Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 1991 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 18:58

Сарыағаштың өнімі үлкен сұраныста

Қазақстан жері көлемді мемлекет болғасын, қашан да ауыл шаруашылығына көңіл бөлуі тиіс. Ауыл шаруашылығы дегенде көп адам астықты ойлайды. Астық деген – нан. Әрине, астық өндіру өте маңызды. Дегенмен, басқа өнімдерді де ұмытуға болмайды.

Яғни, жеміс-жидек, көкөніс, қысқаша айтқанда бау-бақша дақылдары. Бұларды өндіру арқылы өз азаматтарымыздың мұқтажын өтеп, шетелге экспортқа шығарып, қыруар табысқа кенелуге болады. Әрине, айтқанға оңай. Дегенмен, қол қусырып қарап отыра берген де болмайды. Сол себепті Қазақстан ауыл шаруашылығын аяққа тұрғызуға кірісті. Бұл үшін мемлекет «Агро бизнес 2020» бағдарламасын даярлады. Осы бағдарлама аясында Оңтүстік өңірінде кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар аз емес. Сол себепті болар, олардың көңілдері көтеріңкі. Халықтың да әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келеді.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, Сарыағаш ауданында бүгінде 1891 гектар жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар биыл 13184 тонна өнім алып отыр. Биылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құраған. Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Биыл жылдағыдан мол өнім алып отырғандығын айтқан диқандар жиналған 8871 тонна техникалық жүзім сортын аудандағы «Caspian Food» ЖШС мен «Семиречье» ЖШС-нің шарап зауыттарына өткізгенін айтуда.

Ал қалған өнім ішкі нарыққа және еліміздің басқа облыстары мен 500 тоннасы Ресей Федерациясына жөнелтілген. Айта кетейік, өткен жылы 1648 га жүзім алқабынан 13 мың тонна өнім алынды. Орташа өнімділік 79,2 цн/га болған. Міне, осылайша шаруалар мемлекеттен көмек алып отырғасын, аянып қалмасы анық. Бұған өткен жылға қарағанда артқан көрсеткіш куә. 

Abai.kz

0 пікір