Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 09:01

Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерге Ресей, Түркия және Иран қатысады

Ресей, Түркия және Иран Астана қаласында Сирия жөніндегі бейбіт келіссөздердің кезекті раундына қатысатындарын растады. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың хабарлауынша, Астана кездесуге қатысатын басқа да тараптардан жауап күтіп отыр.

Астане 23–24 қаңтарда Астанада өткен Сирия жөніндегі кездесулердің алғашқы раундында Ресей, Иран және Түркия бірлескен мәлімдеме қабылдап, Сирияда атысты доғаруды бірге шешуге келісті.

Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, сириялық қарулы оппозиция делегациясы "Астанадағы келіссөздер өтетін уақытты кейінге шегеруін" талап еткен. Оппозиция 7-20 наурыз аралығындағы бітім кезеңінің нәтижесін күтеді.

Бұған қоса делегация "оппозиция күштері шоғырланған аудандарда оқ атпауды", Сирияның бірқатар аудандарынан "адамдарды күштеп көшіруді доғаруды" және "бітім механизмдеріне қатысты пікір-таласты" Астанадағы келіссөздерге дейін аяқтаулы талап етті.

Абай-ақпарат

0 пікір