Жұма, 20 Желтоқсан 2024
Сын 15372 0 пікір 30 Мамыр, 2016 сағат 13:08

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕР ҰЙЫҒЫНА КӨЗ ТІККЕН КІМДЕР?

Толғағы әбден жеткен ЖЕР мәселесін сөз етпестен бұрын, Қазақ жеріне көз тіккендердің нақты кімдер екендігін біліп, олардың көзге көрінбейтін қожайындары нендей мақсатта мемлекет және ұлт қазынасына ғасырлар бойына қол сұққысы келгендіктерін тереңнен саралап алғанымыз  жөн. Адам Ата ғ.с. мен Нұх пайғамбар ғ.с., қадымдағы ғұндар мен сақтар, көне түркілер, Алтын Орда мен Дешті Қыпшақ, байырғы Қазақ хандығы заманы сияқты тым әріге бармасақ та, небәрі үш жүз жыл бұрындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» бері қарай тартып бағамдасақ бірқанша өзекжарды мәселелердің жалы күдірейіп шыға келгеніне бек куә боламыз.

Ойраттардан кейін жоңғарлардың қалың қолы қазақ хандығы сарбаздарын мүлдем титықтатып, 1700-ші жылдарда оты мен суы шүйгін жайылымдық жерлердің басым бөлігін өз иеліктеріне қаратып алады. «Елім-айлап» зар еңіреген халық жер бетінен мүлдем жойылып кетудің шақ алдында тұрады. 1730-шы жылдардан бастап патшалық ресейдің қол астына кіре бастаған Кіші жүз қазақтары бодандықтың жаңаша айла-тәсілдеріне тап болады. Орынбордан басталған әскери бекіністер мен қамалдар Орта жүз және Ұлы жүз қазақтарының байтақ өлкелерін де айнала құрсаулап, «ұзын арқан, кең тұсаудың» бұғаулығына аямастан енгізе береді. Еділ мен Жайықтың орталығындағы шұрайлы жерлер 1747 жылғы арнайы жарлықтан  бастап әр күзде әдейі өртке оранып, мал жайылымына жарамастай болған соң енді оның 300 мың десятина жері Петерборлық кінәз Юсуповтар мен граф Безбородьколардың жалға алуына қулықпен беріліп, ал ол екі алпауыт орасан жер телімдерін  жергілікті орыс көпестерге қайтара жалға беріліп, өртеңнен кейінгі шұрайлы жерлерге қазақтың малдары әр тұяқ басына салық салынып төленіп, жаз жайлауға қайтадан өткізіле бастайды.

Осылайша, сеңдей соғылысып сенделген қазақ өз жерінде өзі торға түсіп, Еділ, Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Үй, т.б. сарқырай аққан өзендер бойында мал басына салық төлеп, кейінде әр түтінге салықты қоса төлеп, бодандықтағы зарлы күндерін бастан кешіре бастайды. «Еділді тартып алғаны, Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны, Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны, Ойдағысы болғаны. Қоныстың бар ма қалғаны?»-деп Мұрат Мөңкеұлының күңірене жырлауы сол себепті. Астрахан, Омбы, Сарытау, Түмен, Кемер, Орынбор, Ор, Алтай, Сібір өлкелерінен мүлдем дерлік айырылып, түу сонау Байқалдан – батыстағы Қырымға дейінгі жер байлығы барынша қусырыла тарылып, көшпелі қазақ империясының құрдымға кете бастаған «Зар заманы» жыраулардың көкірегінен шер болып ақтарылатыны да нақ сол тұс.  «Адам өседі, мал өседі, ал жер өспейді!»-деген ұлт ұранын қырық жасында айтып кеткен Құнанбай Өскенбайұлының көшпелілер өркениеті біржолата қожырап кетпеуіне жол бергізбей, үшмыңжылдық дәстүрлі көш жолдарын сақтата отырып, қаймана қазақты мұхитқа барып құятын Ертіс бойындағы шұрайлы, тұщы сулы, нулы, қалың қарағайлы өзен жағалауындағы кеңге көсілген егіс алқапты жерлерге күштеп үгіттеп қоныстандыра бастауы да сол отырықшылдық мақсатты діттегендіктен, ешкімге ешқандай жер телімін бергізбеу керек деген саясаттан келіп шығады. Естеріңізде болса, ескіден жеткен «жер дауы, жесір дауы» деген сөз тіркесі ауыз әдебиетінде, шешендік сөздерде, мұрағаттың сарғайған парақтарында жиі ұшырасады. Отарлаушылдық сұрқия саясаттың үлкен зардаптарының бірі сол, қазақты «бөліп ал да, билей бер!» ұранының тезіне тастап, жүз бен жүз, ру мен ру, ата мен атаны бір-бірлеріне үр ит соқтап шағыстырып қойып, көп ретте адам өліміне апарып соқтыратын қарулы қақтығыстарды өте жиі ұйымдастырады. Жандаралға шағымданып барған кедей-кепшіктерге әр рулардың ішіндегі бай-манаптардың шұрайлы жерлерін сырттай бөліп берген болып, араларына от тастайды.

Патшалық Ресей әуелі көне түркіден келе жатқан хандық елбасқару жүйесі тамырына балта шауып, 1822-1869 жылдар аралығында қазақ жерін аға сұлтандық және генерал-губернаторлық елбасқару жүйесі құзыретіне енгізіп, ал содан соң болыстық тікелей басқару тәртібіне көшіріп, табаны күректей үш ғасыр бойына қазақ сахарасын отарлау жобасын әккілікпен жүзеге асырғанда тек өз бетінше шешім қабылдап іс-әрекет етті десек өрескел қателескен боламыз. Шашыраңқы Патшалық Ресей Алтын Орданың билігінен босанып шығып, Рюриковтар әулетінің үстемдік құруынан кейін 1613-1917 жылдар аралығында Романовтар әулетінің басыбайлы қол астында болғаны белгілі. Тек 1721 жылы ғана Бүкілресей императоры атанған Романовтар 1-ші Петр реформаларынан кейін, батыстың, оның ішінде Лондон-сити қожайындары Ротшильдтер әулетінің тікелей бақылау-назарында болып өлкені өз білгендерінше басқаруға көшеді. Жер байлығы қорларын иемденуді мақсат еткен жаңа жаһандық тәртіп орнатушылар алғашқы бетте қазақ жерлерін жерүсті және жерасты сарқылмас қазына көзі ретінде қарастырып, Ресей империясының отаршыл күшіне дем беру арқылы қатыгездікпен жәукемдей бастайды. Алайда, 1869 жылы Лондон-сити қожайындары рұхсатымен Маркус Голдман жеке банк құрып, 1896 жылы тәжірибелі қаржыгер Самюэл Сакс есімді күйеу баласымен бірге Нью-Йоркте нарық қорына шығуды мақсат тұтып, айдай әлемге танылған Голдман Сакс тобын құрып,  Варбург, Морган, Рокфеллер сияқты банк саласы алыптарымен бірге АҚШ ұлттық банктері негізінде 1913 жылы жеке меншік иелігіндегі Федералдық қор жүйесі -  Federal Reserve System, ФРС, Федеральный резерв, FED-ті дүниеге әкелуі әлемдегі қаржы жүйесі қызметіне сәйкес жаңа міндеттемелерді туындатады.

Ротшильдтер әулеті бастаған жаһандағы ең бай 13 әулеттің (басқа мыңдаған алпауыт байлар «Титаник» кемесімен бірге 1912 жылы мұхитқа батып кеткен еді) құрылтайшылығымен ашылған ФҚЖ-ФРС 1913 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі жүз жылдық нақты іс-жоспарлармен іске қосылғандықтан соң, жер қорларын айналымға қосудың жаңаша экономикалық сараптамалары жүзеге асырыла бастайды. ФҚЖ-ФРС қарқынды қызмет істей бастаған кезде, яғни 1914-1918 жылдар аралығында 1-ші Дүниежүзілік соғыс орын алып, нәтижеде Ресей, Австро-Венгрия, Осман, Герман империялары құлатылып, Ресей мен Германияның құнды алтын ақшалары тарих сахнасынан жойылып, 10 млн әскер, 12 млн бейбіт тұрғын қаза тауып, 55 млн астам адам жарақаттанады. Қазақ сахарасы да алапат қырғыннан тысқары қала алмай, жаһандық шайтани саясаттың қоламтасына көміледі. 1914, 1916, 1917, 1918 жылдарда қазақ елі мен жері қандай қанды қырғындарға тартылғанын тарих парақтарынан жадыңызға оралта беріңіз. Аумалы-төкпелі саяси ахуал, Алашорда қозғалысының өмірге келуі, қызыл террордың қылаң бере бастауы, патшалық тәртіпті тақтан тайдыру, уақытша өкімет билігін құру, кедей-кепшікті байларға қарсы айдап салу, үшмыңжылдық көшпелілер өркениетін құрдымға жіберіп, сонымен бірге салт-дәстүр, төрт түлікке негізделген тіл шұрайлылығын, діни сенімді, мал шаруашылығы іргетасындағы экономикалық құндылықты жою, т.т. бұрын-соңды болып көрмеген жантүршігерлік үрдістер қазақ тіршілігінен орын алады.

