Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5676 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 11:20

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2020 жылдар аралығында орындалатын стратегиялық алты бағыт айқын

ОҚО-да Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2020 жылдар аралығында орындалатын стратегиялық алты бағыты айқын, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мал шаруашылығын дамыту Оңтүстік Қазаұстан облысында өзге де республикалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылуда. Мәселен, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 22 мың аналық iрi қара сатып алынды. Тұқымдық түрлендiруге 72,3 мың аналық iрi қара алынды. Ол жалпы ұрғашы малдың 19,1 пайызына тең.

Сол секiлдi «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 31,4 мың қой сатып алынып, тұқымдық түрлендiруге 146,1 мың аналық қой қатыстырылуда.

Ал, «Құлан» бағдарламасы аясында сатып алын­ған жылқы саны 3,4 мыңға жетiп, жоспар 1,3 есеге артық орындалды.

Облыс әкімі Жансейіт Түйме­баев ауыл шаруашылығында бүгінгі жеткен жетістіктерге тоқмейілсіп отырған жоқ. Аймақтың ауа райы, жер жағдайы жақсы, шаруалар мен диқандардың еңбекқорлығын үнемі айтып отыратын облыс басшысы ауыл шаруашылығының көп түрімен елімізді қамтуға мүмкіндік мол екендігін назарға ұстап келеді. Ол үшін нақты іс-шаралар жоспарын бекіткен.

«Алтын күз-2016» салтанатты жиынында: «Егіс көлемі өткен жыл­мен салыстырғанда 13 мың гектарға артып, бақша, көкө­ніс, мақта, картоп және жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім жиналды. Өнім көлемін, гектар түсімділігін арттыруға негізі­нен шаруашылықтардың агротех­нологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізудің нәтижесінде қол жет­кізіп отырғандығымызды мақ­тана ай­туымызға болады. Оның ішінде, терең қопсыту технология­сы, там­шылатып суғару әдісі мен жылы­жай­лардың көлемі бойын­ша респуб­ликада көш бастап келеміз», - деді облыс басшысы.

Сонымен қатар, облыста соңғы үш жылдың өзінде 2 мың гектар өндірістік қарқынды баулар отырғызылғанын, оның тиім­ділігі гектарынан мақтамен салыс­тырғанда 30 есеге, бақшамен салыстырғанда 10 есеге артық өнім алуға болатынын айтты. Қарқынды баулардың көлемін ұлғайтуға мүм­кіндіктердің барлығы бар еке­ніне тоқталған әкім мал шаруа­шылығында да қабыл­данған іс-шаралар мен «Сы­баға», «Алтын асық», «Құлан» бағдар­лама­лары жоғары деңгейде орындалып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақ­­стан облысында өңір басшы­сының тапсырмасымен өнер­кәсіп кешенін қарқынды дамыту жағдайында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2020 жылдар аралығында орындалатын стратегиялық алты бағыты айқындалған. Осы страте­гиялық бағыттар толық іске асқан жағ­дайда Оңтүстіктің берекесі бүгін­­гісінен де мол болмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір