Білгенге маржан

ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТ БЕРУДЕГІ МАҚСАТ НЕ?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Адамзатқа Жаратушының пайдалануға рұқсат еткен нәрселері «Халал» болып табылады. Раббымыз Құран Кәрімде:

 «Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» - деп бұйырады («Бақара» сүресі, 2/168);

Дінімізде халал, харам ұғымдарын әр нәрсеге телуге рұқсат жоқ. Бұл үкімдерді беру Аллаға ғана тән, сондай-ақ шариғат ілімін игерген ғұламалардың берген үкімімен болатынын ескеру керек.

Ешкімнің «мынау нәрсе маған пайдалы, ендеше, бұл халал болуы керек, мынау нәрсе пайдасыз, ендеше, харам болуы керек» деуге хақысы жоқ.

Ұлы Құдірет Иесі Құран Кәрімде:

«Өз тілдеріңнің жалғаны мен қателіктерін Алла Тағалаға таңып, «мынау халал, мынау харам» деп айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапқан боласыңдар. Шындығында, Алланың атынан өтірік айтатындар құтылмайды» («Нахыл» сүресі, 16/116) деп қатал ескерту жасаған.

Адам баласы ненің адал, ненің арам екенін дөп басып ажырата алмайды. Міне, сондықтан да шариғатымызда халал да, харам да анық көрсетілген. 

Халал ұғымы ең әуелі мұсылмандардың сенім мәселесінде маңызды орын алады. Дініне берік әрбір мұсылманның тұрмысы мен іс-әрекеттері, ішіп-жеуі, өмір сүруі халалмен тығыз байланысты. Мұсылмандардың діни құндылықтары ескерілмей, халал сөзінің кәсіпкерлердің кәсібін дамыту құралына айналып кетпеуі тиіс.

Қазіргі таңда азық-түліктерді күрделі жолмен әзірлейтін түрлі өнімдер мен қоспалар бар. Мұндай әртүрлі қоспалар әрбір мұсылманды күмәнға салары хақ. Осы орайда зерттеу ісімен айналысатын арнайы мамандардың көмегіне мұқтаждық туындайды. Міне, сондықтан да, халал стандарттау саласының атқаратын қызметі маңызды.

Исламда  күмәнді нәрселерден бойды аулақ ұстап, ұқыптылық таныту бұйырылады.

Әбу Абдулла Нуғман ибн Башир (р.а.): «Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, халал (нәрселер) белгілі және харам (нәрселер) белгілі. Ал, бұлардың (халал мен харам) арасында адамдардың көпшілігі білмейтін шүбәлі нәрселер бар. Шүбәлі нәрседен сақтанған адам өз дінін және өз абыройын (сақтау) үшін (одан) арылады. Ал, шүбәмен айналысушы адам харамға да баратын болады. Өйткені, ол әне-міне кіріп кеткелі тұрған қойларын қорық маңында бағып жүрген шопанға ұқсайды. Әр патшаның өз қорығы бар. Алла Тағаланың қорығы—адамдарға тыйым салған нәрселері. Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл дене де жаман болады. Шын мәнінде, ол—жүрек»,—дегенін естідім»,—деген (әл-Бұхари, Муслим).

Хазіреті пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мен үйге келгенімде төсек үстінде құрма жатыр екен. (Алдымен) оны жемек болып қолыма алдым. Бірақ (құрма) садақа ретінде әкелінген бе деген күмәнмен одан бас тартамын (Алла елшісі садақаға берілген асты жемейтін, бірақ басқаларға рұқсат берген)»,-деген. (әл-Бұхари, Муслим).

Қазіргі таңда халал өнімдерді сертификаттайтын ұйымдардың қызметі осы күмәнді нәрселердің анық-қанығын ажыратып, нақты шешімін табу болмақ.

Сол секілді, елімізде халал сертификаттаумен айналысып жатқан мұсылмандардың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болып табылады. Сертификаттау жұмыстарына облыс өңірлерде арнайы тағайындалған өкілдер, ҚМДБ-ның пәтуә бөлімі, білікті технолог, қадағалаушы мамандары атсалысады. Өнімдердің құрамында шариғатқа қайшы келетін заттардың бар-жоғын анықтау үшін ҚМДБ заманауи технологиямен жабдықталған арнайы ғылыми зертханалармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Халал өнімдері діни тұрғыда ғана емес, сонымен қатар заманауи экологиялық талаптарға және медицина мамандарының талаптарына да жауап береді. Мәселен, Ислам шариғатында доңыз, өлексе, қан және т.б. лас, зиян келтіретін заттарды жеуге немесе қандайда бір өнімге қосуға тыйым салынған.