Міне, осыншалықты төңкерілген дүние қасыреттері тасасында бұл оқиғаларды елу-жүз жыл бұрында тыңғылықтап дайындаған әлем билеуші күштерінің қатыгез әрекет бағдарламасы жатқан еді. Ешкімге есеп бермейтін, ешкім тексере алмайтын әлемдік банк жүйесі мен қаражат баспаханасы қолда болған соң жер шарындағы жетекші мемлекеттерді олай да былай сапырылыстыру оңайдың оңайы болып қала бермей ме?! Осылайша, аса құпия жағдайдағы келісімдер бойынша үш ғасырлық тарихты артқа тастап, Романовтар әулетінің соңғы өкілі Николай-2 патша тақтан тайдырылады. Бейресми деректер бойынша патша әулеті толықтай өлтірілмеген, олар басқа есімдермен бертінгі кезеңге дейін Нижний Новгород маңында өмір сүрген. Ал дімкәс бала Алексей Николайұлы тақ мұрагері болса, кейбір дерек көздері дәлелдеуінше, А.Н.Косыгин ныспысымен 14 жыл бойына КСРО үкіметін басқарған, Сталиннің өзі «құтыдағы адам» деп оны әрдайым құрмет тұтқан. Қазақ жері мәселесі тақырыбынан ауытқып кеткендей көрінгенімізбен, бұнда қысқаша келтіріп отырған дерекнамалардың барлығы да қазақ елі-жері тауқыметіне тікелей қатынасы бар деп білеміз. Және де бұл біз жазып отырғандай сараптаманы еліміздегі бірде-бір ғалым не саясаткердің аузынан ести алмайсыз. Дұрысы мен бұрысын, әр нәрсенің ақиқат болмысын толық білуші Жаратушы Иеміз ғана. Ал біздің уәзипа, Алла тағала берген ақылды ширықтыра отырып, кейбір түсініксіз жағдаяттардың шындық мәнісін ашу.             Сонымен, екі ғасыр тоғысында Лондон-сити қожайындары бағдарламасымен кеңбайтақ қазақ жерін талан-таражға түсіру қарекеттері орасан қарқын ала түседі.

Жер асты байлықтарына шүйліккен Еуропалықтар Ресей патшалығын алдыға ұстана отырып бұйығы жатқан қазақ өлкелеріне тау-кен өндірістерін орнықтыра бастайды. Мәселен, 1902 жылы қазақ даласындағы 197 өнеркәсіп орнында 20 мыңға жуық жұмысшылар еңбек етсе, өнім өңдейтін 670 шағын кәсіпорындарда күні-түнге жалданған жұмысшылар саны 7 мыңнан асып жығылған. Қарағанды көмір кеніші, шығыс және орталық өлкелердегі металлургия зауыттары, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары денінде ағылшын, француз, американдық алпауыттардың толықтай бақылауында болды.  Оның ішінде «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл болса, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болғандығын айта аламыз. «Орыстық-Азиялық» деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы Ресей империясы тарапынан қазақтардың келісімінсіз ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен танымал ағылшын қаржыгері Уркварт үлкен көлемде қаржы салған. Патшалық Ресейдің премьер-министрі П.А.Столыпиннің батыс қожайындарымен келісілген аграрлық реформасына дейін және кейін де қазақтың шұрайлы жерлеріне орыс шаруалары жақсы жағдай жасалып жүз мыңдап көшіріліп әкелініп, басыбайлы орнықтырылған. Мысал үшін айтар болсақ, 1895-1905 жылдар аралығында қазақ өлкесінің далалық облыстарына 300 мыңға жуық орыс мұжықтары қоныс тепсе, ал Столыпин билікке келген 1906-1910 жылдар аралығында ғана жат жерден келіп қоныстанушылар саны күрт өсіп, 770 мың адамға жетіп, соның нәтижесінде 1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша Дала өлкесінде келімсек орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша орыс басқыншыларының үлес салмағы күрт өсіп, бірден 42%-ке жеткен. Оңтүстіктегі Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы тиісінше 3,7%- тен 7,9% -ға дейін күрт өскен. Ең сорақысы, 1893-1905 жылдар аралығында қаймана қазақтан 4 млн десятина жер зорлықпен тартып алынса, ал Столыпин содырдың әмірі жүрген 1906-1912 жылдар бедерінде ол көрсеткіш - 17 млн десятинаға, 1916 жылы - 40 млн десятинаға, ал 1917 жылы 45 млн десятинаға дейін жеткен. Өктемдікпен тартып алынған жерлер негізінен - Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында орын алған. Бұл өлкелерден барлық жиынтығы 40,5 млн десятина, жер жәннаты Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер телімдері тегіннен-тегін орыс мұжықтары жеке меншігіне құжаттастырылып берілген.

Зар заманға кез болған қазақ байғұс ең шұрайлы жерлерін отаршылдарға қолдан беріп, ең жаман деген, оты, суы жоқ, басым бөлігі шөл және шөлейтті, қырлы, таулы өлкелерге қоныс аударып кеткен. Осылайша, Лондон қожайындарының дегені болып, ата мекеннен, ата кәсіптен, дәстүрлі көш жолдарынан ажыраған қазақ ұлты біртұтас ұйысу орнына қожыраған үстіне қожырай бастаған. Ол аз дегендейін, ұлттық рухтан, дін мен тілден айырылған шалақазақтар деп аталынған жартыкеш әлеуметтік топ пайда болып, орыс шаруаларымен қоңсы аймақтарда олардың үлес салмағы жыл санап өсе бастаған. Қазақ халқы не істерін білмей, қайда қосыларын білмей толқып тұрған сәттерде жер-жаһанға әмірін жүргізе бастаған көрінбес топтар, ФҚЖ-ФРС қожайындары әккілікпен қимылдап, патшалық Ресейдегі ылаңдар арқылы қазақтың бетке шығар бас көтерерлерін әр түрлі саяси ағымдар аясында топтай бастайды. Алаш партиясы мен Үш жүз партиясы әрекеттерін осы тұрғыда жіті сараптап қарар болсақ, мәселенің түпкі тамыры бірден көзге көрінеді. Бұрында патшалық Ресейдің Думасы мүшелігіне өткен, Лондонның тікелей бақылауындағы масондық ұйым мүшелері болып табылатын қазақтар ұлт жағдаятына байланысты шынайы жанашырлық танытқанымен, саяси қозғалыстар үдерісінде батыс алпауыттарының бағыт-бағдар сілтеуінсіз өзбеттерінше мүлдем дербес қимылдай алмайтын еді. Сол себепті, 1917-1920 жылдар аралығында Алаш Орда автономиялық қозғалысы аясында сан қатпарлы саяси қитұрқылықтың қазықтары қағылып, кейінде, қызыл террор өкіметі билік басына келгенде осы саяси арандатулардың астарлары біртіндеп ашылып, қазақтың біртуар тұлғаларының бастарына бұлт болып үйіріліп, алысты діттеген мақсатпен жаппай репрессиялар науқаны себепшісі болады. Кадеттерден бастау алған Алаш партиясы Үш жүз партиясы белді өкілдерімен бірлесіп Кеңестер өкіметі большевиктерін қолдай бастағанымен, жақсы ниеттері қара ниетті қарсыластарының арам пиғылдарымен қанға бөгіп, саяси репрессия, байларды кәмпескелеу, жер аудару, ұлт серкелерін Мәскеуге дейін алып кетіп үйқамаққа отырғызу, мал-мүлікті бірорталыққа ұжымдастыру, мақсатты түрде жаппай ашаршылыққа ұшыратып халық санын мейлінше азайту, т.т. толып жатқан зорлық-зомбылық, небір зұлматтарға  апарып соқтырады.

Лондонның жобасы болып табылатын, 1909-1912 жылдар аралығында жаяу-жалпылап бүкіл жер шарын фотоаппаратымен аралап шыққан Әліби Жангелдин – Николай Степнов есімді бүркеншік аттағы қазақтың ғұмырнамасы да нелер бір құпия сырларға толы. Ә.Жангелдин Ленин, Сталинмен Швейцарияда танысып, ертеден өте жақын араласқан, өмірінің соңына дейін Сталинге емін-еркін кіріп-шығып жүрген, Сталин қаймығып, қатты қадір тұтқан қазақ қайраткерінің бірі. 1918 жылы Ленин мен Троцкий, Гитлер, шалғайдағы Жапония басшылары батыстан қомақты қаржы алып, әрқайсысы өздеріне тиесілі жұмбақ жобаларды жүзеге асыруға кірісіп кеткенде, Ә.Жангелдин де барлық жағынан жабдықталып, Қырым мен Петерборда өткен төңкерістік міндет-мұрат сабақтарын жүзеге асыру үшін қазақ өлкесіне төтенше комиссар уәкілдігімен керуенін шұбалтып аттанып кетеді. Кейінде Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ жерінің шекарасы белгіленгенде Ә.Жангелдиннің Ленин мен Сталинге өте көп әсер-ықпалы болады.

