Өзекті

ҚАРАҒАНДЫҒА ӘЛИХАННАН ЦОЙ АРТЫҚ ПА?

Әріптің көлемі: Қалыпты
  • Қалыпты
  • Үлкен
  • Көлемді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың назарына!


Бір-екі күн бұрын «Ер Нур & Ника» қазақ-кәріс достығы қоғамдық қорының басшысы Игнатий Тё Қарағанды қаласы әкімі Нұрлан Әубәкіровтың қабылдауында болып Виктор Цойға Қарағандыда ескерткіш орнату туралы бастама көтерген. Қала әкімі бастаманы бірден қолдапты. Жуықта Цойдың ескерткіші орталық Қазақстаннан бой көтерсе, таң қалмаңыз.

Әрине, музыкант, актер, әнші Виктор Цойдың талантына табынушылардың көп екені мәлім. Оның Қазақстанда туып-өскенін де жұрт біледі. Бірақ, Цойдан бұрын Қарағандыда Алаш қайраткерлеріне әлі күнге дейін неге көше беріліп, ескерткіш орнатылмай келеді деген сауал көкіректі кеміріп жатқаны ұзақ жыл болды.

Былтыр Әлихан Бөкейханның ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдығында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков облыс орталығынан бір ауданның аты Ә.Бөкейханның атына беру жоспарланып отырғанын айтып, қуантқан еді. Алайда, ол мәселе жоспар күйінде қалды. Әкім кетті. Жаңа әкім келді. Ал, қала әкімінің әрекеті – анау. Анау дейтініміз, Қарағанды қаласында күні бүгінге дейін Ленин, Октябрь қатарлы советтік көшелер мызғымай тұр. Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан уақыт асса да Қарағандыда Алаш арыстары орын табылмай тұрғанын қалай, немен түсіндіруге болады? Біздің ше, Үкіметтен ешкім Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатпаңдар, көше атауын бермеңдер деген тікелей тапсырма бермейді. Бұл – жергілікті әкім-қаралардың ниеті мен ерік-жігеріне байланыстын. Облыс орталығында өзге этнос өкілдерінен қаймығып, советтік өкімет көсемдерімен күресінге тастай алмайтын әкімдерден қандай іскерлік, нендей батыл қадамдар күтуге болады? Тарихи тұлғаларды тұғырына қондыра алмай отырған Қарағанды облыс, қала әкімдерді бүгінгі тірі қазақтың мүддесін қорғайды, қамын ойлайды деген кім сенеді?! Алаштың 100 жылдығы болса, басталып кетті. Әлихан Бөкейханның туған жері, Әлімхан Ермековтің қызмет істеп, еңбегі сіңген мекен – Қарағанды облысындағы Алаштың тағдыры осындай болғанда өзге аймақтарға не дерсің.

Аймақ басшы болған талай әкімге хат жазып, мәселе көтерген сол өңірдегі зиялылардың даусы жергілікті биліктің құлағына жетпеді. Біз де әкім-қаралардан қайран болмасын біліп, мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың назарына осы мәселені жеткізгіміз келеді. Өйткені, тарихты, тарихи тұлғаларды ұлықтау, қоғамды біріктіру мен ұйыстырудағы мемлекеттік маңызы бар идеологиялық іс.

P.S.

Қазақ-кәріс достығы қорының басшысы Игнатий мырза шынымен қазақ-кәріс достығын ту етіп ұстаған азамат болса, Алаштың 100 жылдығына орай Қарағанды қаласындағы Ленин көшесін Әлихан Бөкейхановтың атына беріп, ескерткіш орнатып, Әлімхан Ермеков тұрған үйге ескерткіш тақта орнатайық деп ұсыныс неге көтермеді екен деген бір сұрақ көкейімізде әлі тұр...

Нұра Матай

Abai.kz

30 пікір 1063 рет оқылды Қосылған: 17.03.17
    • #1
    • шал51
    • жм, 17/03/2017 - 13:11

    Нұра, Игнатий Те Әлихан мен Әлімхан жәйлі ұсыныс көтеруге міндетті ме? Оңда 12 млн қазақ не бітіреді? Сондай сұрақ менің көкейімде тұр.
    Бұрында әр қалада, ауылда Ленин көшесі, Горький атындағы парк болатын еді. Енді Бөкейханов, Байтұрсынов... боладыма?

