Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 7158 0 пікір 18 Қараша, 2016 сағат 12:32

РФ: "БІЗГЕ КӨРШІ ЕЛДЕР ОРЫС ТІЛІНЕ ЕРЕКШЕ СТАТУС БЕРУІ КЕРЕК"

Ресейлік ТАСС агенттігіне сұхбат берген РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Элеонора Митрофанова «бұрынғы одаққа мүше болған елдерде орыс тіліне ерекше жағдай жасалуы тиіс» депті.

«Орыс тіліне қатысты әлем елдерінде проблема көп. Соның ішінде ең жақын көрші елдердегі орыс тілінің статусы болып отыр. Орыс тіліне айрықша мәртебе алып беру біздің басты міндетіміз. Тым құрыса ТМД аумағында орыс тілі Халықаралық қатынас тілі болу керек. Қазір оның өзі қиын болып отыр», - дейді Митрофанова.

Митрофанованың меңзеп отырғаны Украина мен Балтық елдері болғанымен қауіпті сөздің қазаққа да қарата айтылып тұрғанын аңдау қиын емес.

БҰҰ 2015 жылғы дерегіне көз жүгіртсек, ТМД аумағында 138 миллион халық болса, олардың 61 миллионы орыс тілінде еркін тілдеседі екен.

Яғни, бұл көрсеткіш Путин билігіне ұнамайды. Енді олар, ТМД аумағында орыс тілін салтанат құрғызу үшін қоқан-лоқы жасай бастайды деген сөз. 

Жалпы, Ресей халықаралық заң нормаларында көрсетілмеген, арғы-бергі тарихта болмаған "жаңалық" ашуға құмар ел. "Жер бетіндегі орыстілді халықтарды қорғаймыз" деп айды аспаннан шығарған кезде біздің мемлекет онсыз да қалі мүшкіл өз тілін екінші санатқа ысыра салып, орыс тілінің дамуына бар жағдай жасап бере қойды. Оны қойшы, қазір Ресейдегі көптеген саясаткерлер "отандастар" деген су жаңа ұғым ойлап тауып, шаңырағы баяғыда ортасына түскен КСРО тұрғындарының "құқығын қорғамақ" болып жүр. 

Олар айтқан "отандастардың" ішінде біздің елде қазақтың нанын жеп отырып, жүрегі Ресей деп соғатын азаматтар көп екеніне шүбә келтіре алмаймыз. Бүгіннің өзінде қос азаматтығы (ҚР Заңдарын пысқырмайды, олар) бар олар, енді онсыз да ресми тіл деген статусы бар тілдерін онан әрмен даңғыл жолға салу үшін барын салатыны белгілі.

Қазақстанда тұрып, Ресей билігінің айтқанымен жүретін, соны талап ететін азаматтар пайда болып жатса, еліміздің құзіретті органдары қарап отырмауға тиіс.

Ресейдің Сыртқы істер министрі өз сөзін емес, мемлекеттің позициясын білдірді.

Бұған біз секілді елдер не деп тіл қатар екен?

Уақыт көрсетер! 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377