ФҚЖ-ФРС қаржыларын әлемдік деңгейде жылдам айналымға түсіру үшін сонау 1878 жылы батыс қаржыгер алпауыттары тікелей нұсқауымен іргетас қалаған Токио биржасы, тарқатып айтар болсақ Токио-?-Лондон-Нью-Йорк тіркестігіндегі қор биржалары қызметтері жыл санап қарқын ала түседі. Токио қор биржасынан таң сәріде бастау алған әлемдік қаржы жүйесі тасқыны Лондонға жеткенше он сағаттай уақыт бойына кідірістеп қалатыны әу бастан жаһандық билеушілер тарапынан ескерілген болатын. Қазақтың Сарыарқасында Токио, Лондон, Нью-Йоркқа тепе-тең келетін дүниежүзілік  қаржы орталығын құру жобасы ғасыр басында ФҚЖ-ФРС қожайындары тарапынан әбден пысықталып, белгіленіп қойылған еді. Осы арман жүзеге асырылу үшін әр онжылдық белесінде бірінен бірі өткен күрделі жоспарлар көлденең тартылады.

Азамат соғысы, «ақтар» мен «қызылдар» деп алма-кезек бір-бірлерін қыру майданы, большевиктер алғаш билікке келген тұстағы ашаршылық, егіндік жер мен мал бас санының күрт азайып кету кезеңінен соң 1920-1930 жылдар аралығында жаңа экономикалық саясат – НЭП науқаны жүргізіле бастайды. 1928 жылғы байлардан малдарды тәркілеу қарсаңында 40 млн дейін өсіп жеткен мал бас саны 1933 жылы 4 млн күрт кеміп кеткен. Егіндік молайып, Кеңестер Одағының басқа аймақтарынан үлкен көлемдегі астық еуропа, АҚШ-қа экспортталып жатса да, қазақ сахарасында алапат ашаршылық орын алып, 4 млн жуық қазақтар аштан қырылап, млн астамы шет шығандап босқындап кетеді. Сөйтіп, қызыл террор тұсында 60 пайыздан асқан қазақ саны, 1939 жылғы санақта небары 38 пайызға төмендеп кетеді. Лондонның тапсырмасын асыра орындаған Сталиннің ескі танысы әрі әпербақан қолшоқпары Ф.И.Голощекин қазақ автономиясын басқара отырып, орталыққа жалған мәліметтер жіберуді машыққа айналдырып, шетелдік мамандармен сыр білдіртпестен ауыз жаласып, ашаршылық құрбандары санын барынша төмендетіп көрсетуге тырысады. Мысалы, батыстық зерттеуші Р.Конквест ашаршылық зұлматында жаппай қырылған қазақтарды  1млн адам көлемінде деп хатқа түсірсе, оның әріптестері Р.Дэвис пен С.Уиткрофт қазақтардың 1931-33 жылдарда аштықтан бұратылып өлгендерін 1 млн адамнан астам, ал басқа ұлттарды қосқанда бұл көрсеткіш 1,3-1,5 млн адам шамасында ғана деп өтіріктен пайымдайды. Ал тәуелсіздіктен бұрынғы кезеңде зерттеу жүргізген қазақстандық тарихшылардың бір тобы (Б.Төлепбаев, В.Осипов) осы аштықта 1,5 млн адам қырылғанын дәлелдесе, тарихшыларымыздың және бір тобы (М.Қозыбаев, Ж.Абылғожин, М.Тәтімов) – 1 млн 750 мың адамның өлгенін айғақтайды. Бұл деректер болжамдар түрінде айтыла тұрса да, олар Қазақстан тарихынан жазылған іргелі зерттеулерге ғана емес, бертіндегі мектеп оқулықтарына да нақты көрсеткіштер түрінде тексерілместен енгізіліп  кеткен. 1931-1933 жылдардағы қазақ қасыретінен кейін 1936 жылы Қазақ автономиясы Кеңестер Одағы құрамындағы одақтас республика статусы дәрежесіне көшірілгенмен, Қазақ елі құрамындағы Қарақалпақ автономиясы сұраусыз, келісімсіз Өзбек республикасы қарауына өткізіліп жіберіп, қазақ мемлекетінің жер көлемі әжептәуір деңгейде тағы да орталанып қалады. Қазақ Одақтас республика дәрежесіне көтеріліп, мәртебесі өсе түсуі батыс тарапынан тағы да басқа тақсыреттерге әкелдіріп соқтырады. Өте күшейіп кетпес үшін, дербестікті талап етпесі үшін, ата тарих өрескел бұрмаланып жазылып, 300-ден астам қазақ әндері «сотталғаны», сот шешімімен мәтіні өзгертілгені өз алдына, «Үштік» деген пәлені ойлап тауып, қазақтарды бір-бірлеріне айдап салып, беткешығар ұлт перзенттерін абақтыларға тоғытып, ол аз болғандайын ең мықты қазақ тұлғаларын үш қана адам қол қоюымен тергеусіз, сотсыз, дәлелсіз жүз мыңдап аттыртқызып жібереді. Сталиннің төңірегіне топтасқан репрессиялық қандықол топ қазақ екеш қазекеңді тағы да бір оңдырмай белін сындырып, ұлт ретінде қабырғасын аяусыз сөгіп кетеді. 1936 жылы Мәскеуде қазақ өнері мен мәдениетінің, әдебиетінің онкүндігі, яғни декадасын өткізген кезде Сталин, Ворошилов, Молотов бастаған мемлекет басшылары рухани іс-шараларға тікелей өздері қатынаса отырып, қазақ мәдениеті жеткен жетістікті барынша мақтап-мадақтап, орден-медальдарды үйіп-төгіп беріп шығарысып салады, ал екінші тараптан біртуар ұлт зиялыларын сұраусыз, есепсіз үштіктің жаласымен түрмелерге тоғытып, 1936-1937 жылдың қанды қырғынын асқан қатыгездікпен ұйымдастырады.     Екінші дүниежүзілік соғыс сұрапылы да қазақ еліне өте орасан салмақ салады, айықпас қасырет әкеледі.  Екі млн жуық Қазақстан жауынгерлерінің жартысына жуығы қан майдан даласында жер жастанады. Бірнеше млн босқындар мен күштеп қоныс аударғандарды паналатқан өлке жергілікті ұлт тұрғысынан тағы да қайталап демографиялық ауыртпашылыққа түседі. Отызыншы жылдардағы Кеңестер Одағын индустрияландыру үрдісіне  10 млрд көлемінде жойқын қаржы құйған Ротшильдтер әулеті мыңдаған өндіріс ошақтарын еуропалықтар мен американдықтардың тікелей қатынасуымен өркендетіп жіберген болатын. Міне, соның жемісін көрген қазақ елі майданның алғы шебін бар керекті заттар мен қару-жарақтармен, киім-кешек пен тағаммен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Өздері қандай қиналса да қазақ елі-жері бар ауыртпашылықты мойымастан, қасқая көтеріп алады. 1943-1953 жылдар аралығында алдыңғы берген уәдеден тайқи берген ФҚЖ-ФРС қожайындары мен Сталин арасындағы текетірес шырқау шегіне жетеді, тіпті кейбір тұстарда асқынып кетеді. Нәтижеде, Қырым Израйылға бұйырмай, әл-Қудс тарапы жаңа мемлекет іргетасы қалануына негіз болады. 1944 жылы мақұлданған Бреттон-Вудс жүйесі бойынша АҚШ доллары құндылығы алтынмен қамтамасыз етіліп, демек қанша доллар валютасы басылса сонша алтын қоймада сақталып, ал әлемдегі өзге валюталар бағамы доллармен салыстырылып, халықаралық қаржы жүйесі қызметін жандандыру үрдісі қызу қарқын ала  түседі.

1938-1951 жылдар аралығында атақты Әліби Жангелдиннің бейресми қолдау білдіруі себебімен Сталинге жақсы танылып, білгір-іскерлігімен Сталиннің талай қатал сынынан өткен, 13 жыл бойына ең сындарлы кезеңде  Қазақ республикасы халкомсовы төрағасы қызметін атқарған аса көрнекті мемлекет қайраткері, қайталанбас болмысты ұлы тұлға Нұртас Оңдасынов одақтық және әлемдік деңгейдегі қазақ мәселесі қандай тұрғыдан болмасын дұрыс тұрғыдан шешілуіне көзсіз батырлылық және табандылықпен  атсалысады. 1943 жылы сырттан уәделі көмек келмеген дағдарыстағы Сталинге Кеңес халқына діни сенім тұрғысынан біршама еркіндік беріп, шіркеулер мен мешіттерді ішінара қайта қалпына келтіртіп, Орта Азия мүптилігін құрғыздыртып(САДУМ), 85 жастағы ислам ғұламасы шейх Бабаханды Тәшкеннен алдыртып Сталинге қабылдатқызып, тап сол жылы Ақмолада жаңа шағын мешіт тұрғыздыртып, кеңестер одағы және қазақ халқының рухын көтеруге, неміс фашистерімен шешуші айқаста жеңіске жетуге басты себепші болады. 1943 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылып, 1944 жылы Семейдегі ет комбинатына КСРО Қоғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туы Сталиннің нұсқауымен мәңгілікке сақтап қоюға беріледі. Кентау мен Теміртаудың атын қойып, аса ірі өндіріс ошағын іске қосып, Семейдегі Дегелең Атом полигоны, Байқоңыр ғарыш айлағы аты мен заты орнықтырылуы, Маңғыстау-Атырау мұнай-газ кеніші жаппай игеріле бастауы,  Ақмола облысындағы Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны, бір сөзбен айтқанда қазақ жеріндегі барлық орасан құпия жобалар Премьер-министр Н.Оңдасыновтың қатаң ой елегінен өткізілуімен тып-тинақтай сарапталып, алдына адам баруға тайсалатын Сталиннің талқысына батыл әрекетпен ұсынылып жатады. Әрдайым өз ұлтының мүддесін жоғары қоя білген Н.Оңдасынов Лондондағы алпауыттардың ФҚЖ-ФРС негізіндегі Трансұлттық корпорациялар талап-тілектерін де тыңғылықты сараптамадан өткізіп, кейбір жағдайда ілкімділікпен алдарын да орап кетіп, талай өркеуделерді сан соқтырып кетумен болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында АҚШ вице-президенті Қиыр Шығыс арқылы КСРО-ға келіп, жолшыбай арнайы тапсырыстармен Алматыға тоқтағанда халкомсов Н.Оңдасынов әуежайдан қарсы алып, кеткенге дейін ашық сұхбат құрып бірге болған сәттері халықаралық мәселелерге деген таным-білігін арттыра түседі. Алпысыншы жылдар басында Кеңес делегациясын басқарып Шам-шәрифке, яғни Сирияға барғанында Түркістан тумасы, Қожа Ахмед Яссауи діни мектебі өкілдері екенін естіп-білген Димашық ғұламалары, мемлекет қайраткерлері дереу қатты құрмет көрсетіп, облыс басшысы компартия қайраткерінің қолын сүйіп шынайы ықыластарын білдіргені балалық шағында медіреседе дәріс тыңдап, арабша және парсыша хат таныған Нұртас Оңдасыновтың туған-өскен ел тарихына деген құрмет-ілтипатын онан сайын арттыра түседі.

