақты ат салысып тұрады.

Алтынышы алпауытыңыз – 63 жастағы Алиджан ака. Алиджан Ибрагимов. 1 800 000 000 долларды қампайтып қалтасына басқан Алиджанды аталған сайт неге алтыншы орынға қойып отырғанын түсіне алмадық.

350 000 000 АҚШ долларымен Қайрат Боранбаев жетінші орынға жетіпті. 50 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстан мен Беларуссиядағы McDonald’s-тің франчайзі.   «Phystech II» мұнай АҚ-ның 30 пайызы, , «Esentai Mall» Сауда орталығының 50 пайызы,  «Esentai Tower» бизнес орталығының 50 пайызы, , «Рахат Палас» қонақ үйінің 50 пайызы осы азаматтың қолында.  Медеу аңғарындағы  «Medeu Resort»  қонақ үй кешені де Қайратқа қарайды.  «Кемикал» мұнайхимия компаниясына Қайрекең қожалық етеді.

Сегізінші орындағы серкеміз – Рашит Сәрсенов. 68 жаста. 669 000 000 доллардың иесі. «Новое поколение» дейтін орыс тілді газет осы Рахаңның арқасында рахат өмір сүруде.  Vita деп аталатын ауыз суды шығаратын (тазалап шығаратын) Сәрсеновтің компаниясы Gelios жанармай стансаларының қызметіне де бақылау жасайды. Опа-далап, иіссулар брендтімен аты шыққан «Французский дом» сауда үйі де осы кісінікі.

Елу байдың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады: http://forbes.kz/ranking/50_samyih_vliyatelnyih_biznesmenov_-_2016 Алпауыттардың қатарында экс-премьер Сергей Терещенко да бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2247
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2603
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2578
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1688