Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6044 0 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 20:24

РЕСЕЙ ҮШ ЖЫЛДЫҚ ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫНДАЛУДА

Ресейдің 2019 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты ресми болжамда бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен жинақтаушы зейнетақы төлемдерін төлеу тоқтауы мүмкін деп қарастырылған.

Экономикалық даму министрлігінің әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты жаңа болжамы әлеуметтік шығындарды үнемдеу саясатының жалғасатынын аңғартады. Бұл туралы министрлік құжаттарына сүйене отырып «Ведомости» басылымы жариялады.

Бұл болжам алдағы төрт жылда мұнай баррелінің бағасы 50 доллардан төмен болады, ал Ресейге қарсы санкциялар мен жауап ретіндегі шектеу шаралары 2020 жылға дейін сақталады деген есептің негізінде жасалған.

Экономикалық даму министрлігі зейнетақыны 4 пайызға индексациялауды (инфляцияның көзделген деңгейі)жылына бір рет жасауды көздейді. Басылым іс жүзінде зейнетақы көлемі 10 пайызға қысқарады деп санайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 200
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 327
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 207
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 214