Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3465 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:38

Егіс көлемі 12,8 мың гектарға артқан

Оӊтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылыныӊ барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мыӊ гектарға артқан, деп хабарлайды облыстық әкімдік. 

Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оныӊ ішінде тереӊ қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Мәселен, диқандар 214,4 мыӊ га жерге масақты дақыл егіп, оныӊ әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж 17,8 ц/га), барлығы 470 мыӊ тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мыӊ тоннаға артық.

Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мыӊ тонна өнім жинауды жоспарлаған.

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мыӊ тонна көкөніс, 991 мыӊ тонна бақша, 181 мыӊ тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтыӊ тұрғындары жалпы биыл 125 мыӊ тонна жеміс-жидек және 73 мыӊ тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Бүгінге күнге дейін олар 47 мыӊ тонна жеміс, 23 мыӊ тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар мал азығын да дайындалды. Шаруалар жоспарлаған 3485 мыӊ тоннаныӊ 3747 мыӊ тоннасын (108%) дайындап үлгерген.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. 

Оныӊ айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардыӊ егіс көлемі 73 мыӊ гектардан 80 мыӊ гектарға, бақша 49 мыӊнан 59 мыӊ гектарға, ал көкөніс 27 мыӊ гектардан 40,4 мыӊ гектарға, картоп 9 мыӊ гектардан 15,3 мыӊ гектарға артқан. Сондай-ақ, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Abai.kz

0 пікір