Алла Тағала Құранда «Мәида» сүресінің 5 аятында:

«Бүгін сендерге жақсы нәрсе халал етілді», - десе, «Ағраф» сүресінің 157 аятында:

 «Жақсы нәрселерді халал, жаман нәрселерді харам қылады», - деп халал нәрселер адамның игілігі үшін ғана екендігін айқындап берген.

«Халал» таңбасы халықаралық деңгейде сенімділік пен қауіпсіздік нышанына айналған, тіпті Исламнан басқа да дін өкілдері тарапынан үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Халал өнімдерді импорттау және экспорттау үшін оның халал екендігіне кепілдік беретін арнайы ресми мекеменің сертификаты болуы өте маңызды. Ол сертификатты беруші мекеме сенімді ұйым болуы шарт.

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ, ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі, «Халал Даму» ЖШС-ның директоры

Abai.kz

 

52 пікір 826 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 17/03/2017 - 10:02

    ...Халал ұғымы ең әуелі мұсылмандардың сенім мәселесінде маңызды орын алады....

    Тек кана сеним халал ал урлык пен тапкан мал не ол ХАЛАЛ болдыгой кiшкне кангып кетiнгой агасы. Урлык пен тапкан малды ол халал деп сенсем болды ол автамотически халал болады гой .......

    • #2
    • теолог
    • жм, 17/03/2017 - 10:21

    Осы "Халал" (қазақша - адал) туралы неше түрлі биологтар, диетологтар, эндокринологтар, ғалымдар өздерінің пікірлерін осы сайтта жүздеп бермеп пе еді?! Кез-келген дұрыс адам адал тамақтанады. Өзіне қас емес адам, ағзасына қажетті, пайдалы тамақты жеуге ұмтылады. Енді, тамағына әдейі лас құи шашып жемейтін болар. Сондықтан, "Халал" - деген нәрсе (көбіне діни ПИАР) сонау8-9 ғасырларда Арабияның ыстық құмдарында жүрген адамдарға арналған тамақтану тәсілі. Қазір, 21- ғасырда бұл тәсілдің атауы қалды да, басқа жағы тұбегейлі өзгерді. Халал - деген түсінің өзінің түп-түбірінде қате ұғым. Дәлел: - Жер бетіндегі өзін адам баласымын деген кісі (6,5 миллиард) не нәрсеніде сүйсініп жесе, оның ағзасы (организмі), яғни ас қорыту жүйесі желінген тамақты Үш ғана қажетті заттарға ыдыратады. №1- Белок (ақуыз),№2-Углеводттар (көмірсутектері), №3- Жиры (майлар) ал №4- жоқ. Яғни, №4 бар, бірақ ол экскрименты (яғни нәжіс, боқ). Сонда, не болды? Адам организмі қажетінше керек нәрселерді алады дағы, артығын әжетханада шығарып тастайды (№4-шіні). Бұл не деген сөз, сонда?! Бұл - "Халал" - ӨТІРІК, ойдан шығарылған деген сөз. Адам, қарыны ашқанда, керек десеңіз Қасқыр мен Жолбарыстың етін қуырып жеңіз: - нәтиже жоғарыдағыдай болады. Қорықпаңыз, өлмейсіз, "Тозаққа" - да түспейсіз!!! Бұған, №2 дәлел :- "Жер"- деген планетада 6,5 миллиард халық тұрады, сол халықтың 4,8 милиарды шошқаның етін, немесе шошқаның майында дайындалған тағамдарды жейді, тамақ қылады. Дерек көзі есілеу, (2009 жылдыкі), мүмкін қазір 5-миллиард халық болар шошқаның етін жейтін. Қалай болған күнде де, адамның ас қорыту жүйесі қарапайым, ол жүйе барлығын қорытады, барлығын...... Сондықтан, өз-өтіріктеріне өздеріңіз сеніп, дұрыс адамдарға "италянский лапшаны" құлаққа ілуді тоқтатыңдар!!!!! Халал -жоқ!!!!

