Бейсенбі, 10 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2136 0 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:00

Клинтон Ресей ықпалы туралы есепті жарияламаған Лондонды сынады

Хиллари Клинтон Ресейдің ел саясатына ықпалы туралы британ парламентінің есебін жарияламаған Лондонды "түсініксіз әрі масқара" деп сынады.

2016 жылы АҚШ президентін сайлауда Дональд Трамптан ұтылып қалып, Ресейді сайлауға килікті деп айыптаған Клинтон 12 қарашада британ халқы парламент есебімен танысуы тиіс деп мәлімдеді. Ұлыбританияда 12 желтоқсанда өтетін жалпыұлттық сайлауға бармас бұрын, сайлаушы бұл мәліметті білуі тиіс деп есептейді Клинтон.

"Үкіметтің бұл есепті жарияламайтынына таңқалдым, өйткені бұл елдегі әрбір сайлаушы дауыс берерден бұрын онымен танысуы тиіс. Ресей батыс демократиясында өзіне тиімді саясат қалыптастыруға тырысатынына күмән жоқ" деді ол.

Парламенттің барлау және қауіпсіздік жөніндегі комитеті дайындаған баяндаманы арнайы қызмет тексерген, дегенмен премьер-министр Борис Джонсон кеңсесі оны жариялауға рұқсат бермей отыр. Британ үкіметі есепті жарияламас бұрын, оның ұлттық қауіпсіздікке тигізер салдарын зерттеп алу керек деп есептейді.

Парламент комитеті Ресейдің Лондонға қарсы бағытталған белсенділігі, соның ішінде 2016 жылы Еуроодақтан шығуға қатысты референдумға араласуы мүмкін екендігі туралы мәлімдемелерді тексерген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1692
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4450
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3443