Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5026 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 10:24

Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөзге қатысушылар оппозицияны күтеді

Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздер бір күнге созылды - тараптар сәрсенбі күні кешке қарулы оппозиция өкілдерінің келуін күтеді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, бүлікші топтардың кейбірі келіссөздерге келуге келіскен. Бірақ олардың ешқайсысы келіссөздерге қатысатынын нақтылаған жоқ. Бірқатар топтар Астанадағы келіссөздерге бойкот жариялап, Сирия үкіметі мен Ресейді оқ атпау режимін бұзды деп айыптады.

Астанадағы келіссөздерге Ресей, Түркия және Иран қатысып жатыр. Олар экстремистік топтар мен байсалды оппозицияны бөліп қарастыру мәселелерін талқылады.

Астанада бұған дейінгі екі кездесу нәтижесіз аяқталды. Сирия жөніндегі келесі кездесу биыл мамыр айының басында өтеді.

Абай ақпарат

0 пікір