    • #2
    • Асеке
    • жм, 17/03/2017 - 13:44

    #1 мал51 не оттап отсын далбай.

    • #3
    • Есенғали, Антакиядан
    • жм, 17/03/2017 - 13:51

    ЦОЙ деген "әулие" Ким, Тё, Нам, Сам, Хан , Хуйлар мен мен Кремельге қарап ұлыған қараорыстардың "пайғамбары ғой, әбизятелно ол "әулие-пайғамбарға" ескерткіш орнату керек !
    Әлихан деген орысқұл билік пен қараорыстар үшін кім ? !

    • #4
    • Ерсін
    • жм, 17/03/2017 - 14:29

    Намысы жоқ қазақтарға не істейсің. Өйткені идеологиямыз солай ғой "халықтар лабароториясы"

    • #5
    • Ара
    • жм, 17/03/2017 - 14:30

    Караганды орыстанганы кашан онда орысша билмесен омир суре алмайсын

    • #6
    • Порошенко
    • жм, 17/03/2017 - 14:32

    Караганды 5 колоннанын отаны гой

    • #7
    • Әумесер
    • жм, 17/03/2017 - 14:54

    Осы неге Алматыда Жириновскийдің ескерткіші мен көше аты жоқ. Байбек мырза осыны қолға алсаңыз. Қазақтарға мол еңбек сіңірген Жирик Алматыда туып өсті ғой.

    • #8
    • шындық
    • жм, 17/03/2017 - 15:13

    Мәңглік Көсеуовичтің Жирма бес жыл боиы Қазақты Манкурттандру саясатының жемісі Толерантты Қазақтар енді Қатындарын тоңқаитып қоиып Келімсектер жасапатрсада Қыңқдемеитін жағдаиға жеткендә

    • #9
    • исатай
    • жм, 17/03/2017 - 15:24

    әкімдер деген боқмұрын балаға ұқсайды, кемеңгер айт десе шәуілдей жөнелетін.

    • #10
    • Шыңғыс төре
    • жм, 17/03/2017 - 15:34

    Өзінің тарихынан қорқатын билік қазақстанды басқаруда.

    • #11
    • Кəмилə
    • жм, 17/03/2017 - 17:35

    Қарағандыда егер қазақ болса осылай болмас еді.ана октябренек пе еді соның атын Əлихан атаның атына ауыстыруды талап етіп əкімдіктің алдына барар еді,оның бірі жоқ,не ақыл айтар ақсақалдары үндемей жататын бұл неғылған қала?-ең құрғанда басшылықтарында отырған жас -кəрі бар қазақпын деп жүрген азаматтары бір мезгіл ау мен халқым үшін қазақ үшін бір титімдей болса да іс жасайын деп ойламайтындары ай.сұмдық ай осы жерде тудым,мен туғанда шешем қалжа жеген шығар деп қазақи жүрекпен ойлаулары жоқ не қылғандар?мен бұдан 5жылдай бұрын вокзалдарында 2сағат отырдым,таблоларындағы бүткіл атауларды түсіріп алып мына калагир деген не пəле деп едім біраз сөз естідім бастықпын деген əйелден.былтыр тағы барып таблоларына қарасам Құлайғыр деп жазыпты.сонда атауды дұрыс жазу үшін айдалада басқа қалада тұратын қазақтар алысып жүруі керек пе ал.өз қалаларының тұрақты қазақпын дегендері қайда қарап отыр?

    • #12
    • Ауылдық
    • жм, 17/03/2017 - 17:44

    Игнатий Тё - ның, ескеркіш орнату туралы ұсынысын әкімнің бірден қолдағанына қарағанда, әкімге пара берген шығар. Бұндай әкім қызметтен кетуі керек.