    • #3
    • теолог
    • жм, 17/03/2017 - 10:21

    Осы "Халал" (қазақша - адал) туралы неше түрлі биологтар, диетологтар, эндокринологтар, ғалымдар өздерінің пікірлерін осы сайтта жүздеп бермеп пе еді?! Кез-келген дұрыс адам адал тамақтанады. Өзіне қас емес адам, ағзасына қажетті, пайдалы тамақты жеуге ұмтылады. Енді, тамағына әдейі лас құи шашып жемейтін болар. Сондықтан, "Халал" - деген нәрсе (көбіне діни ПИАР) сонау8-9 ғасырларда Арабияның ыстық құмдарында жүрген адамдарға арналған тамақтану тәсілі. Қазір, 21- ғасырда бұл тәсілдің атауы қалды да, басқа жағы тұбегейлі өзгерді. Халал - деген түсінің өзінің түп-түбірінде қате ұғым. Дәлел: - Жер бетіндегі өзін адам баласымын деген кісі (6,5 миллиард) не нәрсеніде сүйсініп жесе, оның ағзасы (организмі), яғни ас қорыту жүйесі желінген тамақты Үш ғана қажетті заттарға ыдыратады. №1- Белок (ақуыз),№2-Углеводттар (көмірсутектері), №3- Жиры (майлар) ал №4- жоқ. Яғни, №4 бар, бірақ ол экскрименты (яғни нәжіс, боқ). Сонда, не болды? Адам организмі қажетінше керек нәрселерді алады дағы, артығын әжетханада шығарып тастайды (№4-шіні). Бұл не деген сөз, сонда?! Бұл - "Халал" - ӨТІРІК, ойдан шығарылған деген сөз. Адам, қарыны ашқанда, керек десеңіз Қасқыр мен Жолбарыстың етін қуырып жеңіз: - нәтиже жоғарыдағыдай болады. Қорықпаңыз, өлмейсіз, "Тозаққа" - да түспейсіз!!! Бұған, №2 дәлел :- "Жер"- деген планетада 6,5 миллиард халық тұрады, сол халықтың 4,8 милиарды шошқаның етін, немесе шошқаның майында дайындалған тағамдарды жейді, тамақ қылады. Дерек көзі есілеу, (2009 жылдыкі), мүмкін қазір 5-миллиард халық болар шошқаның етін жейтін. Қалай болған күнде де, адамның ас қорыту жүйесі қарапайым, ол жүйе барлығын қорытады, барлығын...... Сондықтан, өз-өтіріктеріне өздеріңіз сеніп, дұрыс адамдарға "италянский лапшаны" құлаққа ілуді тоқтатыңдар!!!!! Халал -жоқ!!!!

    • #4
    • №1 шала қазаққа
    • жм, 17/03/2017 - 10:24

    Ұрлықпен тапқан тамақтан жерініп құсқан адамды естігенде, көргенде емеспін!!!! Шала қазақ қумашы????? Құсса, харам болса, құсар еді ғой құсатындар!!! Оданша №2,3 пікрді оқыда, жап ауызды, барда кафеге саломен арақ іш, әлде ұйықта.

    • #5
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 17/03/2017 - 10:36

    #4
    Автор жазсан дурыс жазбайсынба. Шошкадан жасалган колбасаны халал деп сенсем бодыма, ол автамотически халал болады гой.

    #3 теолог
    Дәлел: - Жер бетіндегі өзін адам баласымын деген кісі (6,5 миллиард) не нәрсеніде сүйсініп жесе.....

    СЕН ЖЕЙБЕРСЕНШI БIЗДI НЕГЕ УГIТТЕЙСIН.


    • #6
    • Еи теолог
    • жм, 17/03/2017 - 10:51

    Сен нагыз шошканын ози екенінді далелдеп береиін олардын оиларыда жеген тамагыда сен сиакты оларгада барибір адал харам деген нарсе жок аита берсен копкои жалпы аиырмашылыгынды таппаи отырмын