1951-1953 жылдар аралығында Нұртас Оңдасыновты білімін жетілдіру мақсатында деген желеумен талай жаһандық алпауыттар тайсалған Сталиннің өзі  Мәскеуге алдыртып, қаншама оңаша кездесулер, сыр сақтаған сұхбаттасулар өткізіп, Сталин өз өмірінің соңғы сәттеріндегі құпия өсиеттерімен бөлісіп, Молотов, Суслов, Косыгин, Громыко, Ворошилов, Андропов сынды нағыз сенімді серіктерінен құрылған, арасында бөтен ұлттан жалғыз қазақ бар өте құпия мемлекет билеушілері тобын құрып, СМЕРШ жанкештілері көрінбес жасақтарын осы бейресми ықпалды топқа бағындырып қояды. Кейінде бұл құпия топ Мәскеу мен Лондон қожайындарын таң қалдырған талай-талай астыртын әрекеттерді жымын білдірмей жүзеге асырады. Батыс қожайындарына бағынған Н.С.Хрущев билік басына келе салысымен Израиль мемлекетіне беріледі деген Қырымды Ресейден жұлып алып бірінші қадамда Украинаға қосады, Сталинді барынша қаралап, сталинсіздендіру науқанын үлкен белсенділікпен жүргізеді. Хрущев  Сталиннің қадір тұтқан кадрі Н.Д.Оңдасыновпен оңашада кездесіп, тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасы аясында Орталық және Солтүстік Қазақ жерлерін автономияландыру желеуімен алдымен Ресейге бағындырып, одан әрі тіпті Кеңестер Одағы құрамынан шығарып-ақ жіберуге  дейін көмек ететін болса, Қазақ мемлекетін бір өзі қалағанынша басқарып тұруға бар қолынан келетінін жасайтындығын айтып нақты ұсыныс білдіреді. Бұндай шайтани жобаға үзілді-кесілді қарсылығын білдірген Н.Оңдасыновқа әбден жауыққан, кектене өштескен Н.С.Хрущев Брежнев, Қонаев, Юсупов секілді республика компартия басшыларын Оңдасыновқа қарсы әрдайым айтақтап салып, кейінде Атырауда басшылық қызметте жүргенде Мәскеуден, СОКП Орталық Комитетінен жалған жала жапқандар, домалақ арыз жазғандар желеуімен әртүрлі құрамда қатаң түрде тексерту мақсатында отыздан астам комиссия жібертеді. Еш ілік таппаған комиссия мүшелері «қызмет телефонын жеке мүддеге пайдаланып, неге Мәскеудегі әйел-балаларыңмен сөйлесесің» дегендей кінәрат тағады. Ақыры, небәрі 58 жастағы Оңдасыновты Атырау облысы бірінші басшысы лауазымынан  қудыртып, басқа еш қызмет ұсындырмай, зорлықпен 58 жасында зейнеткерлікке шығартқызып тынады. Тыңды игеру сылтауымен қазақ жерін ай-күннің аманында қазақтардан күштеп тартып алу авантюрасы жүзеге аспай қалған Хрущев Оңдасыновтың Қ.Сәтпаев, Ж.Тәшенов, Д.Қонаев, Ш.Есенов сияқты шәкірттеріне шүйлігіп, табаны күректей он жыл бойына еш тыным бермейді. Арқаның жері, Ақмола облысы тың игеру науқаны нәтижесінде басқаша мәртебеге ие болып кеткен соң Хрущев батыстағы демеушілері алдында оңды есеп беруі үшін Маңғыстау мен Атырауды күштеп тартып алып Түркменстанға қосу әрекетіне көшеді, арнайы қаулы да дайындаттырып қояды. 1957 жылы Хрущевті билік басынан кетіруге сәл ғана қалған Молотов, Ворошилов бастаған Мәскеудегі Сталин құрған құпия топ ұрымтал сәтінде Юсупов пен Есеновті Хрущевқа дайындап кіргіздіртіп, артынан саяси бюро мүшелері арасында жалпылай талқыға сала келгенде басым көпшілікпен бұл асыра сілтеушілікке тосқауыл қойғаннан кейін барып, әбден ызаға булыққан Хрущев ұйғыр И.А.Юсуповтың атын желеу етіп, ретін тауып, Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше ауданды себепсізден себепсіз, саяси-экономикалық дәлелсіз Өзбекстан құрамына өткіздіртіп жібереді. 1960 жылғы археологиялық қосын зерттеулері нәтижесінде мықтап дәлелденген, ежелден қазақ хандарының қасиетті мекені болған, жер бетіндегі он млрд адам баласы топан судың құрбаны болғаннан кейін Нұх пайғамбар ғ.с. кемесі түкпілікті оснда келіп тоқтаған, жер шарына адам ұрпақтары тарауының ең соңғы бесігі болған қасиетті Нұр тау, Нұр Ата тауы өлкесі, міне, осылайша әділетсіздікпен көрші өзбек ағайындардың мемлекеттік меншігіне өткіздіріліп жүре береді. Хрущевтің ең соңғы мәрте Алматыға келген сапарында көпшілік көзінше Н.Оңдасыновқа мазақтаған, намысына тиген сөздер айтып, өзбекке берілген жерден басқа да жерлеріңді тартып алып басқа көршілеріңе үлестіріп беремін деген сандырағына тайсалмастан, қаймықпастан батыл жауап қайтарған Оңдасынов тұжырымдарынан кейін ашу-ызаға булыққан Хрущев  дайын тұрған дастархан дәміне де қарамастан ұшағына мініп Мәскеуге ұшып кетеді. Дүние кезек деген, Хрущевтің жеңілтек, әпербақан іс-әрекетіне әбден тойған одақ басшылары, құпия Сталин серіктері астыртын келіссөздер жүргізіп, Лондон қожайындарын бірнеше жанды ұсыныстармен қызықтырып, 1964 жылы қаннен-қаперсіз ел астанасынан сырт жақта демалыста жүрген Хрущевті тақтан тайдырып, кейінде Мәскеу іргесіндегі шағын саяжайда 7 жыл бойына үйқамақта 16 әскерден күзет қойып ешкіммен араластырмай ұстап, барынша құса жағдайда титықтатып барып о дүниеге аттандырады. Демек, 1964 жылы небары 60 жастағы Нұртас Оңдасыновқа арада 2 жыл уақыт салып барып Алматыда не Мәскеуде жоғары лауазымды қызметке қайтып оралудың үлкен мүмкіншілігі туған еді ғой. Енді онымен тәжікелесетін, Сталинге жақын болғандығын айтып бетіне басатын ешбір салмақты саяси қарсыласы қалмаған. Сталиндік құпия топтағылардың барлығы да дерлік ол кезде Кремлдің төрінде, ең жоғарғы, ең шешуші лауазымды билік мәнсаптарында отырған болатын. Алайда, құпия топ қартая бастаған Молотов пен нағыз толысқан қайраткер шағындағы Оңдасыновқа аса жоғары сенім артып, «Кремлдік паекке» дейін тіркеп қойып бар жағдайларын жасап, Кеңестер Одағын ішкі-сыртқы шешуші күштердің әсерінен ыдыратпай құпия басқарып отырған, батыстық түрлі іріткі  жоспарларға қарсы астыртын билік өкілдерінің басқарушы орталығы ретінде қалуды ұсынады. Ресми қызметі жоқ дегені болмаса бұл екі ірі тұлғаның ширек ғасыр бойына кеңес империясында кім-кімге де болмасын өтпейтін сөзі, орындатпайтын тапсырмасы, істеткізбейтін ісі болмайды. Мәскеудегі және Алматыдағы Орталық мұрағаттарда Н.Оңдасынов есіміне байланысты бірсыпыра құжаттарда шектеу, құпия  грифі әлі күнге дейін алынбай келе жатуының өзі де көптеген жайттарды аңғартса керек. Өз үйінде таң құлқын сәріден тұрып, жуынып-шайынып, қырынып, таңғы шәйін ішіп, төргі бөлмеге көстюм-шалбарын киініп, галстугін тағынып, мемлекет қызметкері іспетті сықиып киініп алып барып кіріп кетіп, түскі үзіліске дейін қалт етпестен жұмысқа барынша беріліп, қауырт кірісетін, түскі асқа үзілістен кейін кеш қарайғанға шейін арабша-қазақша, парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктерін жазу мақсатында әдебиеттер қарап сарыла ұзақ отыратын, ара-арасында телефонмен керекті адамдарымен байланыс орнататын жұмбақ жан Нұртас Оңдасынов тап осы тәртіппен 25 жыл бойына барлық алтын уақытын өткізген болатын. 1988 жылы Индияға сапарға бара жатқанда Алматы-Мәскеу-Ташкент-Дели маршрутымен ұшаққа мініп, Нұртас ұстазымыздың Мәскеудегі пәтер-үйінде бірнеше сағаттап арнайы іздеп барып қонақта болғанымызда төсек тартып сырқаттанып жатқан бәйбішесі Валентина Васильевна жеңгей Оңдасыновтың бұл таңғажайып жұмыс тәртібіне шағымданып, ширек ғасыр бойына осы темірдей тәртіппен өмір сүріп келе жатырмыз, ағаларыңызға оңашада ескерту де айтып кетпейсіздер ме деп өкпе-наз айтып қойған-тын. Үйдегі жұбайы да, ғылыми атақтар қорғаған екі ұлы да, жоғары қызметтегі шәкірттері де Оңдасынов құпиясының түп-төркіні неде жатқанын білместен бертінге дейін өмір сүрді, көбісі өз дүниетанымы шеңберінде пайымдап жарық дүниеден өтіп те кетті. Қазірде көзі тірі алдыңғы буын ағаларға осы тарихты там-тұмдап аңдата бастасақ, біржолата терістей де алмайды, қиыннан қиыстырып ертегі айтқан сияқты сенгісі де келмейді, сол ірі тұлғалар өздігінен билік басына келе қалды дегенге жалаң мойындағысы да келмейді. Қазақ елін әр жылдарда басқарған Нұртас Атаның төл шәкірттері – Д.Қонаев, Б.Әшімов, Т.Тәжібаев, С.Құбашев, Ө.Жәнібеков, Ә.Кекілбаев, Н.Назарбаевтар жеке-дара тәрбиеленіп, бір-бірлерімен еш қатынастары болмай жауапты қызмет сатыларымен жоғарылатылып, Н.Оңдасыновтың өзінен басқа ешбір жан аңдап-білмейтін құпия саяси тәртіппенен Кремль тарапынан дүркін-дүркін дем беріліп отырғандығы шындық. Мәселен, Қарағанды металлургиялық комбинатында енді ғана өсіп келе жатқан Н.Назарбаевті Д.Қонаев жоғарыдан «тұншықтыра» бастаған соң, «Правда» газетіне меншікті тілші М.Н.Полторанинмен бірге сын мақала жаздыртып, 1977 жылы СОКП ОК-нің 2-ші хатшысы М.А.Сусловқа қабылдау жасаттырып, «енді алаңсыз жұмысыңды жасай бер, енді сен біздердің бақылауымыздасың, саған енді ешкім де тиісе алмайды»-деген үлкен қамқор сөзді айтқыздыратын да тасадағы «көзге көрінбес» Н.Оңдасыновтың  қапысыз әрекеттері еді.

