16 Қыркүйек, 2014 сағат 14:18
Сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ақпараттық хабарлама қабылданды. Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында халықаралық автомобиль тасымалына қолайлы жағдай жасау туралы келісімге де қол қойылды.
16 Қыркүйек, 2014 сағат 13:29
Әңгіме – Мұхтар Омарханұлының Сәбит Мұқановпен арадағы қырғиқабақ дүрдараздығы туралы. Президент: Әуезов сияқты жазушының жастарға теріс үлгі қалдырғаны жараспайды – дегенді айтып жатты. Мұхтар мен Сәбиттің арасындағы қарым-қатынас бұрыннан бері шиеленісіп келе жатқан. Оны жазушылардан өзге жұртшылық та жақсы білетін. Олардың арасындағы дүрдараздық қазақ әдебиетінің қамын ойлайтын әріптестеріне аз алаңдаушылық әкелген жоқ. Мұқанов пен Әуезов – таланты жағынан да, жұртшылықтың алдындағы беделі тұрғысынан да бір-бірінен алшақ жазушылар, олардың адам ретінде өзара тіл табыса алмауының кесірінен екеуі де аз зардап шеккен жоқ, көп нәрсе жоғалтты. Қайсысының кінәсі басым – ол мен баға беретін мәселе емес. Тіпті оған тіреліп тұрған ештеңе де жоқ. Сәтбаев Мұқаңды: әдебиеттің мүддесі үшін жеке басының менмендігінен жоғары тұруға шақырды:
16 Қыркүйек, 2014 сағат 12:58
Бұл мәліметтерге қарағанда, Орта жүз - арғындардың саны 509 мың адам екен. Екінші орында - тағы да Орта жүз - найман (395 мың адам). Үшінші орында Ұлы жүздің өкілі - дулат (334 мың).
16 Қыркүйек, 2014 сағат 12:38
Бейімбет Майлин – ұлы жазушы, кемел журналист, қайраткер тұлға. Бұған ешкімнің таласы бола қоймас. Ол кешегі қанды қол саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. Осындай тұлғаға көрсетілер құрметтің бірі – оның мұражайын ашып, көл-көсір дүниесін бір жерге топтастырып, оны тәрбие мен тәлім және тағзым орталығына айналдыру. Бұл ретте, белгілі бейімбеттанушы, ғылым кандидаты Тоқтар Бейісқұлов көп шаруа тындырған еді. Сол сыйлас ағаның өзіме ертеректе жазған хатын оқырмандарға ұсынып отырмын. Хат жеке адамға жазылса да, көтерген мәселесі көптікі.