Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5032 0 пікір 9 Маусым, 2016 сағат 09:06

Ерлан Карин ВКонтакте желісін бұғаттауды ұсынды

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институның директоры Ерлан Қарин елімізде ВКонтакте әлеуметтік желісін мүлдем бұғаттап тастауды ұсынды. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, аталған ресейлік желіден келетін қауіп басым.

“Соңғы оқиғалар кезіндегі жағдайларда, Фейсбук емес, ең алдымен ВКонтакте желісін я тежеу, я мүлдем тоқтату керек. Негізі барлық жөнсіз, мәнсіз және қауіпті бәлекеттің бәрі сонда” дейді Е.Қарин. Оның пікірін белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да қолдап отыр. Ол барлық бәле-жала мен сепаратизмді осы ВКонтакте желісінен табуға болатынын жазды.

Айта кетейік, кешегі Ақтөбеде орын алған террорлық актілерден кейін құқық қорғаушылар өлтірілген және ұсталған лаңкестердің әлеуметтік желідегі парақшаларын ақтарып көрді. Барлығы дерлік ВКонтакте желісіне тіркеліп, Интернеттегі діни топтардың мүшесі болған.

Жалпы, аталған желіде тек радикалды діни ағымдар ғана емес, порнографиялық мазмұндағы, жастарды суицидке шақыратын контент жетіп артылады. Біздің құзырлы орган өкілдері ВКонтакте желісін толықтай емес, тек ішіндегі жекелеген топтарды ғана бұғаттаудан ары аса алмауда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341