    • #7
    • Қазақ
    • жм, 17/03/2017 - 11:04

    қазыргі кезде, заманына қарай дейміз бе,әлде батысқа еліктедік дейміз бе ,бәріміз жаппай қала маңына көшіп келдік.Қолда мал ұстағанды қойдық,базардан ет сатып аламыз.Қандай ет,немен көректенді,яки немен бордақылады. Бұдан 60-70 жыл бұрын,шет ел биліктері,мал семіртуге арналған препараттардықолданылмайтындай етіп заң шығарды.Телдидардан Америка халқының көшеде келе жат- қан он адамның тоғызы іркілдеген семіз.Сол жетпіс жыл өтсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. 15 жылдай болды,біздің де ет саудагерлері сол препаратты Қытайдан алып келіп,малды бордақы- лауда қолдануда,әй дейтін ешкім жоқ Ветеринария саласы мәңгүрт- тенген.Кейбір вакцинаны да кейінгі жылдары алып тастады. Бұл нені меңзейді,жалпы қазаққа келген індет. Теолог дұрыс айтады арабтар- рда күннің ыстығына байланысты кейбір шошқа етінің ыстыққа шы-дамауына қойылған вето. Казыргі кезде колбаса соядан,арам өлген мал етінен жасалуда,честного көп болса,исы шықпайды. Бұл харам емей немене.Сояны малдың астына төсесең,ендігі жылы сол жерге шөп шықпайды. Ал жаппай ұрлық,етін әрине базарға апарады.Харам емей немене.Аш болсаң кісі етін де жеген,өмірде бар.

    • #8
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 17/03/2017 - 11:11


    Израильде ХАЛАЛ мен ХАРАМ тамактану мемлекет жузiнде iске асады.

    • #9
    • теолог
    • жм, 17/03/2017 - 11:34

    №5шала қазаққа. Өзің білмейсің, бірақ күнде жеп жатырсың ғой!!!! Жейтін нәрселерді..... Ия, деші. Еще как жеп жатырсың. Оған үгіттің қажетіжоқ. Мен,еш нәрсеге үгіттемеймін.Жала жаппа. Мен,бар болғаны Шындықты жаздым, что "Халал"деген Өтірік екендігін. Ал, жеу - жемеу, өзіңнің ісі.

    • #10
    • берік
    • жм, 17/03/2017 - 11:36

    Малбаққан қазақтар, өздерінің тамақтарын халал пайда болғанға дейін де, адал жеді. Бұл, не деген сөз Халал-Малал деген. Қазақ адал емес тамақ жемеген.

    • #11
    • берік
    • жм, 17/03/2017 - 11:36

    Малбаққан қазақтар, өздерінің тамақтарын халал пайда болғанға дейін де, адал жеді. Бұл, не деген сөз Халал-Малал деген. Қазақ адал емес тамақ жемеген.

    • #12
    • Ауылдық
    • жм, 17/03/2017 - 11:36

    #3 теолог - дегенге, сіз халалды өтірік ойдан шығарылған дейсіз, соған қарағанда, сіз шошқаның етін сатып, ақша тауып жүрген біреусіз - ау деймін.

    Халал деген түсінікті жоққа шығару арқылы өзіңіздің Илам дінін қаншалықты қатты жек көретініңізді, білдіріп отырсыз. Демек сіз теолог емессіз, өйткені теологтар исламды жамандамайды. Сіз шын мәнінде теолог атын жамылған ХРЕСТЯНДЫҚҚА ШОҚЫНҒАН БІРЕУ БОЛУЫҢЫЗ МҮМКІН. Сізді басқаша айтқанда ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН ҚАСҚЫР ДЕУГЕ БОЛАТЫН СИЯҚТЫ.

    • #13
    • берік
    • жм, 17/03/2017 - 11:36

    Мал баққан қазақтар, өздерінің тамақтарын халал пайда болғанға дейін де, адал жеді. Бұл, не деген сөз Халал-Малал деген. Қазақ адал емес тамақ жемеген.

    • #14
    • жолдыбай
    • жм, 17/03/2017 - 11:39

    теолог дұрыса айтады. 11-миллион қазақ шошқа жемесе де, 1,5 миллиард қытай жейді.

    • #15
    • Базаршы
    • жм, 17/03/2017 - 11:57

    Астана қаласы Шапағат базарындағы 42-ші бутикте мұздатқыштың бетіне "ХАЛАЛ" деп жазып ішіне шошқаның шұжығын толтырып қойған. Қасында мешіт бар. Сенбесеңіздер барып көріңіздер.

    • #16
    • Усербаи
    • жм, 17/03/2017 - 12:07

    Барлыгын теолог дурыс жазган. Мен Саратовта галымын к.б.н - микробиология. Теолог дурыс айтады. Хватиь ПИАР-ит религию, не интерсно.