Қамқор жан, тілеуқор ұстаз дегеннен шығады, Байқоңыр ғарыш айлағы ең алғаш іргетас қалай бастағаннан бері тартып ғаламдық жобаларды жіті қадағалап жүрген Н.Оңдасынов адамзат арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагаринді жеке тұлға ретінде әу басынан бастап сын көзімен қадағалап жүреді. Сыр бойы ескі шаһарлары, байырғы асарлар, Қорқыт Ата есімімен байланысты тарихи орындар, Төретамның өзіне тән керемет табиғаты, Қармақшының ғажайып ескерткіштері, Қызылорданың ақ пейілді мамыражай қазақтары, бәр-бәрісі де жас ғарышкер Юрийге бір көргеннен қатты ұнайды. Үйретушілері, жетекшілері, тәлім берушілері, бақылаушылары мен талап етушілері маңайында шұбырып жүрген Гагарин серіктесі Титовтан ештемені қызғанбайды. Екеуінің біреуі адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер атанатындығына да шүбәсіз сеніммен иланады. 1961 жылы өзінен кейін бір айға толмай ғарыш көгіне көтерілген АҚШ астронавты Алан Шепардты да сырттай есіміне қанығып, құрмет тұтады. Солай бола тұра, Гагариннің ең үлкен арманы айға ұшу еді. 1961 жылы Мәскеуде, 1962 жылы Хельсинкиде  Гагаринмен алқалы жастар жиынында жақын танысқанда жас қазақ Нұрсұлтан Назарбаев атақты адамдардың да қол жетпес армандары бар екенін, жол сілтеуші қамқоршы ұстазы жоқтың кемшін тұстары айқын сезіліп тұратынын өз көзімен көріп-сезінеді. Артынша жер жүзін аралаған Гагарин ағылшын елінде патшайыммен де жақын жүздесіп, батыс қожайындарының сүйіспеншілігіне бөленеді. Әлем алпауыттары ашық-жарқын ұшқыш-ғарышкерді өздеріне тартып, әрқилы мақсатта қолданбаққа шетке шақырып  баурай бастайды. 1968 жылғы жұмбақ жағдайдағы әскери ұшақ қазасынан тоғыз айдай уақыт бұрын Гагарин американ экипажымен ғарыш сапарына шығуға дайын екендігін білдіреді. Алайда Кремль бұған рұхсат бермейді. Гагарин енді НАСА-ға барып, бейбітшіл еркімізді танытып, батысты түбегейлі тексеріп қайтайын деген ұсыныс та айтады. Кремль бұл тілекті де зекіріп тиып тастайды. КСРО-ның айға ұшу жоспары Брежневтің тұсында мүлдем орындалмауы мүмкін деген нақты тоқтамға келген Гагарин өзіне тән қызуқандылықпен артық қимылдар таныта бастайды. Міне, осы тұста қандай да бір аса құпия шешім шығарылып, шет елге ұшақпен қашып кетуі мүмкін деген күдік-күмәндар айтылып, МИГ-15-пен әскери жаттығулар жасап жүрген Гагарин ұшағы қонуға бет алғанда, бір жорамалдар бойынша жанынан өзге аэроұтқыр ұшақ жанай ұшып өтіп, соның қатты толқынынан Гагарин мен Серегиннің ұшағы жерге қадалып мерт болады. Гагариннің жеке ісі бүгінгі таңға дейін өте маңызды құпия құжаттар қатарында табылып, ешкімге көрсетілмей келе жатуы да сол себепті деп білеміз. Егерде Гагариннің Н.Оңдасыновтай ақылшы ұстазы болғанда өмірінің соңы мұндай қайғылы оқиғаларға апарып соқтырмаған болар ма еді... Қазақ жерінде туып, қазақ жерінен ғарышқа көтерілген В.Шаталов, В.Пацаев, А.Викторенко, Ю.Лончаков, С.Возовиков сынды ғарышкер жерлестеріміз туралы әңгіме бір бөлек.

