Сейсенбі, 18 Тамыз 2026
Жаңалықтар 1513 0 пікір 13 Тамыз, 2026 сағат 14:15

Алматыда білім ордаларының қауіпсіздігі талқыланды

Сурет: Алматы қаласы Білім басқармасынан.

Алматыда Алматы технологиялық колледжінің базасында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында заңдылықты, білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметті жүзеге асыру тәуекелдерін барынша азайту мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл» тақырыбында аумақтық кеңес өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырып, оған қала прокуратурасының, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полициясының өкілдері, сондай-ақ мегаполистегі мемлекеттік және жекеменшік колледждердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін тиімді басқару, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және колледждердегі тәрбие жұмысының сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, құқық бұзушылықтардың жүйелі профилактикасын жүргізу және кәмелетке толмағандар арасында құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Жастардың заңдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Диас Ысқақ қатысушыларды жастар ортасындағы қазіргі жағдаймен таныстырып, проблемалық мәселелерді атап өтті және жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова колледж студенттері арасында құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және білім беру ұйымдарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде ведомствоаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кеңес кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және Алматы колледждеріндегі студенттердің қауіпсіз білім алуына жағдай жасауға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және басқару сапасын арттыруға бағытталған бірлескен шешімдер әзірлеуге тиімді алаң болды.

Abai.kz

0 пікір