    • #17
    • ?
    • жм, 17/03/2017 - 12:18

    Теолог жігіт дұрыс айтып отыр. Ертектерден шаршадық

    • #18
    • Бәке
    • жм, 17/03/2017 - 12:32

    Бул ертектердін мани мен магынасы баргои кызык емеспа

    • #19
    • А ты
    • жм, 17/03/2017 - 14:49

    Колбасаны қатттттты жақсы көремін. Колбасаны көрсем тілім өздігінен аузымнан шығып кететіні несі ә

    • #20
    • Адал экологиялық таза өнім
    • жм, 17/03/2017 - 15:04

    Халал тамақ жемесекте адал экологиялық таза өнім тұтынаиық ауру астан деп бекер аитпаған аталарымыз

    • #21
    • Шұжық жемейтін
    • жм, 17/03/2017 - 17:44

    Бұрындары халал шұжықтар дәмді, сапасы жақсы еді. Осы күндері халал деген шұжықтар неге дәмсіз. Балаларымызда өзімізде сатып алмайтында, жемейтін болдық? Әлде мен жаңылыстым ба?

    • #22
    • 22
    • жм, 17/03/2017 - 20:14

    Шошқа етті харам бқрын кенес өкіметті кезінде өмір сүріп шошқаның колбасасын жегендер немесе сол кезенде әскерде болғандар амалсыз шошқаның салысына пісірген 1-2 тамақтарды 2жыл бойы жеді,аштан өлсін бе? қытай шетінеп кеткен нәрестені де жер сенде же онда, кәріс ит пен мышықты жейт же оғанда ілес, тайван дегендер бақа, жылан, қоныз, құрттарды жейді,адал тамақ жегенге не жетеді кері сөйлеп елдің басын неге қатырасындар

    • #23
    • Ақиқат мәңгілік
    • жм, 17/03/2017 - 21:02

    Колбаса,сосиска дегенді халал екендігіне сенімді болсақ та жемейміз,ал,жалған халалдарға мойын да бұрмаймыз.Харам жегісі келгендер жей берсін!!!Олармен қанша айтыссаң да бәрібір,Алла көздерін перделеп қойса не істейсің?!Шошқаны да жесін,кәпірлерден қалыспасын!!!

    • #24
    • ШАЛА Казахпын
    • жм, 17/03/2017 - 21:14

    #14 жолдыбай жм, 17/03/2017 - 11:39
    теолог дұрыса айтады. 11-миллион қазақ шошқа жемесе де, 1,5 миллиард қытай жейді.

    ЕНДI СЕНДЕ ЖЕ ..........

    • #25
    • http://www.bbc.com/news/world-middle-east-39302416
    • жм, 17/03/2017 - 21:16

    http://www.bbc.com/news/world-middle-east-39302416

    • #26
    • қазақ
    • жм, 17/03/2017 - 21:29

    Арапқұлдар былжырамасын. Қазақ халқы өзі біледі не жегісі келседе. Қазақтар арапқұлсыздар да ешқашан шошқаның етін жемеген. Араптар сияқты түйенің сідігін ішпеген.

    • #27
    • Аспаз шы
    • жм, 17/03/2017 - 21:55

    Шошқа жемеңдер.ол кір жаман заттар жейді.шошқа сияқты таза емес адамдар жесін деп жаратқан.О ның ішкі дене құрылысы адамдар дікі сияқты .
    Жанеде оны жегендер адам жегіш канибал болады.

    • #28
    • Аспаз шы
    • жм, 17/03/2017 - 21:56

    Шошқа жемеңдер.ол кір жаман заттар жейді.Шошқаны шошқа сияқты таза емес адамдар жесін деп жаратқан.О ның ішкі дене құрылысы адамдар дікі сияқты .
    Жанеде оны жегендер адам жегіш канибал болады.

    • #29
    • егерь
    • жм, 17/03/2017 - 22:57

    казактардын кобиси кабан атып жеген али де жейди не отирик пе? олип калган ешким жок

    • #30
    • бейтаныс
    • жм, 17/03/2017 - 23:35

    Қай атаң қазақ бабаларың шошқа жепті,қазақтың атын жамылған шошқалар,жейсіңдерме қазақ атын жамылмаңдар,қазақ шошқа еті турмақ басқан шөбін астындағы атына жегізбеген

    • #31
    • теолог қа
    • жм, 17/03/2017 - 23:40

    теолог шошқаның исі қусап сасық аузыңмен ұлы қазақ ұлтына ақыл айтып далел келтірмей ақ қой!!!