Қазақ жері және Н.Оңдасынов деген қабырғалы мәселеге қайтып оралатын болсақ, 1979 жылы әлем алпауыттарын дүр сілкіндірген Ақмола оқиғасына, Ерейментау неміс автономиясы құрылуы алғышарттарына  нақтырақ тоқталуымызға болады. Бүгінгі таңға дейін Целиноградта орын алған бұл жұмбақ наразылық шеруінің,  СОКП ОК-нің қаулысын орындауға қарсы саяси талап қойған көтерілістің ең түпкі мәнісін ешбір саясаткер дәлді болжап ашып бере алған емес. Д.Қонаев, Н.Е.Морозов, А.Браун, Ф.Бобков, т.т. Мәскеулік, Алматылық, Целиноградтық басшылардың естеліктеріне назар салсаңыз, олар да мәселенің түпкі түйінін тарқата алмай бір-бірлеріне сілтеумен болады. Алайда, түп-төркініне үңілсек барлығына да себепкер 1971 жылғы «Никсон шок» оқиғасы еді. АҚШ Президенті Р.Никсон 1971 жылғы 15 тамызда Алтын стандартынан бас тартатынын, енді доллар алтын төңірегін айналсоқтап жүрмей, керісінше алтынның өзі доллардың төңірегін шыр көбелек айналып жүретінін ресми мәлім етеді. Француз Президенті Шарль де Голль алпысыншы жылдар соңында алтынның табиғаты өзгермейтін қадырін айшықтап, алтын ұлтқа да бөлінбейді деп АҚШ-тың 1,5 млрд долларын өздеріне қайтарып, әр алтын унциясын 35 долларға бағалатып өте үлкен көлемдегі француз алтынын кемеге тиеп дереу еліне қайтарып алғаннан кейін 1968 жылы «Шарль, кет!» деген ұранмен әлемдегі алғашқы түрлі-түсті төңкеріс болып, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ұйымдастырды деген саяси төңкерістен де көптеген белді мемлекеттердің басшылары құлақтанып, тіксінісіп қалған болатын. Нәтижеде, 1944 жылғы 44 ең дамыған мемлекет қол қойған Бреттон-Вудс келісімі біржақты негізде тарих қойнауына тасталып, әлем елдері Никсон шешіміне қатысты не айтарларын білмей дағдарысып, ФҚЖ-ФРС доллар баспаханасын толықтай іске қосып, еш шектеуі жоқ, шегі жоқ, ешбір уағдаға негізделмеген АҚШ қаржысын әлемге дөңгеленте шашып, дүниеде не керектісі болса соны оп-оңай қағаздай ақысын төлеп меншіктеп ала бастайды. Осы мақсатта мыңдаған трансұлттық компаниялар мен корпорациялар, концерндер тез  арада батыс қожайындарының қатаң қадағалауымен тіркеліп, жер шарының барлық шалғайындағы ең қызықты жобаларды өздеріне өте тиімді шарттармен әп сәтте қаржыландырып, шұғыл іске кірісіп  кеп кетеді. Бұл орасан қаржы толқыны әлемдік биржалардың қызметтеріне кереметтей серпін беріп, жетпісінші жылдардың ортасына таман Лондон-сити мен Нью-Йорк қаржы биржасы арасында мұхиттың астымен астыртын супер кабель жүйесі тартылып, енді әлем алпауыттары бірнеше секунд ішінде еуропа мен америка арасында трлн-даған қаржыны аударып үлгеретін мүмкіншілік алады. Қажеттілік, әлбетте, жаңа сұраныстарды туындатады. Күншығыста Токиодағы қаржы биржасынан таңғы қызметін бастаған дүниежүзілік сауда айналымы еуропа төріндегі Лондон-ситиға дейін жеткенше 10 мың шақырымдық жер қашықтығына сәйкес  ең кем дегенде 10 сағаттай кідіріс тауып, жаһандық деңгейдегі аса зор қаржы күретамыры батпырақтап тоқтап қалатын болған. Осыдан бір ғасыр бұрынғы әлемдік банкирлер жоба-жоспары оларға қайтадан жағрафиялық картаға үңілуге мәжбүр етеді. Ұзына созылған қазақ жері, мыңдаған шақырымдық Сарыарқа атырабы Лондон қожайындарының тағы да өте үлкен қызығушылықтарын туғызады. Әр жылғы Бильдерберг клубы жиынында әлем билеушілері Кеңестер Одағы өкілінен олар көз тіккен аймақты қалай да болсын жолын тауып, ретін келтіріп, ресми заңдастырып бөлшектеп беруін талап етеді. Түрлі саяси қысым мен қоқанлоққылар да жасалады. Мәскеуге батыстан тапсырма арқалаған өкілдер ай сайын тынбастан ағылып жатады. 1978 жылғы Эдвард Кеннеди-кіші бастаған АҚШ делегациясы секілді өкілдер де әрқилы сылтаулармен Қазақ еліне, Алматыға келгіштеумен болады. Соңында Л.И.Брежнев пен М.А.Суслов, Ю.В.Андроповтар нақтылы тоқтамға келіп, ГДР мен ФРГ-нің табанды сұранысы бойынша деген желеумен арнайы комиссия құрғызып, 1978 жыл бойында Ю.Андропов, И.Капитонов, М.Зимянин, З. Нуриев, Н. Щелоков, Р. Руденко, М. Георгадзе, В. Чебриков бастаған Кремлдік топ қауырт жұмыс жасап, Ресейде Еділ бойында немістер жоқтықтан ол жерде автономия құру тиімсіз, ал тәжірибелі мамандар еуропаға кетіп қалмасы үшін кеңбайтақ қазақ жерінде дербес неміс автономиясын  ашқан орынды деген тоқтамға келіп, тиісті құжаттар әзірлейді. Ал 1979 жылғы 15 мамырда, яғни сол ай соңындағы Бильдерберг конференциясына дейін шешім шығартып, СОКП ОК-нің «Ерейментау орталығы болып табылатын неміс автономиясын құру» туралы жасырын қаулысына қол қояды. Бір айға дейін тыныштық орнап, ресми өкілдерден ешбір жан жаңа құрылым жайында тіл қатпайды. Сол уақытта Краснознаменский (қазірде Егіндікөл) ауданын басқарған ұлты неміс А.Г.Браун да неміс автономиясының бірінші басшысы боласың деген Мәскеу құптауын естіп-білгенімен, жаңа территориялық құрылым жөнінде ешкімге тіс жармайды. Алайда, 1979 жылғы 15-17 маусым күндері Целиноград қаласының орталық көшелеріне мыңдаған студент қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, оларды алдыңғы қатарда жүріп Ұлы Отан соғысы ардагерлері де қостап, ол аз десеңіз қазақтан басқа - орыс, украин, белорус ұлты өкілдері де бей-жай қалмай үн қатып, қазақ жерінде неміс автономиясын құруға үзілді-кесілді қарсылықтарын білдіреді. Немістер 1941 жылы тарқатылған Еділ бойы атамекендеріне кері қайтып, Ресей құрамында өз автономияларын қайталап құрғызуын талап етсін деген ұсыныстар да айтылады. Мұндайды күтпеген облыс басшылары дағдарысып, тәртіп сақшылары мен бейбіт шерушілер арасында қақтығыс туындап, қан төгілмесін деген үреймен Алматыға, ал республика басшылары Мәскеуге дамыл-дамыл жедел ақпарат берумен болады. Үш күнгі үрейден кейін Мәскеуден жақсы хабар жетіп, ескі қаулы күшін жойып, енді қазақ жерінде неміс автономиясы құрылмайтын болды деген сенімді уағда алынады. Кімдер, қалай ұйымдастырғаны белгісіз мыңдаған шерушілер бірде-біреуі жауапқа тартылмай, тергеуге алынбай жұмбақ түрде қалың көпшілік арасына сіңісіп, облыс аудандарына тарап, заматында ізім-қайым жоқ болып кетеді. Ойлағаны жүзеге аспаған батыс алпауыттары енді ондаған жылға тыныштық табады. Барынша әрекет еттік, іс аяғы насырға шапты, діттегеніміз болмады деген Мәскеу билеушілері де мазасыздықтары басылып, сондай бір рахаттанады. Арнайы операцияны бастан-аяқ жоспарлап, өте-мөте көрегендікпен жүргізген Нұртас Оңдасынов секілді кемеңгер идеологтар да қазақ жерін, кеңестер одағы бір пұшпағын қауіпті бөлшектену үдерісінен әрең-пәрең дегенде сақтап қалып, келешек ұрпақтар алдында «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» қасиетті бір міндетті атқарады.

Көпке ұзамай, әлемдік олигархтардың қадала ден қоюымен 1980 жылдан бастап Кеңестер Одағын әлсірету, ыдырату, күйрету, артынша жоқ ету науқаны басталады. Сталин дәуірі өткеннен кейін отыз жыл бойына астыртын әрекеттер жүргізген одақтық билік басындағы көнекөздер тобы араларына селкеу түсіп, әуелі Ворошилов 1969 жылы, ал Косыгин 1980 жылы, Суслов 1982 жылы, Андропов 1984 жылы, Молотов 1986 жылы, Громыко 1989 жылы, ең соңында Оңдасынов 1989 жылдың аяғында дүние салады. Демек, 1986 жылдың басты оқиғалары - Чернобыль апаты(«Дуга» суперклиматтық қаруын сынау мен оның негізгі құпия бөлшектерін Аляскадағы АҚШ суперклиматтық қаруын жарақтау жобасына жасырын түрде сатып жіберу барысында жойқын жер сілкінісі салдарынан болған АЭС апаты еді) мен Қазақ ССР-індегі Желтоқсан оқиғасына байланысты Сталин өзі құрып кеткен жоғарыда есімдері аталған аса көрнекті мемлекет қайраткерлері тобын кінәлі деп атауымызға болмайды. Себебі, олардың қай-қайсысы да кеңестер одағын ыдырату емес, керісінше 300 млн тұрғыны бар алып державаны қайткенде де сақтап қалу мұратында ең соңғы демдері таусылғанша қайрат көрсеткен өз заманының нар тұлғалары болатын. 1988 жылы оңашада сырласқанымызда: «Енді құдай қуат беріп, қол-аяғым сау бес жыл өмір сүретін болсам ғұмырымдағы барлық арман-мұратым орындалады!»-деген Нұртас Ата сөзінің төркінінде де талай-талай адамзаттық деңгейдегі мәнісі бар тарихи үрдістер сырлары жатқан болатын. Қазақ елі тәуелсіздік алатынын дәлді болжап білген қарт қайраткер ең ұрымтал бірнеше мәселе бойынша жаңа басшыға көптеген ақыл-кеңестерін айтып кетуді өзіне асыл міндет санаған. 1986 жылы Д.Қонаев Мәскеудегі М.С.Горбачев бастаған саяси бюро мүшелеріне өз орнына лайықты республика басшылығына қазақ арасында ешкім жоқ демей, С.Құбашев, К.Аухадиев, Е.Әуелбеков, Ш.Есенов, Н.Назарбаев, К.Салықов, т.б. есімдерін атап, ондаған кандидатура ұсынғанда, тарих доңғалағы өзгеше айналып, ел тәуелсіздігі іргетасы мүлдем бөлек сипатта негіз қалаған болар ма еді. Желтоқсан оқиғасы кеңестер одағын дүр сілкіндіріп, қазақтың өршіл рухы айдай әлемге тарап кетпегенде, Г.Н.Колбин бастаған әсіре компартия ұрдажықтары қазақ жерін бөлшектеуге бірден пәрмен беріп, батыстың трансұлттық корпорациялары Сарыарқаның ғасырлап өздері көз сүзген аймақтарына сұғына еніп, қаймана қазақтың естерін жиғызбастан талан-таражға салып жеке меншіктеп үлгерген болатын ба еді. Шайтани саяси технологиялар адам баласының ақылына келмейтін сценарийлерді туындатып, қажет еткен мөлшерінше ұлт пен ұлыстарды, мемлекеттерді сапырылыстыра береді. Ең бастысы, Жаратушы Құдырет Иесі қолдап, млн инсандар ниет-пиғылына байланысты Нұртас Оңдасынов секілді дара тұлғаларды халыққа сый етіп беріп, алып империялардың өзінің тағдыр-талайын сол жеке тұлғалар іс-әрекеттеріне басыбайлы тәуелді етіп қояды. Н.Назарбаевтің Қазақстан билігі басына келуі Н.Оңдасынов көрегендігі мен қайраткерлігінің тұтастай жарты ғасырлық дәуірінің жеткен жетістігі, асқар шыңы болып тарихқа алтын әріппен жазылды. Енді, қазақ жеріне батыс алпауыттары көз сүзген тар жол, тайғақ кешудің жаңа эпопеясы басталды.

