Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 5727 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 10:10

ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҒА ПЫСҚЫРМАЙ, ҚАЗАҚ ШЕКАРАШЫЛАРЫНА СЫН ТАҚТЫ

Өзбек оғынан айдың аманында арыстай азаматымыздың қатары біреуге сиреп, артында жеті жетім баласы қалғаны туралы кеше жазған едік.

Қазақ қоғамының наразылығын тудырған аталған жағдайға еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі де бейжай қарамады. Уәлихан Ахметовтің қазасын мұқият тергеуді талап еткен Сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Әбибуллаев ресми түрде мынадай мәлімдеме жасаған болатын:

"28 маусым күні түнгі уақытта Қазақстан азаматы Уәлихан Ахметов оқ ататын қарудан жарақат алып, қаза тапты. Ахметовтің достарына, туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз наразылық білдіріп, Қазақстан азаматына қарсы бейбіт заманда қару қолдану Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластыққа, стратегиялық қарым-қатынасқа қарсы нәрсе екенін атап өтеміз. Сондықтан да біз оқиғаны мұқият және жан-жақты тергеуді талап етеміз. Сонымен қатар, Өзбекстан шекарасын кесіп өтті делініп отырған Қазақстан азаматына оқ ату ақылға қонымсыз іс. Өзбекстан тарапынан біз істі мұқият тергеп, кінәлілерді жазаға тартуларын сұраймыз".

Осыған сай, Ташкенттегі Қазақстан елшілігі нотаны Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жіберді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне де Қазақстандағы Өзбекстан елшісі  шақырылып,  Оған да нота тапсырылған еді.

Өз кезегінде Өзбекстан билігі Оңтүстік Қазақстан облысындағы шекаралық аймақта қазақ азаматын атып өлтірілуіне байланысты ресми түрде мәлімдеме жасады. Өзбекстан ұлттық қауіпсіздігі қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау комитеті Сырдария өзенінің жағалауындағы қазақ-өзбек шекарасында заң бұзушылық орын алып, нәтижесінде қару қолдану салдарынан қазақ азаматының мерт болғандығын мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 28 маусымында Өзбекстан мемлекеттік шекарасын қорғау қызметкерлері №178 шекаралық аудан аймағында шекараны заңсыз кесіп өту фактісін тіркеген. Шекараны заңсыз кесіп өтуші екі азаматқа қарсы қару қолданылып, салдарынан оның бірі жарақат алған. Шекара қызметі аппаратының мамандарымен өткізілген жиын барысында Қазақстан азаматтарының шекараны заңсыз кесіп өткені расталып, талқыланды» - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, өзбек билігі өз мәлімдемелерінде қазақ әріптестерінің қызметтік жұмыстарына қатысты сын-ескертпелерін де жариялаған.

«Біз қазақстандық әріптестерімізге қазақ-өзбек шекарасын кесіп өтушілер мен соның маңында тұратын азаматтарға заңсыз кесіп өтпеу мәселесіне орай түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз» дейді олар.

Ал, қаза болған Қазақ азаматының досы шекараны мүлде кесіп өтпегенін, тіпті, Өзбекстан шекарашылары ешқандай ескертусіз-ақ оқ жаудырғанын айтқан еді.  СІМ өкілі мәлімдеуінше марқұмның досы зардап шекпеген, қазіргі кезде ол құқық қорғау органдарына жауап беріп жатыр.

Біз, Сыртқы Істер Министрлігі өзі «ақылға қонымсыз іс» деп бағалаған қанды оқиғаның анығына жетіп, қылмысты тарапты жазаға тартады деп сенеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610