Сәрсенбі, 4 Наурыз 2026
Билік 115 0 пікір 4 Наурыз, 2026 сағат 13:43

«Бейбітшілік кеңесі»: Қазақстан ақша бөле ме?

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда үкімет деңгейінде «Бейбітшілік кеңесіне» қаражат бөлу мәселесі әлі талқыланған жоқ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.

«Біріншіден, біз әлі ештеңе енгізген жоқпыз. Бұл мәселелерді үкімет деңгейінде әлі талқыламадық», – деді Жұманғарин Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, Қазақстан көрсететін көмектің басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады.

«Әңгіме тұрақтандыру аясында далалық госпитальмен бірге медиктерді жіберуге, студенттерге оқу гранттарын беруге дайын екендігіміз туралы болып отыр. Біз гуманитарлық көмек көрсетуге немесе азық-түлік жеткізуге дайынбыз. Яғни, көмектің көп бөлігі осылай көрсетіледі. Оны да бағалауға болады, түсінесіз бе? Бұл жерде қандай да бір цифрлар аталса, ол міндетті түрде ақшалай төленеді деп айтуға болмайды. Бұл — жан-жақты көмек», – деп түсіндірді вице-премьер.

Abai.kz

0 пікір