Лондон-сити қожайындары КСРО күйреуін жаңа әлемдік тәртіптің заңды бір бөлшегі ретінде қабылдайды. Дербестік алған Қазақ елін сырттай қуаттап, көп жылдар бойғы армандарына енді анық қол жеткізетіндеріне бек сенім артып, алдағы ондаған жылдарға нақтылы жоспарлар құра бастайды. Тоқсаныншы жылдарда Қытай экономикасын гүлдендіруге барынша күш салған Ротшильдтер бастаған әлем алпауыттары мыңдаған Трансұлттық корпорациялар қызметін жандандыру арқасында 1,3 млрд халқы бар алып мемлекетті дүр сілкіндіреді. Қытай атынан жер-дүниеге жайыла бастаған батыс қожайындарына тәуелді трансұлттық құрылымдар жаһан халықтарына заңды үрей тудырып, жер шарының қай шалғайында не жақсы бизнес көздері бар, соның барлықтарын да талғамастан жұтып, жалмай береді. Кезінде Кеңестер Одағы арқылы Қытай компартиясын дүниеге әкелдірген батыстық олигархтар, генералиссимус Чан Кайшидің құзырындағы үш мың жыл бойындағы қытай императорларының ең үлкен алтын қорын 1939 жылы 60 жылға сақтап қоюға келісім-шарты негізінде деген сылтаумен Нью-Йорк әлемдік сауда үйі қоймасына апарып салдыртқан ФҚЖ-ФРС қожайындары, Мао Цзедун, Дэн Сяо Пин, Цзян Цземинь, Ху Цзиньтао, Си Цзиньпин басшылық еткен саяси құрылымды түбірімен реформалап, өзара келісіп ең жоғары деңгейдегі шешім қабылдайтын 9 мүшесі бар саяси бюроны 2 шешуші тұлғаға қысқарттырып, ҚХР-ның біртұтастығына қауіп төндіретін үрдісті бастатып кеп жібертеді. 2000 жылға қарата АҚШ-тағы өткен ғасыр бойына қордаланған барлық алтын қоры, әлемнің барлық байлығы дерлік  Ротшильдтер әулеті қатаң қадағалауымен Гонконг және Қытайға көшіріледі. АҚШ және Еуропадағы Трансұлттық корпорациялардың дені штаб-пәтері етіп Бейжин не Шанхайды таңдап алады. Сөйтіп Қытайдың әлемдегі ең озық дамыған мемлекет деген экономикалық әфсанасы адамзаттың санасына берік сіңіріле бастайды. Индия тарапына да мыңдаған трансұлттық корпорациялар үдере көшірілумен болады. Нәтижеде, БРИКС және ШЫҰ-ШОС секілді жаңа күш құрылымдары дүниеге келеді. Қарап отырсаңыз, көктемде құлпырған қазақ даласы сыңайлы әлемдік басқару орталықтары да құпия ұйымдардың әсерімен лезде түрленіп сала береді. Қазақ елі тәуелсіздік ала салысымен Ротшильдтер әулеті жылы шырай танытып, Лондондағы өздеріне тәуелді банкноттар фабрикасынан қазақтың төл теңгесі басылып шығарылуына келісімдерін беріп, барлық жағдайды жасайды. Артынша Хитроудан 18 мәрте транспорттық ұшақпен қазақ валютасын шалғайдағы Алматыға тасып жеткізіп алуға да құпия жол ашады. Бұл жақсылық, бұл қызметтердің барлығы да өтеусіз тегін болмайды. Батыс алпауыттары ескі тақырыпқа қайтып оралып, Сарыарқа топырақтары олар үшін стратегиялық өте маңызды жер телімдері екендігін ескертумен болады. Елбасы да қол қусырып қарап қалмайды, халықаралық электронды қаржы орталығын құру мақсатында Қазақ мемлекеті де әлем алыптарымен иық тірестіре отырып ат салысатындығын жан-жақты дәлелдеп, соның алғашқы нақты зор қадамы ретінде 1994 жылы 6 шілдеде ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, тиісінше инфрақұрылымдар толыққанды әзірлікте болатындығын парламент мінберінен ресми жариялап, арнайы қаулы қабылдатады. 1997 жылы ел астанасы Ақмолаға басыбайлы көшірілгенмен, қаланың заманауи сәулеттік сән-салтанатқа бөленіп кетпектігі батыс олигархтары тарапынан көптеген сұраулар туындатады. Ақырында, 2001 жылы Лондон-сити қожайындарының мақұлдауымен Ватикан-ситидің 81 жастағы рухани көсемі, Рим Папасы Екінші Иоанн Павел  Астанаға арнайы сапармен ұшып келіп, әуежайдан қона  сала Қазақ елі мен Елбасыға үлкен құрметін көрсетіп, қазақ тілінде сөйлеп, салтанатты жиынға тебірене келген барша қауымға қарата былайша қазақша жүрекжарды тілек айтады: «Қазақ халқы, сені елді шынайы прогресс тұрғысынан, ынтымақтастық пен бейбітшілік рухында құрудың жауапты міндеті күтіп тұр. Қазақстан, азапқа түсушілер мен діни нанымдағылар жері, айдалғандар мен қаһармандар жері, ойшылдар мен суреткерлер жері, ештеңеден тайынба! Егер сенің денеңе түсірілген жарақаттың ізі терең де сантүрлі болып қалса, егер материалдық және рухани қалыпқа келтіру ісінде қиыншылықтар мен кедергілер пайда болса, ұлы Абай Құнанбайдың: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Ол – Жаратқан тәңірінің ісі» деген сөздері сен үшін дәру әрі ынталандырғыш болсын. Махаббат пен әділет! Адамдардың қадамын бағыттап отырған Құдыреті күшті Құдай сенің, Қазақстанның ұланбайтақ жері, әр қадамыңа осынау жұлдыздардың жарығын түсірсін!»

Бұл керемет сөздер жай ғана айтыла салған тілек емес, соңғы үш ғасыр бойына қазақ шеккен қасырет үшін әлем билеушілерінің кешірім сұраған даты деп те қабылдаған жөн. Сонымен қатар, алдағы жарқын болашақты да қазақ баласы өз маңдай терін төгіп жүріп жасауы тиіс дегенді білдіретін айқын ишара еді. 2006 жылы әлемдегі ең құдыретті 100 кісі Ротшильдтер әулеті басқаруымен мүлдем жаңа сыпатты топ құрады. Жаһандағы жер асты, жер үсті бүкіл байлық атаулының 80 пайызына жуығына иелік ететін бұл көрінбес топ алдағы жүз және мың жылға өз қалауларынша іс-жоспар жасайды. 100 кісінің трлн-дарын адамзат дамуына жұмсайтын, әлемдік бизнес жобаларды жүргізетін жаңа тұрпатты қор құрылады. Бей-берекет жайыла бастаған Трансұлттық корпорациялар енді қатаң шарттармен осы қорларға басыбайлы байлаулы болады. Имандылығынан шайтанилығы басым осы жаһан олигархтары 7 млрд адамзат баласын ашса алақанда, жұмса жұдырықта ұстап тұру үшін қулығына құрық бойлап бара алмас нешеме түрлі супержобаларды ойлап табады. Соңғы он жыл ішінде Бильдерберг конференциясының басты тақырыбы Гугл-Google жүйесін дамыған үстіне дамыту, Wi-Fi торымен бүкіл жер шарын тегін қамтып, барлық адам баласын не ойлап, не істейді, туғаннан өлгенге шейін бүге-шігесіне дейін қалдырмай  қатаң қадағалап, бұрын-соңды болып көрмеген тоталитарлық жалпыадамзаттық жүйе құру мақсаты болып отырғандығының өзі де ақылмен зерлеп қараған кез-келген жанға өте көп қауіпті жағдаяттар тым жақындап келіп қалғандығынан нақтылы хабар берсе керек.

