Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3461 0 пікір 11 Қаңтар, 2017 сағат 16:11

Универсиада ойындары кезінде Алматыдағы оқушылар он күн демалады

Алматыда өтетін 28-інші қысқы Универсиада ойындарына байланысты, қаладағы 218 мың оқушы кезектен тыс демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Алматыда санаулы күндерден кейін Универисада ойындары басталады. Алматы қаласында бұл жарысқа жан-жақты дайындық тиянақталып қалды. Дайындық білім беру саласын да сырт айналып өтпеді. Атап айтсақ, Универсиада ойындарына байланысты Алматы қаласының оқушылары үшін 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі», - деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
БжҒМ-нің баспасөз қызметі халықаралық жарыстар кезінде осындай шаралар өзге елдерде де қолға алынады дейді. Демалысқа шыққан оқушылар дүниежүзілік студенттер жарысын өздері барып тамашалай алады.
Алматы қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бұл қосымша каникул Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді. Алматыдағы оқушылар Қазақстанның басқа оқушыларымен бірдей 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында  оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады.
Абай-ақпарат

 

0 пікір