    • #32
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #33
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #34
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #35
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #36
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #37
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #38
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #39
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #40
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #41
    • серікбай
    • жм, 17/03/2017 - 23:45

    АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ, "ТЕОЛОГ" - ДЕГЕННІҢ АЙТҚАНЫ ДҰРЫС БОЛДЫ!!!!!!!!!!

    • #42
    • ДАНА ҚАЗАҚ
    • сб, 18/03/2017 - 0:38


    Ойлан Казах Ислам баска барар жерiн басар тауын жок .... http://rgmedia.kz/news/view/6902

    • #43
    • Серікбайға 32-41
    • сб, 18/03/2017 - 8:55

    Серікбай сіз нағыз шошқасыз! Неге екенін білесіз-ДОҢЫЗ. Алла Тағала кешір мені?

    • #44
    • Теолог
    • сб, 18/03/2017 - 9:41

    ОУУУУ, №42 Дана қазағым - ау !!!!! Бұл, сенің не сасқаның, Исламнан басқа барар жерің жоқ деп?! Қайдағы жоқ, басты айналдыратын (көбіне, "араб болып" еврейлер түсірген) видеоларды тықпалама. Қажет емес. Тарих үшін 14-ғасыр түкте емес. Ареф деген арабтың діндарының айтқаны: - "Түріктер (қазақтар) арабтардың иттері, өйткені оларға біз өзіміздің дінімізді желкелеп отырып енгіздік" деп. Сонда, сорлы қазақ (дана емессің) өзіңнен өресі мен мәдениеті өте төмен арабтарға құл боласыңба????? Біздің өзіміздің дініміз жетіп артылады. Ваххабизмді Кайрдың шала сауатты Сайд Кут деген журналист сымағы екі жыл бойы жазып шыққанын білесің бе??? Орыстарға 70 -жыл құл болдық , енді олардан құтылғанда арабтар шықты, №3 кім болады екен....... қытай ма????? Әлде, қайтадан орыс па? Оу-данасың ғой АЙТ???? Осыны. Құлдықтың азабы өтіп кеткен халықпыз, ҚОЖАЙЫН - іздеймізде жүреміз. Ұят. Сен ойлан, дана сымақ, басқалардың басын қатырма!!!!!

    • #45
    • Теолог қа
    • сб, 18/03/2017 - 11:30

    Оттамашы теолог канша бақырсаңда қазақ тек исылам дінінде қалады,өзің сол дамыған шошқа құсаған ұлтыңмен дамый бер,тек ақылыңды қазаққа айтбайаққой

    • #46
    • №45-ге Теологтан
    • сб, 18/03/2017 - 11:40

    Жетісесің, діншіл болсаң. Бес мезгіл тоңқаңдасаң семьяңды қалай асырайсың? Кім асырайды сенің отбасыңды орыс ақыны А.С.Пушкин бе, әлде әйеліңнің Любовнигіме (егер боса ғой) әлде ағаңба? Менің айтып жүргенім - умерренный мұсылман бол. Ваххабист болма -ол өтірік дін, елді құртады дегенім. Ваххабисттер - масонндардың ақшасына өмір сүріп жатыр, яғни еврейлердің иттері, құлдары, торпедалар - осыны неге түсінбейсің ТУПОЙ қазақ!!!!! Діннен саған тиетін ШОЙА -да жоқ. Бос, тральяля. Сен ойлайсыңба, тек намазға жығылған қазақ "таза" жүреді деп, тупой? Кез-келген өзін силайтын, мәдениетті, сауатты қазақтар (мен білетін) таза жүреді, денесін таза ұстайды, дәрет алып жүреді, кейбір ваххабисттер сияқты боқ саымай, түсіндіңбе? Дінмен есептеп, екшеп, сасық - расчет жасама!!!!