    Басқа ұлттар, өз ата - бабаларына ескерткіш орнатпақ түгілі, Қазақстанда тыныш, ешбір кедергісіз, жайлы өмір сүріп отырғандарына разы болып, бізге үнемі рахмет айтуы керек.

    • #13
    • Серік
    • жм, 17/03/2017 - 21:05

    Цой деген кім қазақ үшін! Керек болса ана солтүстік әйтпесе оңтүстік кореяға апарып орнатып алсын!

    • #14
    • Зейнеткер
    • жм, 17/03/2017 - 21:24

    Кейбір қазақ зиялылары осындай істе баяғы орекенің көніліне қарап әріде емес бері де емес көше атарын береді, оралдағы ленин дағылына бір кезде көшербаев тұсында осындай тұлғаны беруге орыстың айқайынан қорқып( Исатай мен Маханбет ұсынылды деп еді) екі тілде досық дружба деп жазып еді

    • #15
    • Серік Алматыдан
    • жм, 17/03/2017 - 23:43

    Осы 25 жылда қазақиланбаған Қарағандыдан қорқам ?????? Бəсе былтыр Жезқазғанға барам деп , вокзалында 7 сағат отырғанда , орыстарынан қарапайым сұрақ қойсам қазақша , естімеген кісідей тұра бергенінен шошып едім , сені адам ғұрлы көрмей. Қазақтың мəселесін көтерсең бұл қалада сотталып кетесің!!!!????? Міне Қазағымның сиқы ??????

    • #16
    • Алаш
    • сб, 18/03/2017 - 1:52

    Қарағандының орысқұл билігі мен шала қазақтары не істей алады мұндайға! Кінәні қазақтар өзімізден іздеуіміз керек! Алаш ардақтыларына ештеме берілмей-ақ қойсын, бірақ ұрпақ санасында мәңгілік қалады! Цой деген кім, жай музыкант! Бұл жерде "Қазақмыстай" алып компанияны билеп отырған "Кәрістер мафиясы"-ның ықпалы күшті, бәрін ақша шешкен заман ғой қазақтарым! Жай қазақ ештеме істей алмайды!

    • #17
    • шындық
    • сб, 18/03/2017 - 8:36

    Қазақмысты Кәріске билетіп Қазақтың мысын Кәріске бастрып қоиған кінәл бұл жерде Мәңглік Көсеуович әитеуір Қазақ ты қорлау боиынша Бәрлық шараларды істеуде Тілденде Ділденде Жерденде Рухынанда аиыруда

    • #18
    • шындық
    • сб, 18/03/2017 - 8:43

    Кезінде Зәкең Анау Тёдеген Күшік жегіштің арынын басқан еді Қазақты басыңғанда Ондаи Қазақ қаида қазір

    • #19
    • !!!
    • сб, 18/03/2017 - 9:38

    16-ші пікіршіге қосыла отырып,Кəріс биледі деген жəй ғана халықты алдаған өтірік.өйткені ондағы бүткіл ең басшы кəрістері осы жерлерде туып өскен кəрекеңдер.қалғандарын ресей пəлен-пүштен əр жерден жинап əкеллген.неге екенін қайдам,бірақ оңтүстік корея алған басшылыққа деп бөседі,бірақ олай емес қожасы кім екенін сол жердегі халықтың іші біледі.

    • #20
    • пионер
    • сб, 18/03/2017 - 13:20

    Төреғалиғада, Қ. Нұртасқада, В. Леонтьевкеде ескерткіш қоюға рұқсат. Бірақ Әлиханға ескерткіш қою өте қиын. Шенділерге оны Президент емеурінімен білдіріп қойған.

    • #21
    • Серік Алматыданға Арқа қазағы
    • сб, 18/03/2017 - 21:45

    Сен оралман пақыр Қарағанды сияқты қазақтың іргелі өңіріне тіліңді тигізбе, киесі атады. Қоқиып, әдейі тиісе сөйлеу сендер сияқтылардың әдеті. Себебі әдеп жоқ. Сондықтан ол жақтың адамдары сен сияқтыларға ожырая қарауын түсінуге болады. Сиымың жоқ болса - ол жаққа барма, тіптен қараңды көрсетпе, дұрыс қарсы алмаса - кінә өзіңнен, яғни ол жақтың саған, сен сияқтыларға зәрулігі болмағаны. Жеке біреулер ұнамады деп бүкіл елге арам тіліңді сұқпа. Өзің әдепті болсаң, олар да әдеппен қарсы алады.

