Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3108 0 пікір 17 Наурыз, 2017 сағат 19:19

ЕҚЫҰ Украинадағы шиеленіс алаңындағы миссиясын ұзартты

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) 16 наурызда Украинадағы бақылау миссиясы мандатын тағы бір жылға созды. Қырымды аннексиялаған үш жыл ішінде Украина шығысында Ресей қолдау көрсететін сепаратистер мен Киев арасында жағдай әлі ушығып тұр. 2015 жылы екі тарап бітімге келгеніне қарамастан, әлсін-әлсін қарулы қақтығыс болып тұрады.

БҰҰ мәліметі бойынша, жыл басынан бері 20 бейбіт тұрғын қаза тауып, 90 адам жараланған. Соңғы бірнеше аптада Украинаның шығысындағы қауіпсіздік жағдайы күрт нашарлаған. Оқ атуды тоқтату келісімі бірнеше рет бұзылған.

ЕҚЫҰ-ның Украинадағы 700-ге жуық халықаралық бақылаушысының басты мақсаты шиеленісті бәсеңдетіп, жағдайды бақылауға алу. ЕҚЫҰ хабарлауынша, ұйымға мүше 57 ел, оның ішінде Украина, Құрама Штаттар, Ресей бар бақылау миссиясының мандатын 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұзартқан.

ЕҚЫҰ бақылау миссиясы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Миссия жұмысына бюджеттен 105,5 миллион еуро қарастырылған.

Абай ақпарат

0 пікір