    • #47
    • теолог
    • сб, 18/03/2017 - 12:02

    Бұрын, КССРО (ссср)- кезіндегі любопытный-карерьист қазақтар коммунист болу үшін анасын сатып жіберуге дейін барды, өліп-өшіп, қылғынып КПСС- тің Уставын жаттады, орысша оқуға тырысты (көтені қап-карашка), оның үстіне қап-қара ұл-қызын орыс классына сабаққа берді. Себебі, орыстарға (ярый коммунисттерге) жақын болуы ұшін орыс қызына үйленіп, балалары метис болатын, ол кездердегі орысқұлдар!!!! Орыстарға (ярый коммунисттерге) жақын болу үшін сол кездердегі орысқұлдар не істемеді. Өзінің халқын өздері гнобит етті, мазақтады, "надандар", "маңқалар", "ауылбайлар" деп кемсітті. Реті келсе сабады. Ал, енді 1991 -жылдан бастап орыстардан құтылмасақта КПСС пен коммунизмнен құтылдық қой десем сразу басқа ИПОСТАСЬ шықты, ДІН - деген, "Мұсылманшылық"- идеясы айна қатесіз коммунизмді қайталап МОДАҒА - айналды!!! МОДАҒА - айналдырған баяғы Орысқұлдардың балдары мен немерелері, шөберелері !!!! Вображулялар!!! "Любопытная Варвара - на базаре нос оторвала" Осы, Варваралар - баяғы коммунистер сияқты "алдыңғы қатарлы қазақ" болғысы келеді. Бұлар арапқұлдар!!! "Алдыңғы қатарлы қазақ" - арабқұлдар бола алмайды енді. Діннің авторитет қазір О-де. Соның ішінде Ислам дінінің!!! Жыртып тастады Ислам дінін, Еврейлер, Массондар, Иллюминаттар, Ротшильттер, Мормондар. Ливия, Ирак, Афганистан, Иретрия, Йемен, Сирияда өмір жақыс деп тупой басыңмен ойласаң сен №45 ойла, басқа қазаққа ақыл айтпа. Бұрынғы "қожайындар" (орыс коммунисттер) хоть сауатты болды, ал, қазіргі "қожайындар" (араб-вахабисттер) шетінен тупой, неудачниктер по жизни, еврейлерден таяқ жеп-жеп, бастары қуып кеткен. Себебі, өзінің мұсылмандарына пышақ, автомат (кәпірлердің "калашы") алып жүгіріп жүр!!! Қай "дұрыс дінді" айтып отырсың сен Тупой. Ақымақ, Қорқақ по ходу. Бірінші, әлем тарихы мен Діндер тарихын оқы, бірнеше алтернативный источниктерден. Тек тупой арабтардың жазғандарын оқымай. Олар тупой.

    • #48
    • Жұмабай
    • жб, 19/03/2017 - 0:19

    Аллаhхтағаламыз дың елшісі,Мухамед пайғамбар (салау алейкум сәлем) оған кө птеген салем болсын,айтып кеткен сөздер інің бірі..
    "Ислам діні Араб жерінде егіліп,егілді көктеп,ол Орта азия мен Қазақ жерінде гүл дейді" деген ..
    Біздер қазір сол Ислам діні мен, гүлдену жолына келе жатырмыз..Ислам дінімізге барлық мемлекеттер де қосылатын болады..

    • #49
    • Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
    • жб, 19/03/2017 - 11:26

    АРАМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Қазақ ұғымындағы «Арам деген не?» деген сұраққа жауап іздер болсақ, Құранда төрт затты арамға санап, пайдалануға (яғни ішіп – жеуге) тыйым салған. Олар: біріншісі – қан, екіншісі – бауыздалмай, қаны шықпай «арам» өлген малдың еті, үшіншісі – доңыздың (шошқаның) еті, төртіншісі – спирт ішімдігі, яғни арақ.

    Осыларды құранда неге арамға санағаны жөнінде қысқаша түсінік беретін болсақ, алғашқы екеуінің мағынасы бір-біріне жақын, екеуі де қанға байланысты. Себебі, адам қанына басқа қанды араластырса, адамның қаны бұзылады, яғни әр-бір жеке адамның Ұлы Жаратушы — Алла жаратқан табиғи болмысы өзгереді және тоқтаған қан тез бұзылатын болғандықтан қан арқылы жазылмайтын әр түрлі жаман аурулар тез тарайды. Ата-бабаларымыздың, тіпті күні бүгінде де адамгершіліктен жұрдай, жауыз, бұзық адамдарды «қаны бұзылған» деуі сондықтан. Адамзаттың барлық жақсы да, жаман да қасиеттері ұрпақтан – ұрпаққа қан арқылы берілетіні баршамызға белгілі болса керек. Мысалы, «тектіден – текті туатындығы, немесе керісінше болатыны» бұл күнде ғылымда да мойындаған шындық.

    Ал шошқаға келсек, шошқаның өте лас, өз нәжісін өзі жейтін «мақұлық» екендігі өз алдына – шошқа да бүкіл тіршілік иесіне тән мейірім деген сезім болмағандықтан өз баласын өзі жейді. Ата — бабаларымыз ұрпақтарына мейірімсіз болады деп шошқа етін жеуге тыйым салған.

