Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5131 0 пікір 15 Мамыр, 2016 сағат 21:03

2021 ЖЫЛҒА ДЕЙІН АҢ АУЛАУҒА ТИЫМ САЛЫНСЫН!

ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған  ҚР жер реформасы комисссиясының төрағасы Б.Сағынтаев мырзаға және комиссия мүшелеріне еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне Қазақсатанның ұлы даласында аң аулауға 2016 жылдың 1-маусымынан, 2021 жылдың 1-маусымына дейінгі аралықта 5 жылға мораторий жариялау туралы Ұлы дала қырандары қозғалысының

ҮНДЕУІ

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Комиссия мүшелері!

Біз, Жер-ана, туған табиғатымыздың баға жетпес құндылықтары аң-құстарын, балықтарын, сол қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырайық деген ниетте бұл мәселенің қасиетті жерімізге тікелей қатысы бар деп санап, Үкіметімізге нақты шара қолданады деп үндеу жолдап отырмыз!

Біздің елімізде Жер-ана және табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Қазақстан территориясының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүт-қореткілердің 175 түрі өмір сүретіндігін айтсақ та жеткілікті. Біздің жанайқайымыз бұл күнде туған еліміз – Қазақстан Республикасы жеріндегі аң-құстарға зор қауіп төніп тұр. Аңдар көптеген аймақтарда мүлде жоғалудың алдында тұр. Олар: киіктер, ақ бөкендер, дала бұғылары, еліктер, арқарлар, қар барысы, сілеусіңдер, аюлар және тағы басқалары.
Неге осындай жағдай туындап отыр?!

Біріншіден, туған табиғатты, Жер-ананы аялаудан, қорғаудан қалып барамыз.

Екіншіден, жауыз аңшылыққа-браконьерлікке қарсы үкіметтік тиісті орындар немқұрайлық, үнсіздік танытуда.

Үшіншіден, соның салдарынан, елімізде бей-берекет броконьерлік аңшылық, балық аулау өршіп, асқынып тұр.

Төртіншіден, лицензиялық аң аулау қазіргі заман талабына сай емес, оны қайта қарау керек.

Сөзім дәлелді болу үшін бір-екі мысал келтірейін. Соңғы жылдары  250 мыңдай киіктер қырылды. Басқа да аңдар саны күрт кеміп кетті. Каспий теңізінде, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері, Ертіс өзендері және басқа өзен-көлдерде балықтар азайды.  «Арқада аяз қатты болмаса — арқар ауып несі бар» — дейді аталарымыз. Қазір Сарыарқада қыс жылы. Бірақ, бірде-бір арқарды кездестіре алмайсыз. Өйткені, олар жемқор-броконьердің, тікұшақпен, снегоход боранмен, алып джиптермен қуып жүріп, автоматпен ату негізінде жойылып кетті. Ғалымдардың пікірінше, киіктің жойылуы қазақ даласының тозуына, топырақ қыртысының құнарсыздануына әсер етеді. Мыңдаған киік жүріп өтсе, топырақ қопсып, өсімдіктер тұқымы шашылып, жер жаңарып отырады.  Сондай жағдай ақ бөкендеріміздің де басында тұр. Көрші жатқан Моңғолия 2 жыл бұрын ілбіс және ақ барысты қорғау халықаралық күнін белгілесе, Ресей аңдарды қорғауға арнайы бағдарлама жасады. Қазіргі уақытта Моңғолия саны жағынан ілбіс мекендейтін елдер арасында Қытайдан кейін екінші орында тұр. Айта кету керек, соңғы жиырма жылда Моңғолия мен Ресей үкіметі аңдардың популяциясын қорғау әрі сақтауда өнімді жұмыстар атқарып келеді. Бізде ол жоқ.

Құрметті жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелері! Ұлы Дала қырандары қозғалысы осы мәселені тез арада қолға алынуы қажет деп есептейді. Әйтпесе жемқор-броконерьлерге «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Сондықтан аң аулауға 2016 жылдың 1 маусымынан бастап, 2021 жылдың 1 маусымынан дейінгі аралықта 5 жылға республика аумағында Аң аулауға тыйым салып, арнайы Мараторий жариялауды сұраймыз. Біз, Жер-ана, туған табиғатымыздың баға жетпес құндылықтары аң-құстарын, балықтарын, сол қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырайық десек, құрметті комиссия мүшелері  осындай батыл, маңызды шешімді дер кезінде  қабылдауымыз қажет. Жерімізді сатпайық, табиғатымызды қорғайық, арды сақтайық, намысты бермейік, туған еліміздің ар-намысын жоғары ұстап, абыройын арттырайық!

Құрметпен, жүз мыңнан астам мүшесі барр «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364