Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Күбіртке 6373 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 11:35

ШЕРЕМЕТЬЕВО ӘУЕЖАЙЫ ТМД ЕЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰР...

Abai.kz порталының оқырманы Мәскеудің Шереметьево әуежайының әр бұрышында ашықтан ашық Жириновскийдің партиясының қазақ мемлекетінің һәм ТМД елдерінің біртұтастығына қауіп төндіретін жарнамалық ролигі ойнап тұрғанын хабарлады.

ЛДПР партиясының жарнамалық ролигінің соңы "Ресей бұрынғы КСРО шекарасын қайтарып алуы керек" деген сөзбен түйінделеді.

Бұл барып тұрған - арандату. Өзге тәуелсіз мемлекеттердің тұтастығына қауіп төндіріп, бүкіл Ресей жұртшылығын жаулыққа шақыру. Жириновский КСРО-дан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекетке айналған елдердің мемлекеттілігін жоққа шығару арқылы неге қол жеткізбек?

Әрине, Жириновскийдің бұл ролигін сандыраққа балап, жылы жауып қоя салуға болар еді. Бірақ, осы сандырақты Шереметьево әуежайы жарнамалап, өткен-кеткен жолаушының санасына улы идеяны сіңіріп жатыр. Бұған біздің һәм ТМД елдерінің Сыртқы істер министрі үн қату керек деп ойлаймыз. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1531
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3312
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5981