    Ал, арақ тікелей өзіңді, артынан ұрпағыңды аздырады. Екеуінің де мағынасы бір-біріне жақын. Америка, Ресей, Батыс елдеріндегі балаларының ата-аналарын сыйламай, бақпай, жалғыз тастап кететіндері немесе тек қана қара бастарының қамын, бір күнгі жан тыныштығын ойлап ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратындарының негізгі бастауын осы жерден алады. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді», арты осылай жалғасып кете береді.

    Елдің болашағын, өзінің ұрпақтарының қамын ойлаған барша қазақ азаматтары, арам мен адалды ажыратып, арамнан аулақ болуымыз керек. Егер кімде — кім осыны жасамаса, осыны түсінуге санасы, яғни ақылы мен білімі жетпесе, өз ұрпағын, үрім – бұтағын, яғни қазақ ұлтын өз қолымен жерлеу рәсіміне барынша ат салысқан болып шығады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі көптеген мал сою пункттеріндегі, «биссимилла» деп малды «адалдап» бауыздамай және сонымен қатар қанын толық ағызбай, маңдайынан балтамен, не суйменмен бір ұрып өлтіріп, етін сатуға шығару; «тәтті» болады деген жалған сылтаумен шұжыққа шошқаның майын қосу; «арақ ішпесең мені сыйламағаның» деп қасыңдағы адамды араққа зорлау; Құрамында спирт жоқ, болса да ол өте аз мөлшерде, оның адам ағзасына ешқандай зияны жоқ деген жалған сылтаумен, бүкіл қазаққа, тіпті мектеп жасындағы жасөспірімдерге де сыра ішуді уағыздау; осылардың бәрі қазақ ұлтын азғындатып, жер бетінен қазақты ұлт ретінде жою үшін жасалып келе жатқан «саяси диверсия» болып табылады. Тек қана өзің ішсең өзіңмен кетесің, ал басқа адамды араққа зорласаң үлкен кешірілмес күнәге батасың. Қазақ азаматтарының, әсіресе той басқарушы асабалардың осыны түсініп, басшылыққа алып, орындауға шамалары жетсе ғана, біз бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған, бүткіл әлемге үлгі болған ұлы мәдениетімізбен қайта қауышып, саналы, дені, жаны сау ұрпақ тәрбиелеп, ежелден бері келе жатқан әлем тарихының қақ төріндегі өз орынымызды иемденуге толықтай мүмкіндігіміз бар. Бірақ бүгінгі қазақ үшін пирамиданың ұшар басына арды емес, ақшаны қойған «жаһандану» саясатымен бірге келген бұл төртеуінен де басқа «арамдар» бар. Олардың қатарына қазіргі қазақ қоғамын, әсіресе жастарды «жаулап» бара жатқан темекі тарту, есірткі заттарды пайдалану, күні-түні теледидар экранынан және интернет саиттарынан ашықтан-ашық уағыздалатын анайылық, зорлық-зомбылық, маскүнемдік т.б. жатады.

    Жалпы ұрпағының келешегін ойлайтын қазақтың әрбір азаматы осы жоғарыда көрсетілген «арамдарды» және сонымен қатар арамнан жиналған дүние — малды да өз отбасыларына жолатпауы тиіс.

    Тарих тағлымы: Арамнан жиналған байлықтың баяны болмайды. Сен жасаған қиянаттың кесірі ұрпағыңа тиеді.

    • #50
    • Тусинбейм
    • жб, 19/03/2017 - 16:53

    Осы арабтар оликтерин котерип алып жугирип жургени жабайы кусап бир турли екен. Енди калганы бизде коше де жугирип журсек оликпен. Ей кайда жугирип бара жатырсындар? Кенсайга..... кенсайга!

    • #51
    • 50 ге
    • сс, 21/03/2017 - 11:27

    Түсінбесең өліп көр.

    • #52
    • Қазақ
    • сн, 22/03/2017 - 14:02

    Халықтың аманатын тонаудан, парадан, өсімнен, арақ пен темекі сатудан, жезөкшелік қызмет көрсетуден, құмар ойындарының барлық түрінен, бақсылық пен сиқыр жасаудан және солардың жолында қызмет көрсетуден түскен ақша да, сондай ақшаға алынған барлық нәрсе де харам.

Пікір қосу

  • 1 + 9 =

Вход