2010 жылы Еуроодақ Елбасыға ұсыныс жасап хат жолдап, Астанада Халықаралық электронды қаржы орталығы құрылатын болса қайтарымсыз көмек ретінде 22 млрд қаржы салуға дайын екендіктерін білдіреді. Екі қоянды бір оқпен атып үйренген қазақ билігі ЭКСПО өткізуді лезде жоспарлап, сол ЭКСПО орнын негізге ала отырып, 2018 жылы әрбір қатынасушы диллер 50 жыл мерзімге салықтан босатылған әрі ағылшындық хұқық негізінде жұмыс жасайтын «мемлекет ішіндегі мемлекет» десе де болатындай халықаралық стандарттағы жаңа қаржы орталығын құруға құлшына кірісіп кеп кетеді. 2006 жылдан кейін ҚАЗАҚ атауын адамзаттық деңгейде насихаттап-таратуды ұсынған Лондон-сити қожайындары болашақтағы әлемдік қаржы орталығы құрылысын жыл санап емес, ай санап жіті қадағалап, үнемі басты назарда ұстап отырады. 1913-2013 жылдар аралығында қызмет мерзімі тәмамдалған ФҚЖ-ФРС қаржы баспаханасын Астананың төңірегіне әкеліп орнықтырып, Токиодан Лондонға қарата тартылған жерасты супер кабель жүйесі жағрафиялық тұрғыдан «Астана»  Халықаралық қаржы орталығы аумағы арқылы өткізілетін болса, БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азия өлкесіндегі жаңа мегаорталық Астана қаласына көшіретін болса, әлбетте, қазақтың Астанасы жыл санап әлемнің астанасы, бас қаласы дәрежесіне дереу көтеріліп кетері анық. Демек, Астана және Қазақстан болашағына байланысты тарихи-саяси келісімдер мен шешімдер әлдеқайда бұрында ең жоғарғы деңгейде қабылданып қойылған. Қазақ халқының халықаралық ауқымдағы абырой-дәрежесін арттыра түсетін тарихи іс-шаралардың бір парасы 2015 жылғы қазан айының соңында Астанада және Лондонда өткізіледі. Аталған уақытта Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Астанаға үлкен делегация құрамымен келіп, Елбасымен ресми екіжақты келіссөздер өткізіп, тиісті құжаттарға қол қойып, Токио және Нью-Йорк қаржы биржаларының жетекші мамандары ЭКСПО орталығы негізіндегі болашақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызмет аясы және даму мүмкіншіліктерімен ықтияттап  танысады. Арада бірнеше күн өткен соң 2015 жылғы қараша айының басында Лондонда Елбасының Ұлыбритания басшылары мен трансұлттық корпорациялар мен концерндер қожайындарымен ресми кездесу іс-шаралары өткізіледі. Лорд Джейкоб Ротшильд бастаған Ротшильдтер әулетінің бас көтерерлері Қазақстан Елбасымен тік тұрып есендесіп қарсы алып, екіжақты келіссөз барысында әлемдік БАҚ өкілдеріне кеңінен таралған өз  мәлімдемелерін жария етеді.  Қазақстанды Орталық Азия өлкесіндегі қаржылық орталық дәрежесіндегі мүмкіншілігі бар аса тиімді аймақ ретінде қарастырып отырған Лондон-сити қожайындарын Елбасының 2018 жылы 1 қаңтарда ресми ашылуы күтілудегі «Астана» Халықаралық қаржы орталығы кешені құрылысы барысымен тиянақтап таныстыруы қызықтыра түседі. Осылайша, соңғы үш ғасыр бойындағы батыс алпауыттары жұмсауымен айдаһар мен аю қабаттасып келіп қос бүйірден қысқан текетірес майданына соңғы нүкте қойылады. Алтын Орда, Дешті Қыпшақ заманынан кейін Қазақты әлем мойындаған,  Қазақ елімен келіскен, Қазақ елімен санасқан, Қазақ елін құрмет тұтқан, Қазақты Мәңгілік Ел болады деген, Қазақ елін айдай әлемге тек жақсы  қырынан танытуға пәрмен берілген, Қазақ елінің отаршылдық езгі, бодандықтағы қасырет күндері артта қалған жаңа тарихи кезеңге қадам басудамыз. Жүз нақты қадам деп құжат қабылдаған қарышты қадамдарымыз «Астана» Халықаралық қаржы орталығы негізінде өмірге келгенін де ешқашан жадымыздан шығармауға тиіспіз. Ертегіде ғана жақсы аяқталатын өмір соңы қазақ үшін ертегі-әфсана емес, нағыз өмір шындығына айналуда. Саяси мәселелер оңды шешілгеннен кейін, экономикалық әл-ахуал да тез арада қауырт түзелмекші. Әдетте, әр жыл сайын мамыр айының аяғы, маусымның басында өткізіліп тұратын дәстүрлі Бильдерберг клубы мүшелерінің биылғы 2016 жылғы 64-ші конференциясы барысында да Қазақ еліндегі жаппай бейбіт шерулер дұрыс бағаға ие болып, млн-дар талаптары Лондон-сити қожайындары тарапынан тиісінше жауаптарын алады деп ойлаймыз.

Сөз басындағы жер дауы мәселесіне, жер туралы кодекс түйткілдеріне қайтып оралып соғар болсақ, барлығымыз мықтап ескеруге тиіс мынандай жайттар бар. Біздер жол басында емес, ширек ғасыр алпарыстармен өткен жол ортасына таман тұрмыз. Көп сулар ақты, көп келісімдер жасалды, көп уәделер берілді. Қазіргі таңдағы жер жүзіндегі ең үлкен жоба «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Токио – Астана – Лондон – Нью-Йорк әлемдік қаржы биржалары арасында супер кабель желісі тартылып, толыққанды іске қосылу үшін қаншама жан алып, жан беріскен тартыстар болмады деп ойлайсыз. Қазақстан үкіметі бекіткен 400-ден астам ірі жобаларды қаржыландырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негіздегі бағдарламаларды тыңғылықтылықпен жүзеге асыру үшін де әлемнің әр шалғайынан мыңдаған трансұлттық корпорациялар елімізге ат ізін салып, жер мәселесінде өздеріне тиімді көп жылдық шартнамаларды ұсынбайды деп ойлайсыз. Қытай еліндегі ең үлкен бизнес жобаларға қаржы салып, ондаған банкі ашып, гонконг пен қытай атынан жаһанның әр тарапына қол ұзартып отырған трансұлттық корпорациялардың қожайындары не себептен ағылшын емес қытай азаматы деп ойлайсыз. Ендеше, Қазақтың жеңісі 24 сәуір мен 21 мамырдағы жер мәселесіне байланысты бейбіт шерулер емес. Бұл шерулерді билік басындағылар әу бастан жоспарлап, өту кезеңдерін бағдарлап, фейсбук, инстаграм сияқты ғаламтор мүмкіншіліктерін оңтайлы сәтінде өз қажеттеріне сарқа жұмсап, бақылаудағы әр аймақтағы блогерлер арқылы демократия ұшқындарына жел беріп, кейбір халық өкілдеріне ғана белгілі мерзімге дейін еркіншілік беріп қойғанын түсініп-аңдау қиынға соқпайды. Бұл бейбіт шерулердің қарапайым халыққа да, билік иелеріне де, батыс қожайындарына да бірдей тиімді жақтары бар. Шеруге шыққан халық өкілдері, шеруді көрген көпшілік жамағат сөз бостандығы, ой бостандығы, отаншылдық сезім, ұлттың ұлы мұраты секілді құндылықтарды аз да болса көптей көріп, нақты өмірде сезіне түседі. Тұңғыш Елбасы және келесі Елбасылар тұсында өз көкейіндегі өзекжарды мәселелерді билік өкілдеріне тиімді форматында сұрау етіп қоя алады. Ал билік үшін бұл бейбіт шерулер әлемдік алпауыттар алдында ушыққан мәселелерді көлденең тартып, халықтың мұң-зарын ту етіп ұстап, жер дауы, байлық дауы, саясат дауы, т.б. толып жатқан проблемаларды оңтайлы шешу үшін аса қажет. Дандайсып кеткен билік өкілдерін топ-тобымен билік басынан тайдыру үшін де мұндай жария қарсылықтар өте керек. Батыстық бай-манаптар бұл тектес бейбіт шерулерден нендей ұпай жинайды дейтін болсақ, бұл өзі қолға ұстаған қамшы сияқты осы шараларды ұйымдастырған қозғаушы күшке сұс береді, сес береді. Демек, жергілікті билік басындағылар қай жерден опақ-сопағым шығып қалады деп қорқасоқтаумен, ертелі-кеш барын салып адал еңбек етіп жүретін болады. Бүгінде қазақ бейбіт шеруге шығып қордаланған мәселелер бойынша билік тарапына талап қойып та үйренгені жөн. Қазақ сілкіне оянып, өз нәпсісінің, өз әулетінің, өз отаны мен туған жерінің шынайы қожайыны бола біліп имандылықпен әрекет етсе сіз бен біз үшін керекті нағыз бақыт, әне, сол болмақшы!

Бейбіт Сапаралы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1899