    • #22
    • Есенғали, Антакиядан
    • жб, 19/03/2017 - 5:48

    # 1 !
    Әй, шешеңді с.......ң вертухайдың тұқымы !
    ЕНДІ СЕНІҢ АТЫҢДА ПАРК БОЛАДЫ, КӨСЕУШІ КӨСЕМІҢ ТІРІ ТҰРСА !

    • #23
    • Төре
    • жб, 19/03/2017 - 10:24

    Сіздер білесіздер ме? Әлихан Бөкейхановтың баласы Үгедей Бөкейханов өткен ғасырдың 30 - шы жылдары Мәскеу Таукен академиясын бітіріп келіп Қ. Сәтбаевпен бірге "Большой Жезқазғанды" жасасқан Төре еді. Кейін ұмыттыру ұшін оның мақалаларын сол кітәптан қиып тұрып алып тастатқан. Жезқазған қаласының архивінде, көруге болады. "Байқұс" Төрелер не көрмеді? Сіздер, сол Төрелердің ұрпақтарының Қазағының Ұлыда-Құлыда-Сұлтаны екенін ұмыттыңыздар? ... Тағдыр... Төрелердің қадірін кетіргенімен ҚАСИЕТІН ешкім кетре алмайды!

    • #24
    • шал51 - Төреге
    • жб, 19/03/2017 - 10:49

    Кезінде зона.кз-те "наши ханы погибали в боях с колонизаторами" оқып күлгем, хандарымыздан кім отаршылдардын қолынан қаза тапты деп. Репрессиялар болса бәріне де болды, шопандарға шейін.

    • #25
    • Төреге
    • жб, 19/03/2017 - 10:58

    Төреке, бізге не қыл дейсіз? Қолымыздан келсе баяғы хандық тағыңа отырғыза салар едік, жалко что ли, ол тақта кім отырмаған! Бірақ орысқа өздері сұранып, қол астыңа ал бодандыққа деп, қайта қайта сұранып, елші жіберіп, тағын тәрк еткен өз аталарың - хан-төрелер ғой.

    • #26
    • Жезқазған
    • жб, 19/03/2017 - 20:27

    бүткіл қазақ тілді қазақтар қарсы ескерткішке !себебі кеше Əлихан атаның атын бергізбеді,қарағандының орыстанып кеткен қазақтары қарсы емес шығар бірақ байтақ елдегі қазақ тілділер қарсы.

    • #27
    • Дала
    • дн, 20/03/2017 - 1:27

    Мына шал51 деген қырсық кім?. шакал ?.
    Бұл ескерткіш ті қой деп НәН айтуы мүмкін.Анау орыс сайтында айтты жүрді.НәН милардер болып бір корейс тің атымен Тань ба Хань ба, Әйтеуір бір корейдің,атыменен список те тұр..
    Сондықтан айтқан болар корейстер ге ескерткіш қойыу керек деп..
    Милардер лер туралы айтқанда осындай ақпарат тар айтылып жүр бейне роликтерде...

    • #28
    • Аргун
    • дн, 20/03/2017 - 13:33

    Осы орыс, кәріс сияқтыларды тышталаңдатып қойған Қарағандының азаматтары өте нашар екен. Кәріс дегеніңіз еврей сияқты өте қу, сенімсіз халық қой.

    • #29
    • Сараптамашы
    • дн, 20/03/2017 - 18:36

    Карис тер,олар адамды алыстатпайды да жақындатпайды да ,жұмыскер ерінбей тін халық .
    .Ал еврейлер расындада қу халық

    • #30
    • шығыс
    • сн, 22/03/2017 - 17:29

    Ой, көп сөзге жаны құмар қазағым-ай!!!

Пікір қосу

  • 9 + 1 =

Вход