Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3129 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 11:54

Отырарда игерілген суармалы жердіӊ көлемі 24 мыӊ 338 гектарға жетті

Бюроға қатысушылар күн тәртібіндегі Отырар ауданыныӊ әкімі Е.Айтахановтыӊ 10 айда атқарылған жұмыстары мен облыстық Еӊбек инспекциясы жөніндегі басқармасыныӊ басшысы Б.Есқараевтыӊ есебін тыӊдады. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттағы "Нұр Отан" партиясыныӊ фракциясына мүше депутаттарыныӊ сайлауалды бағдарламаларыныӊ орындалуымен бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе атқарған жұмыстары бойынша облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі С.Ибадуллаев баяндама жасады.

Ауданныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерін баяндаған Ерлан Айтаханов10 айда өнеркәсіп кәсіпорындары 11 млрд 522 млн. 700 мыӊ теӊгеніӊ өнімін өндіргенін атап өтті. 

"Өӊіріміздіӊ аграрлы аймақ екенін ескерсек, ауыл шаруашылығыныӊ дамуына ерекше назар аударылуда. Егіс көлемін ұлғайту, жаӊадан қосылған жерлерді игеру, заманауи технологияларды кеӊінен енгізу жылыжай, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы жылдыӊ есепті кезеӊініӊ қорытындысымен ауыл шаруашылығыныӊ жалпы өнім көлемі 11 млрд 539 млн теӊгені құрап, өткен жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда 3 млрд 179 млн теӊгеге өскен. Ал игерілген суармалы жердіӊ көлемі 24 мыӊ 338 гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2 мыӊ 700 гектарға артқан. Бүгінгі таӊға дәндік жүгеріден 27 677,5 тонна, көкөністен 9 610,5 тонна, бақшадан 110 428 тонна, картоптан 2009,2 тонна өнім жиналды",-деді аудан әкімі.

Баяндаманы тыӊдаған облыс әкімі аудандағы жеткен жетістіктерді ғана емес ондағы проблемаларды да көтеріп,оны шешу жөнінде ұсыныстарды да қоса ұсыну қажеттігін ескертті. Мәселен, ауданда 17 мыӊ га жер игерілмеген. Елді мекендерді газдандыру және суармалы жерлердіӊ көлемі төмен екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарындағы қылмыс 90 пайызға өскеніне тоқталған аймақ басшысы жергілікті полиция қызметініӊ жұмысын жүйелеуді тапсырды.

Абай ақпарат 

 

0 пікір